Балға қалай бармақ малмақ, Майға қалай бармақ малмақ
Жаңылтпаштар
Төмендегі жаңылтпаштар дикцияны түзетуге, сөйлеуді анық етуге және тілдің икемін арттыруға көмектеседі. Оларды асықпай бастап, біртіндеп жылдамдатып оқып көріңіз.
Қыс, мұз, құс
Қыста құстар қыстап,
Қыста мұздар тыста.
Ерке тәтем
Ерке тәтем — тәте тәтем.
Нар, нән
Өрістегі әр нар — нән нар.
Нар — нән мал.
Көзе, жез
Көзе жез —
Тозбас тез.
Бәйге
Бәйгеге ат қоссаң — қос, озса.
Озбаса — бос қозға. Қоспа.
Асық
Асықты тіздік,
Атын оны үздіксіз.
Біз бұздық.
Базардағы ет
Базарда ет көп.
Қалай өтпек ет?
Текке өтпек ет.
Терле, өрле
Терле, жер —
Өрле, өр.
Адастық
Адастық.
Із үзілді.
Түс бұзылды.
Бір баста
Бір баста:
Қос құлақ,
Қос қас,
Қос көз.
Қалқаман
Қалқаманға Қалқаман барған.
Қалқаман Қалқаманда қалған.
Көкбет
Көп көкбеттенгенің не?
Көп көкбеттенбегенің жөн.
Нан
Нан ал.
Нан — әл.
Нан — нәр.
Мақсат
Мақсат: байқап бақсақ,
Жаңсақ айтпау — мақсат.
Қоста
Тос, достым, осы қоста.
Басқа қоста босқа тоспа.
Шыңның шыны
Шыңның шыны —
Мылжыңдығы мұның міні.
Түйме мен ине
Түймені түйнемейді, инені түйнейді.
Инені түймелемейді, түймені түймелейді.
Күнә, кешірім
Күнәсін еш кешпес,
Бірақ бас кеспес,
Көз теспес.
Қайта-қайта
Қайта-қайта қайталаудан пайда қайда?
Қайта-қайта қайталаудан қайта пайда.
Тең
Түйеге көң теңде,
Көңді тең теңде.
Екі тең көң теңде.
Ұйқы
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.
Құралсыз
Кім оқу-құралсыз?
Тұрар құралсыз,
Құмар құралсыз.
Қошқар
Көш бастар — қос қошқар.
Үш құс
Шошытқан үш құсты,
Шошып үш құс ұшты.
Балға, май
Балға қалай бармақ малмақ,
Майға қалай бармақ малмақ.
Авторы: Ескен Елубаев