Өсиетке терең бол, Өсек сөзге керең бол

Өсиетке терең бол,
Өсек сөзге керең бол.
Есей би Алдамұратұлы

Тайып бара жатқанға таяныш бол.
Саиф Сараи

Мүсәпірдің ақысын жеме - тозақта күйерсің.
Саиф Сараи

Жеріңді жат баспағай.
Тоныкөк

Кеуде керіп, халықты тілдемес болар.
Иүгінеки Ахмед

Мен де соққы жедім деп сұм дүниеден,
Көп жазым ем - оныма өкіндім мен.
Ойласам: көрген бейнет, тартқан қайғы,
Болыпты не біреуден, не өзімнен.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Байлық жақсы екені елге мәлім,
Өзің істеп әдет қыл - келсе халің.
Қолың білсе біреуге жалынбайсың,
Шыдамды бол, еріншек болма, жаным.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,
Дүние - алдамшы, өмір - қу деп елірме.
Қамдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе,
Бәрін құдай қылады дегенге ерме.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Айтқаныңды қайталама: алуаны да бірақ рет жейді.
Саиф Сараи

Аяқтан шалма, қапыда қалма.
Жан беріп, жан алысар жорықта,
Жауым көп деп қорықпа.
Жауың басынса - жолың жабылар.
Тоныкөк

Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа.
Жұрт қашардай - қатты болма,
Жұрт таптардай - жуас болма.
Саиф Сараи

Тегіс тексер сөз көрсең сыр мен сынын,
Түзетуге именбе - тапсаң мінін.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Құр білген керек емес - білгенді іс қылған керек.
Шәкәрім Құдайбердіұлы

Отты сөндіріп - қозасын қалдырма,
Жыланды өлтіріп - баласын қалдырма.
Саиф Сараи

Кісінің көңіліне қара.
Саиф Сараи

Сапты аяқпен ас беріп, сабынан қарауыл қарама.
Саиф Сараи

Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады.
Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады.
Майқы би

Жай жатқан жыланның құйрығын баспа.
Саиф Сараи

Құдықты көздеуі бар жерден қаз.
Құтып

Темірді жайлап иер болар.
Құтып

Оқ нысанаға ғана атылады.
Құтып

Гауһар жоғалмасын десең - сенімсізге сеніп тапсырма.
Құтып

Ақырын жүрген алысқа барады.
Құтып

Ей, құлқынның құлдары, тыңда ақылды,
Өсиеті дананың — біл нақылды;
Адамға тән қасиет ішсе — тынар,
Бар мәкүрік, жаман сөз тысқа шығар!
Жүсіп Баласағұни

Әкеңдей әкені сыйламасаң.
Балаңдай баладан таяқ жейсің.
Құтып

Үйдің іргесі берік болсын десең - қабырғасын асықпай қала.
Құтып

Хан сарайынан қашықтау жүрген жөн деп айтады жұрт.
Құтып



Ұқсас жұмыстар

Жақсы сөз – жан азығы
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша мұрагерлік қатынастар мәселесі.
Жұмбақпен айтылатын шешендік сөздер
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін олардың семантикалық құрылымы арқылы зерттеу, мәнмәтіндік өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін сипаттау
Битанудағы шешендік өнердің ролі
Жүсіп Баласағұн мен Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы
Абай өлеңдеріндегі нақыл сөздер
Атын білме, сөзін біл
Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету
Абайдың қазақ педагогикасының тереңірек дамуына қосқан үлесі
БОЛАТҰЛЫ КЕРