Тәуке - Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, №6 орта мектеп

Тарих пәні мұғалімі: Мәмбетова Асылай Пернебайқызы

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылар ханның атқаратын қызметін, билердің тарихтағы орны мен қызметін, сондай-ақ жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырлары туралы кең көлемде мәлімет алады.
  • Мәтінді оқып, талдайды және бағалайды.
  • Сыни ойлау дағдылары дамып, өз пікірін дәлелдеп айтуға үйренеді.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар хандарды, билерді және батырларды бір-бірінен ажырата алады.
  • Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, тапсырмаларды орындайды.
  • Тарихи тілде сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Сабақтағы іс-әрекет

Топтық жұмыс Жұптық жұмыс Жеке жұмыс Тарихи тұлғалармен жұмыс Терминдермен жұмыс Хронологиямен жұмыс Мәтінмен жұмыс Тестпен жұмыс

Ақпарат көздері

  • Оқулық
  • «Қазақстан тарихынан әңгімелер», 5-сынып (Ж. О. Артықбаев, Ә. Ә. Сабданбекова, Е. А. Әбіл). Алматы: «Атамұра», 2015.
  • «Аңыз адам» журналы, ғаламтор және басқа қосымша дереккөздер

Сабақ құрылымы: кезеңдер мен тапсырмалар

Сабақ Блум таксономиясының деңгейлеріне сүйене отырып ұйымдастырылды: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау. Әр кезеңде оқушының белсенді әрекеті мен өзара бағалау тәсілдері қарастырылды.

I. Ұйымдастыру

5 минут • Деңгейі: Білу

Психологиялық ахуал

Мұғалім әрекеті

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру («Ризамын» әдісі): «Мен сіздерге білім беріп жатқаныма ризамын».
  • Хан, би, батыр атаулары жазылған үлестірмелер арқылы 3 топқа бөлу: «Қазақ хандары», «Қазақ билері», «Қазақ батырлары».

Оқушы әрекеті

  • Ризашылық білдіріп, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
  • Үлестірме қағаздағы атауларға сай топтарға бірігеді.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын бірлесіп айқындайды.

II. Тарихи тұлғалармен жұмыс

10 минут • Деңгейі: Түсіну • Топтық жұмыс («Мен білемін»)

Өзара бағалау: «Басбармақ»

Қазақ хандары

  • Керей мен Жәнібек — 1465 жылы құрылған Қазақ хандығының негізін қалаған алғашқы хандар. XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандық құрамынан бөлініп, тайпаларды бастап Жетісуға қоныс аударады.
  • Қасым хан — Әз-Жәнібек ханның ортаншы ұлы, Қазақ хандығының күшеюі мен нығаюына зор үлес қосқан ұлы хан.
  • Тәуке хан — Салқам Жәңгір ханның ұлы. 1680 жылы билікке келіп, ел басқаруда тәжірибесі мол, көреген басшы әрі реформатор ретінде танылды.

Қазақ билері

  • Төле би — Ұлы жүздің бас биі, шешен, қоғам қайраткері. Қазыбек пен Әйтеке билердің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі.
  • Қазыбек би — Орта жүздің бас биі, мәмілегер, мемлекет қайраткері. Төле және Әйтеке билермен бірге «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан.
  • Әйтеке би — Кіші жүздің сөзін ұстаған әйгілі би, үш бидің бірі. Қазақ хандығының бірлігін нығайтуға үлес қосқан.

Қазақ батырлары

  • Бөгенбай батыр — Қанжығалы Бөгенбай. 1680 жылдары Түркістан өңірінде дүниеге келген, 1778 жылы қайтыс болып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген.
  • Қабанбай батыр — Қаракерей Қабанбайдың шын есімі Ерасыл. 1750 жылдардағы жоңғарларға қарсы ірі шайқастарда ерлік көрсетіп, Абылай ханның жарлығымен «Дарабоз» атанған.
  • Наурызбай батыр — Шапырашты Наурызбай. 20 жасынан жоңғарлармен шайқастарға қатысып, жекпе-жектегі ерлігімен елге танылған.

