Жас ұлан әні
Іс-шара туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасына қарасты тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Әнші болғым келеді» үйірмесінің жетекшісі Бекенбаева Ақсұлудың ұйымдастыруымен «Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді!» атты Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әндер байқауы өткізілді.
Байқау барысында оқушылар соғыс жылдарына арналған әндерді орындап, өз өнерлерін көрсетті. «Әнші болғым келеді» үйірмесіне қатысып, белсенділік танытқан оқушыларды интернат директоры Тилепова Айгүл Өтегенқызы марапаттады. Іс-шара жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. Осыған байланысты көпшілікке байқау сценарийі ұсынылып отыр.
Құрастырған
Умарова М. И.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ұйымдастырушы
Бекенбаева Ақсұлу
«Әнші болғым келеді» үйірмесінің жетекшісі
Тақырыбы
«Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді!»
Мақсаты
- Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге және оны қорғауға баулу; Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру.
- Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру; ой-өрісін дамыту; ерлікті құрметтеуге, сыйлай білуге және қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Слайдтар, нақыл сөздер, түрлі-түсті шарлар, гүл шоқтары.
Барысы
Кіріспе
Әнұран орындалады.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Қасірет шегіп, қан кешіп, Жеңіске жеткен күн еді!» атты «Әнші болғым келеді» үйірмесі ұйымдастырған концерттік бағдарлама балалық шақ пен бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңіске арналады.
Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштер мен обелисктерге барып, жауынгерлер бейнесіне гүл шоғын қояды, батырлар есімін еске алады.
Қазір интерактивті тақтадан «Жойылсын соғыс» атты бейнебаянды тамашалайық.
Жеңіс күні туралы
Біз үшін Жеңіс күнінен қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша ұмытылмас әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта жетелейді.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса да қай ғасырды, қай күні.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат-қайғыны.
Бір минут үнсіздік.
Өткізу форматы
- Соғыс жылдарындағы әндерді орындау.
- Өлең жолдары мен жүргізуші мәтіндері арқылы тарихи-рухани мазмұнды күшейту.
- Қатысушыларды марапаттау және қорытынды тілек.
Нөмірлер тізімі
Төмендегі бөлімде концерттік бағдарламадағы нөмірлер реті берілген.
-
1) «Жеңіс туы желбіреп»
ӘнӨрт лаулап, бұрқырап қорғасын,
Шеңгелін қанды ажал жайғанда,
Ойрандап жауыздың ордасын,
Болдық біз найзағай майданда!
Жеңіс туы, Жеңіс туы —
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры, Жеңіс жыры —
Асқақтасын жаңғырып! -
2) «Шығыстың қос жұлдызы»
ӘнСонау жылы жер-көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк апамыз
Жаудан елді қорғаған.
Айтамыз біз өлең ғып,
Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі
Ұмытылмас мәңгілік. -
3) «Көк ту»
ӘнБел шешіп, қабағын ашпаған,
Бой жазды күлімдеп қалың ел.
Әлемді апаттан сақтаған,
Жеңіспен оралды жауынгер!
Жеңіс туы, Жеңіс туы —
Желбіресін мәңгілік! -
4) «Катюша»
Квартет «Балдырған»В девятый день ликующего мая,
Когда легла на землю тишина,
Промчалась весть от края и до края:
Мир победил! Окончена война! -
5) «Жас ұлан»
2 «А» сынып, «Ұлан» триосыОтаным, еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде.
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары. -
6) «Қазақ жігіттері»
3 «Ә» сыныпҰлы Жеңіс мерекесі көктемнің шуақты күнімен қатар келіп отыр. Еліміздің кең даласы талай сынақты бастан өткерді. Сол ерліктің бір айғағы — Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс.
-
7) «Катюша қыз»
ӘнЗымырап жылдар өтеді,
Жанымыз жауға ызалы.
Соғыста өлген атаны,
Бөбегім, сен де ұмытпа. -
8) «Сапқа сарбаздар»
4 «А» сынып, «Бақыт» квартетіОлар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады,
Самал ескен даласын қорғады,
Пәк жүзді арай баласын қорғады. -
9) «Қазақтың елі»
1 «А» сынып, «Балауса» дуэтіЖасасын Жеңіс! Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қаншама адам ерлік жасап майданда,
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың! -
10) «Аспаным»
ӘнМен соғысты жек көрем!
Күні ертең-ақ ер жетем!
Туған жерді әлпештеп,
Кірпік ілмей тербетем! -
11) «Смуглянка»
Квартет «Дружба», 4 «Б» классВ эти дни, когда оживает природа, мы особенно остро ощущаем, как прекрасна жизнь и как она нам дорога. Мы понимаем, что за всё, что у нас есть — за жизнь и за каждый праздник — мы обязаны тем, кто воевал, погибал и выживал в тех адских условиях, когда, казалось, выжить было невозможно.
За этим праздником — страшное время войны, разруха и миллионы смертей. В год Великой Победы мы вспоминаем тех, кого с нами нет, и поздравляем тех, кто дошёл до этого светлого дня.
-
12) «Қазақ жастары»
Қорытынды әнЖасасын Жеңіс! Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қаншама адам ерлік жасап майданда,
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Қорытынды
Балалар, Отанды сүйіп, қастерлей біліңдер. Ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар. Халқымыздың ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбірей берсін.
Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсіңдер. Елге қауіп төнбесін, егестен адам өлмесін! Есен-аман болайық, енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!