Қармақ - балық аулайтын құрал
Рухани жаңғыру: тұрмыстық және шаруашылық саймандары
Құрал-сайман — шаруашылықта қолданылатын еңбек құралы. Төмендегі тізім қазақтың дәстүрлі тұрмысында кең қолданылған бұйымдар мен олардың қызметін жүйелейді.
Егіншілік және жер жұмыстары
Жер қазу, шөп жинау, егін ору секілді күнделікті еңбекте қолданылатын құралдар.
- Айыр
- Шөп үйуге, жинауға арналған 3–4 тісті темір құрал, сабы ағаштан жасалады.
- Күрек
- Темірден жасалған, сабы ағаш күреу құралы.
- Кетпен
- Жер қазатын құрал.
- Орақ
- Егін оратын құрал.
- Бел орақ
- Шөп пен қамыс шабатын құрал.
- Шот
- Ағаш шабуға арналған үй құралы.
- Шотаяқ
- Шөп суыруға арналған құрал.
- Жады
- Малға құрақ, сабан, жүгеріні турап беретін құрал.
Көлік және тасымал
Жазғы және қысқы көшіп-қону, жүк және адам тасымалына арналған бұйымдар.
- Арба
- Жазда көлікке жегілетін, 2–4 дөңгелекті тасымал құралы.
- Шана
- Қыста көлікке жегілетін тасымал құралы.
- Күймелі арба, күймелі шана
- Адам отыратын жабық арба немесе шана.
- Ат шана
- Жеңіл әрі әсемделіп жасалған шана.
- Мала
- Шөп пен қамыс таситын шананың бір түрі.
- Қорап
- Шыбықтан тоқылған шанаға салынып, әртүрлі зат тасуға арналған құрал.
- Сүйретпе
- Екі басын ат арқасына салып, зат сүйрететін ағаш құрал; үстіне адам да отыра алады.
От, ошақ және ас дайындау
Ошақ түрлері, от жағу және қазан-аяққа қатысты құралдар.
- Мосы
- Шәйнек іліп, отқа қоюға арналған үш аяқты мүлік.
- Темір ошақ
- Қазан асуға арналған үш аяқты темір мүлік.
- Жер ошақ
- Жерден қазылып, қазан асатын орын.
- Көсеу
- От көсейтін темір.
- Шімшуір
- Шоқ ұстайтын темір құрал.
- Тұтқыш
- Қол күймес үшін қазан құлағын ұстайтын киіз қалта.
- Оттық
- От шығаратын күкіртті зат.
- Шақпақ тас
- Бір-біріне соғып, от шығаратын тас.
Ұн тарту, дән түю және нан қамыры
Диірмен бөлшектері мен тағам дайындауға қажет аспаптар.
- Диірмен
- Ұн тартатын тас құрал.
- Еркек тас
- Диірменнің астыңғы беті.
- Ұрғашы тас
- Диірменнің үстіңгі беті.
- Шүлдік
- Еркек тастың ортасындағы кіндік (темір бөлік).
- Бақалақ
- Ұрғашы таста кіндік кіретін ағаш қалақша.
- Келі
- Тары түйетін құрал.
- Келісап
- Келінің ішіндегі тарыны түйетін құрал.
- Оқтау
- Қамыр жазатын жұмыр ағаш.
- Нантақтай
- Қамыр илейтін және оқтаумен жазатын тегіс, жалпақ тақтай.
- Елеуіш
- Ұн елейтін, дөңгелек жиекті, торкөзді бұйым.
- Диірмен тері
- Диірменнің астына төсейтін төсеніш.
Су тасу, сақтау және тұрмыстық керек-жарақ
Көшпелі тіршіліктегі күнделікті пайдаланылатын ұсақ, бірақ маңызды бұйымдар.
- Иінағаш
- Иыққа салып су таситын мүлік.
- Қоржын
- Жолаушы аттың артына бөктеретін, керек-жарағын салатын қос қалталы бұйым.
- Қанар
- Жүн салатын үлкен қапшық.
- Қап, қапшық
- Бұйым салуға арналған, жүннен не қалың матадан тігілетін қап түрлері.
