Бағалауын оқыту
Ақтау қаласы
№28 жалпы білім беру орта мектебі КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Изтурганова А.Ж.
Сабақтың тақырыбы
Сөзжасам. Сөз тұлғасы мен сөз құрамы.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларға сөзжасам, сөз тұлғасы және сөз құрамын меңгерте отырып, сөз жасаудың амал-тәсілдерін түсіндіру. Ізденімпаздығын арттыру арқылы ой-өрісін кеңейту. Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын көтеру, шығармашылық қабілетін дамыту.
2) Тәрбиелік
Оқушыларды ынтымаққа, ізгілікке, адамгершілікке баулу. Өзара сыйластық қасиетін қалыптастыра отырып, адалдыққа тәрбиелеу.
3) Дамытушылық
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Жүрекше стикерлер арқылы топқа бөлу.
- «Жүректен жүрекке»: өзін таныстырып, жылы сөз айту (2 минут).
- Топ басшысын сайлау. «Ортада қаламсап» әдісі.
- Таймкипер сайлау.
- Мұғалімнің кіріспе сөзі: бүгінгі сабақ ерекше, себебі қонақтар қатысады.
Үй тапсырмасын тексеру
Топ басшылары үй тапсырмаларын қарап, ең үздік шығарманы оқытады. 30–31-жаттығу (5 минут).
Бағалау парақшаларын тарату.
2) Қызығушылықты ояту
Суретпен жұмыс
Оқушыларға суреттер көрсетіледі (жол, екі бала). «Жолдастық» сөзін айтқызу және сурет бойынша сөйлем құрастыру (1 минут).
Сәйкестендіру тәсілі
Берілген бөліктерді сәйкестендіру арқылы сөз жасау (1 минут):
Негіздер
Біл, кітап, тас, сынып, сап, қалам, постерге
Қосымшалар
-хана, -ім
Постер қорғау
Постер дайындау — 6 минут, қорғау — 4 минут.
- 1-топ: Сөзжасам
- 2-топ: Сөз құрамы
- 3-топ: Сөз тұлғасы
- 4-топ: Сөздің түрлері
Қорытындылау: слайд арқылы (2 минут).
3) Бекіту және талдау жұмыстары
32-жаттығу
Барлық 4 топқа бірдей тапсырма беріледі. Топ басшысы екі оқушыға екі сөзден оқытады (4 минут).
Міндет: сөздерді оқып, құрамын ажыратып, ауызша талдау жасау.
33-жаттығу
Мақал-мәтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажырату. Әр топқа бір мақалдан беріледі (4 минут).
1-топ
Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас.
аға — түбір, -сыз — жұрнақ; бол — түбір, -ма — жұрнақ, -с — жұрнақ.
2-топ
Ақылды адам елге қарайды. Ақылсыз адам өрге қарайды.
ақыл — түбір, -ды — жұрнақ; ел — түбір, -ге — жалғау (барыс септік); ақыл — түбір, -сыз — жұрнақ.
3-топ
Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды.
береке — түбір, -лі — жұрнақ; ел — түбір, -дің — жалғау (ілік септік); бет — түбір, -ін — жалғау.
4-топ
Жолдасын таппаған ер азады.
жол — түбір, -дас — жұрнақ, -ын — жалғау; тап — түбір, -па — жұрнақ, -ған — жұрнақ; аз — түбір, -а — жұрнақ, -ды — жалғау.
4) Шығармашылық тапсырма
1-тапсырма: «Саяхат»
Ғаламтордан Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі туралы мәлімет тауып, сол деректер негізінде саяхат жетекшісінің сөзін жазып дайындаңдар (5 минут).
Құрал: семантикалық карта.
5) Сергіту және жедел сұрақтар
Сергіту сәті
Сергіту жаттығулары (4 минут).
«Блиц» (шұғыл) сұрақтар
4 оқушы шығып, рөлдік сөздерді таңдайды: «Мұғалім», «Аспаз», «Мектеп директоры», «Оқушы». Сұрақтарға жауап береді. Бағалауды топ басшылары жүргізеді.
6) Ойын: «Кім жылдам?»
а) Бірігу арқылы жасалған сөздер
Менің сыныптастарымның есімдерінен бірігу жолымен жасалған сөздерге мысал келтіру.
ә) Жер-су атаулары
Бірігу жолымен жасалған жер-су аттарына мысалдар келтіру.
Қорытынды бағалауды жариялау (2 минут).
Үй тапсырмасы
Диалог құру
«Адам ақылды болып туа ма, әлде қалыптаса ма?» сұрағы төңірегінде диалог құрап келу.
Қайталау
Ережені жаттау және өткен материалдарды қайталап келу (1 минут).