III. Терминдермен жұмыс

5 минут • Деңгейі: Қолдану • Жұптық жұмыс («Ойлан, жұптас, бөліс»)

Өзін-өзі бағалау: геометриялық фигуралар
Хан
Орта ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы. Билік мұрагерлік жолмен берілген. Хан мемлекеттік маңызы бар өкілеттіктерге ие болып, өз атынан жарлық шығара алған.
Би
Ежелгі дәуірде соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған тұлға. Билер бір ауыз сөзбен күрделі дауды әділ шешіп, ел ішіндегі тәртіп пен бірлікті сақтауға ықпал еткен.
Батыр
Әскери өнерді меңгерген, жауға қарсы ерлігімен танылған қаһарманға берілетін құрметті атақ. Батыр атағы мұрагерлікпен берілмейді, ол жеке ерлік арқылы алынады.

IV. Хронологиямен жұмыс

5 минут • Деңгейі: Талдау • Жеке жұмыс («Ойлан, ізден»)

Өзара бағалау: «Бағдаршам»

Хандар

  • 1465Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының іргесін қалады.
  • XVI ғ.Қасым хан хандық аумағын кеңейтіп, мемлекетті нығайтты.
  • 1680–1715 (1718)Тәуке хан билік етті.

Билер

  • 1663–1756Төле би
  • 1667–1764Қазыбек би
  • 1682–1766Әйтеке би

Батырлар

  • 1680–1778Бөгенбай батыр
  • 1691–1769Қабанбай батыр
  • 1706–1781Наурызбай батыр

V. Мәтінмен жұмыс

10 минут • Деңгейі: Жинақтау • Топтық жұмыс («Бірге ойлаймыз»)

Өзара бағалау: смайлик

Кесте: Қазақ хандары

  • Хандар
  • Өмір сүрген уақыттары
  • Ел үшін атқарған істері

Топтар мәтін бойынша кестені толтырып, сызба/кесте арқылы қорғайды.

Кесте: Қазақ билері

  • Әйгілі билер
  • Өмір сүрген уақыты
  • Нақыл сөздері

Оқушылар дәлел келтіріп, қысқа қорытынды жасайды.

Кесте: Қазақ батырлары

  • Батырлар
  • Өмір сүрген уақыты
  • Шын есімі және берілген аты

Негізгі деректерді нақтылап, кестеге түсіру ұсынылады.

VI. Тестпен жұмыс

5 минут • Деңгейі: Бағалау

Жеке жұмыс
  1. 1) Қазақ хандары әулетінің арғы атасы кім?

    • AБұрындық
    • ӘШағатай
    • БМөңке
    • ВЖошы
  2. 2) Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан әдет-ғұрыптық құқықтық заң жинағын атаңдар.

    • AТөре бітігі
    • ӘЖеті жарғы
    • БҚылмыстық заң
    • ВЖарғы
  3. 3) Дана әрі әділдігімен атағы шыққан хан:

    • AБұрындық
    • ӘТәуке
    • БЖошы
    • ВСалқам Жәңгір
  4. 4) «Дарабоз» атанған батыр:

    • AБөгенбай
    • ӘНаурызбай
    • ББатыр Баян
    • ВҚабанбай
  5. 5) Бөгенбай батырдың өмір сүрген уақыты:

    • A1691–1769
    • Ә1706–1781
    • Б1710–1757
    • В1680–1778

Әр оқушы тест тапсырмаларына жауап береді. Нәтижелер талданып, қателер бойынша қысқа кері байланыс беріледі.

VII. Қорытынды бағалау

5 минут • Блум таксономиясы бойынша қорытынды

Өзін-өзі және өзара бағалау

Хандардың тарихи маңызы

Оқушылар хандардың мемлекет басқарудағы рөлін, ел бірлігін сақтаудағы жауапкершілігін нақты деректермен дәлелдеп бағалайды.

Билердің қоғамдағы орны

Оқушылар билердің әділдік пен құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы ықпалын, шешендік пен мәмілегерлік қызметін саралайды.

Батырлардың ерлік мектебі

Оқушылар батырлардың ел қорғаудағы ерлігін, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі тарихи үлесін негіздеп қорытынды жасайды.

Рефлексияға бағытталған сұрақ

«Хан, би, батыр — үшеуінің әрқайсысы қазақ қоғамында қандай міндет атқарды және олардың бірлігі ел тағдырына қалай әсер етті?»