- Орындық
- Адам отыратын отырғыш.
- Орындық (тіреу)
- Саба, мес астына қоятын төрт аяқты мүлік.
- Шошала
- Артық зат пен құрал-жабдық қоятын үйшік.
Тазалық, күтім және ұсақ тұрмыстық заттар
Жуыну, үй жинау, киім-кешек және жеке күтімге қатысты бұйымдар.
- Сүлгі
- Жуынғанда сүртінетін түкті мата (орамал).
- Орамал
- Қол сүртуге және жуылған ыдысты сүртуге арналған мата.
- Майлық
- Майлы, кірлі заттарды сүртетін шүберек.
- Сыпырғыш
- Ірі құс қанатынан немесе шілік, жусаннан буып жасалған үй сыпыратын мүлік.
- Ұстара
- Сақал-мұрт, шаш алатын өткір құрал.
- Бәкі
- Қалтаға салып жүретін шағын пышақ.
- Насыбай тостаған
- Насыбай үгуге арналған ыдыс.
- Үккіш
- Насыбайды үгетін шоқпар.
- Түбіттарақ
- Түбіт түтетін темір тісті ағаш құрал.
- Қырғыш
- Ыдыс түбіндегі қаспақты қырып алатын темір құрал.
Қолөнер, жөндеу және өткір құралдар
Күнделікті жөндеу жұмыстары мен кесу-қайрауға арналған саймандар.
- Ара, балға, балта, тістеуік
- Тұрмыста кең қолданылатын жөндеу және өңдеу құралдары.
- Қайрақ
- Пышақ пен балтаны қайрайтын тас.
- Алмас
- Шыны кесетін құрал.
- Пышақ
- Тамақ пен түрлі заттарды кесетін аспап.
- Лөкет
- Мал соятын үлкен пышақ.
- Қын
- Пышақты салып жүретін қап.
- Тоқпақ
- Қазық қағатын ағаш құрал.
- Жаңғырық
- Ағаш шапқанда астына қоятын дөңбек.
Аңшылық және балықшылық
Табиғатпен етене тірлікте кең тараған аулау құралдары.
- Ау
- Балық аулайтын құрал.
- Қармақ
- Балық аулайтын құрал.
- Жұтпа
- Балықты тірідей шаншып, шортан аулауға арналған қармақ түрі.
- Қаза
- Қамыстан тоқылып жасалатын балық аулау құралы; екі жағында балық түсетін «қоржындары» болады.
- Сүзекі
- Қазадағы балықты сүзіп алатын торкөз құрал.
- Қайық
- Өзеннен өтуге және жазда балық аулауға арналған құрал.
- Қақпан
- Аң аулайтын темір құрал.
- Тұзақ
- Сымнан немесе қылдан жасалатын аңшылық құралы.
- Сүймен
- Мұз оятын құрал.
- Қалжуыр
- Үш қармақты темір құрал.
Дәстүр, дін және тұрмыстық ұғымдар
Тұрмыстың рухани қырына қатысты бұйымдар мен атаулар.
- Жайнамаз
- Намаз оқитын жайма, төсеніш.
- Тәсбиық (тәшбиық)
- Намаздан кейін мінәжат етуге арналған моншақ тізбегі.
- Кісен
- Ұрлықтан сақтану үшін аттың аяғына салынатын құлып түрі.
- Күрсі
- Кітап оқығанда астына қоятын шағын орындық.
Сабын қайнатуға қатысты атаулар
Тазалық мәдениетінде сабын қайнату — шаруашылықтағы маңызды істердің бірі. Бұл бөлімде соған қатысты дәстүрлі атаулар берілді.
- Сақар
- Қурайды өртеп алатын тұнба.
- Сабын (кір сабын)
- Сақарға мал майын араластырып, қайнатып жасалатын кір кетіргіш қоспа.
- Бұзаушық
- Кішкентай сабын.
- Алқынды
- Сабынның әбден жұқарған қалдығы.
Құрастырушы
Әзірлеген: Бегімхан Керімханұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.