Жалаң сөйлемді тап

Жалаң және жайылма сөйлемдер

Бұл сабақтың негізгі өзегі — жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру, әрі сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білу дағдысын қалыптастыру.

Білімділік мақсаты

  • Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру.
  • Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету.
  • Сөйлем мүшелеріне талдау жасау дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты

  • Жай сөйлем туралы білімді тереңдету.
  • Оқушылардың ой-өрісін және тіл байлығын кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты

  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
  • Сауатты, таза жазуға дағдыландыру.
  • Еңбексүйгіштікке баулу.

Түрі

Жаңа сабақты өздігінен меңгерту

Әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, талдау

Көрнекілік

Постер, тапсырмалар, суреттер

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, әдебиет

Ұйымдастыру кезеңі

Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені —
Болашағым, бақытым, дара тілім.

Топқа бөліну

Түстер арқылы 3 топқа бөлінеді:

  1. 1Бастауыш тобы
  2. 2Тұрлаусыз мүшелер тобы
  3. 3Баяндауыш тобы

Үй тапсырмасын сұрау

Қайталау және бағалау

Бағалау парақтары топ басшыларына таратылады. Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіріп, ұққанын айтып, ұмытқанын жаңғыртады.

Ескерту: сұрақ-жауап форматы

Қайталау сұрақтары

  1. 1)Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
  2. 2)Жай сөйлем дегеніміз не?
  3. 3)Жай сөйлемнің түрлері қандай?
  4. 4)Жалаң сөйлем дегеніміз не?
  5. 5)Жайылма сөйлем қалай жасалады?

Жаңа сабақты түсіндіру

Бақылау арқылы түсіну

Тақтаға сөйлемдер жазылып, сөйлем мүшелеріне талдау жасалады:

Жаңбыр жауып тұр.

Тұрлаусыз мүше жоқ.

Қоңырау соғылды.

Тұрлаусыз мүше жоқ.

Қорытынды сұрақ

Қандай ерекшелік байқадыңдар? Екі сөйлемде де тұрлаусыз мүшелер қатыспайды, сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден құралады.

Жалаң сөйлем

Жалаң сөйлем — тек тұрлаулы мүшелерден (бастауыш пен баяндауыштан) тұратын жай сөйлем.

Негізгі тірек

Бастауыш + Баяндауыш

Жайылма сөйлем

Жайылма сөйлем — тұрлаулы мүшелермен бірге тұрлаусыз мүшелері (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) қатысқан жай сөйлем.

Негізгі тірек

Бастауыш + Баяндауыш + тұрлаусыз мүшелер

Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру

Берілген сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелер қосу арқылы сөйлемді кеңейтуге болады:

Жалаң

Жаңбыр жауып тұр.

Жайылма

Жаңбыр себелеп жауып тұр.

Жалаң

Қоңырау соғылды.

Жайылма

Қоңырау шыр етіп соғылды.

Назар аударатын тұжырым

Жайылма сөйлем жалаң сөйлемнің негізінде құралады: алдымен тұрлаулы мүшелер, кейін тұрлаусыз мүшелер қосылып, ой кеңейеді.

Талдауға арналған мысалдар

Жақсы сөз жалын мен оттан жаралады.

Сөйлем мүшелерін анықтаңдар.

Қызықты кітапты оқи бергің келеді.

Жалаң/жайылма екенін дәлелдеңдер.

Оқулықпен жұмыс: жаттығулар

15-жаттығу

Берілген жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыр:

  • Тау мұнартады.
  • Өсімдік көктейді.
  • Жел тұрды.
  • Шық түсті.
  • Бұлт қаптады.

17-жаттығу

Жайылма сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда:

  • Депутат сайлаушылармен кездесті.
  • Ар алтынмен өлшенбейді.
  • Күзгі суық өңменінен өтті.
  • Дулат ертең ауылға жүрмекші.
  • Аңшы қақпан құрды.
  • Құсбегі бүркіт салды.

19-жаттығу (ауызша)

Екінші сөйлемде сөйлем қалай «жайылып» тұрғанын байқаңдар (пысықтауыш қосылған):

Жұп 1

Атам қыстауға келді.

Атам бүгін қыстауға келді.

Жұп 2

Ақан мектептен келді.

Ақан мектептен қазір келді.

Жұп 3

Хамит Болатпен сөйлесті.

Хамит Болатпен бүгін сөйлесті.

Жұп 4

Қонақтар көрмеде болды.

Қонақтар кеше көрмеде болды.

20-жаттығу

Суретке қарап әңгіме құра. Құрастырған әңгімеңнен жалаң және жайылма сөйлемдерді тауып, дәлелде.

Ойын элементтері және қосымша тапсырмалар

«Тапқыр болсаң, тауып көр» (18-жаттығу)

Сөзжұмбақты шеш:

  1. Табиғи дарын, ерекше қабілет.
  2. Тор құратын жәндік.
  3. Үстінен пойыз, трамвай доңғалағы жүретін болат жол.
  4. Сан.

«Теріп жазып, түсіндір» (21-жаттығу)

Қарамен берілген сөздерді теріп жазып, сөйлем құра. Соның нәтижесінде тағы бір мақал шығады.

Аузында сөзі тұрмастың, бір жерде өзі тұрмас.

Сөз асылы — кітапта.

Көп сөз — көмір, аз сөз — алтын.

Оқу тапса, білім қонар.

Топтық тапсырмалар

1-топ

Адасқан әріптерден сөйлем құрастыр.

2-топ

«Өрмекші» сөзіне сөзжасамдық талдау жаса.

3-топ

«Жұлдызды сағат»: сағат тілі бағытымен мақал құрастырып шық.

Өзара бағалау

Әр топ бір-бірін бағалайды: саусақ әдісі, «бағдаршам», «отшашу» тәсілдері арқылы.

Жинақтау: тест

  1. 1.Жай сөйлем дегеніміз не?
  2. 2.Жай сөйлем ........ және ........ болып екіге бөлінеді.
  3. 3.Жалаң сөйлемді тап.
  4. 4.Жайылма сөйлемді белгіле.
  5. 5.Жайылма сөйлем дегеніміз не?

Бағалау

Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалап, қорытынды бағаларын жариялайды.

Мұғалім: Ж. Бахитова