Түйе атасы - нар

Тақырыбы: Мың бір мақал

Қазақ халқы сөз өнеріне ерекше мән берген, бір ауыз сөзге тоқтаған. «Мақал — сөздің мәйегі» деген ұғым арқылы халқымыз өмірлік тәжірибесін, өсиет-өнегесін ықшам да нұсқа жеткізіп, түйіндеп отырған. Мақал-мәтелдің бала тәрбиесіндегі орны айрықша: ол ойды нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, адамгершілікке баулиды, дүниетанымды кеңейтеді.

Мақсаты

Мақал түрлерімен таныстыру; ата-бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы тәрбиелілікке, ойды дәл айтуға, шешен сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейту.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап

Көрнекілік және билингвизм

Көрнекілік

  • Ноутбук
  • Қуыршақ
  • Сахна

Билингвизм (қазақша — орысша)

Сиыр
корова
Жылқы
лошадь
Қой
овца
Түйе
верблюд

Шаттық шеңбері

Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнеки, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сәлеметсіздер ме, балалар!

Ендеше, сіз болып, біз болып бүлдіршіндеріміздің сөз мәдениетін түсінетін, тәрбиелі, ақылды, мейірімді, инабатты, ұлтжанды болып өсуіне үлес қоссақ — нұр үстіне нұр.

I кезең. Кім тапқыр?

Сұрақ-жауап

Сұрақ:

Мына суретте нелер бейнеленген?

Жауап:

Үй жануарлары.

Сұрақ:

Үй жануарларына нелер жатады?

Жауап:

Сиыр, жылқы, қой, түйе.

Сұрақ:

Олардың қандай пайдасы бар?

Жауап:

Сүтін ішеміз, етін жейміз.

Тақпақтар (үй жануарлары)

Гүлайым

«Мәә-мәә» деген әні бар,
Жібек тоны, сәні бар.
Қошақаным — момақан,
Сүйкімді бір жануар.

Али

«Мее-мее» деген әні бар,
Байқамасаң жамырар.
Секеңдеген лағым,
Бір тынымсыз жануар.

Шапағат

«Мөө-мөө» деген әні бар,
Үй маңынан табылар.
Мөңіреген бұзауым,
Маған үйір жануар.

Әсел

«Бөө-бөө» деген әні бар,
Енесін тез сағынар.
Жібек жүнді ботақан,
Мөлдір көзді жануар.

Данияр

Күмбір-күмбір әні бар,
Желпілдеген жоны бар.
Желдей жүйрік құлыншақ,
Желмен шапқан құлыншақ.

Төрт түлік туралы мақалдар

  • Шырын: Сиыр сүті — тілінде.
  • Данияр: Ат — адамның арқауы.
  • Қуаныш: Түйе атасы — нар.
  • Гүлайым: Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір.

Дидактикалық ойын

«Даусын ажырат»

II кезең. Мақал — сөздің мәйегі

Сахналау

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» ертегісінен көрініс.

Еңбек туралы мақалдар

  • Әсел: Еңбек ер атандырады.
  • Мерей: Еңбек түбі — береке.
  • Шырын: Еңбегіне қарай — өнбегі.
  • Бекзат: Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

Хор

«Жақсы көрем атамды»

III кезең. Полиглот

Мақалды жалғастыр

Ойын шарты: ұяшық таңдап, мақалды жалғастыру.

Айым

Мен алманы таңдаймын.
Қыстың көркі — қар.

Али

Мен алмұртты таңдаймын.
Көз қорқақ, қол — батыр.

Күнім

Мен жүзімді таңдаймын.
Тілдің құлпы — тіс.

Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды оны жолына.
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады,
Тау екен деп қалады.

IV кезең. Сөзжұмбақ

Жұмбақтар

  1. Ақыл-ойдың шырағы,
    Зәулім көктей шынары.
    Биігіне бойлаған,
    Қанбайды адам құмары.

    Жауабы: білім

  2. Қоймасын қыс ақтарып,
    Жерді жапты ақ мамық.

    Жауабы: қар

  3. Ақ сақалды атаны-ай,
    Мінезінің шатағы-ай.

    Жауабы: қыс

  4. Қабат-қабат қапталған,
    Асыл сөзбен апталған.
    Парағы бар сөйлейтін,
    Ол — қазына өлмейтін.

    Жауабы: кітап

  5. Жағалай-жағалай тас қойдым,
    Жирен атты бос қойдым.

    Жауабы: тіл

Би

Қазақша би.

Орындайтындар: Нұрай мен Назгүл.

Қорытынды

Құрметті қонақтар, бүгінгі «Мың бір мақал» атты тәрбие іс-әрекетіміз өз мәресіне жетті. Бүлдіршіндеріміз мақалдың маңызын түсініп, ұғатын зерделі де зерек болып өссін!