Эндоплазмалық тор
Сабақ тақырыбы
Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
«Жасуша құрылысы мен қызметі» тақырыбын интерактивті тәсілдер арқылы меңгертіп, оқушыны шығармашылыққа баулу.
2) Дамытушылық
Тараудағы негізгі мәселелерге назар аударта отырып, оқушының пәнге қызығушылығын дамыту.
3) Тәрбиелік
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, тапсырманы жылдам әрі сапалы орындауға, алған білімін іс жүзінде қолдануға және жаңа технологиялармен тиімді жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың ұйымдастыру параметрлері
- Сабақтың түрі
- Аралас
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, тест жұмысы, суреттермен жұмыс
- Сабақтың көрнекілігі
- Интерактивті тақта, суреттер, кестелер, оқулық
Сабақтың барысы
- 1 Ұйымдастыру.
- 2 Үй тапсырмасын тексеру.
«Шыңға шығу» әдісі
Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, дұрыс нұсқаны таңдаңыз.
Формат
Көп таңдаулы тест
1) Жасушаны ашқан ғалым
- A) И. Ивановский
- B) Р. Гук
- C) Д. И. Менделеев
- D) И. Мечников
- E) Я. Беккори
2) Өсімдік пен жануар жасушасында цитоплазмамен тікелей байланысқан ішкі қабат
- A) Плазмалемма
- B) Пластид
- C) Вакуоль
- D) Мембрана
- E) Митохондрия
3) Жасуша ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат
- A) Вакуоль
- B) Цитоплазма
- C) Мембрана
- D) Гольджи жиынтығы
- E) Эндоплазмалық тор
4) Эндоплазмалық торды 1945 жылы К. Портер микроскоп көмегімен қай ұлпадан анықтады?
- A) Раушан гүлінің ұлпасынан
- B) Тауық балапанының ұлпасынан
- C) Қан жасушасынан
- D) Қосмекенділерден
- E) Сүтқоректілерден
5) Жасушаның ас қорыту мүшесі
- A) Гольджи жиынтығы
- B) Лизосома
- C) Вакуоль
- D) Рибосома
- E) Ядро
6) Жасуша мембраналары арқылы ірі бөлшектердің өтуі
- A) Пиноцитоз
- B) Фагоцитоз
- C) Көбею
- D) Фотосинтез
- E) Сүзілу
Дұрыс жауаптар
- 1 — A
- 2 — A
- 3 — B
- 4 — B
- 5 — B
- 6 — B
Жасуша туралы негізгі тұжырымдар
- Жасуша — барлық тірі ағзалардың ең кіші құрылымдық және қызметтік бірлігі.
- Әртүрлі ағзалардың жасушаларының құрылысы, химиялық құрамы, зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері жалпы ұқсас.
- Жасушалар аналық жасушаның бөлінуі арқылы пайда болады.
Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттері
Зат алмасу
Жасуша мен қоршаған орта арасында тыныс алу, қоректену және қажетсіз өнімдерді шығару арқылы үздіксіз зат алмасу жүреді.
Тітіркенгіштік
Жасушалар сыртқы ортаның әртүрлі тітіркендіргіштеріне жауап береді. Қозғыштық — барлық тірі ағзаларға тән қасиет.
Көбею
Көбею жасушаның бөлінуі арқылы жүзеге асады: алдымен ядро, содан кейін цитоплазма екіге бөлінеді. Әрбір бөлінудің алдында хромосомалар ұзынынан екі еселеніп, ажырайды да, жаңа жасушаларға бөлінеді.
Өсу және даму
Зат алмасудың нәтижесінде жай заттардан күрделі органикалық қосылыстар — нәруыздар, майлар, көмірсулар — түзіледі. Осы заттардың түзілуі мен жинақталуына байланысты цитоплазма мен ядро қалыптасып, жасуша өседі және дамиды.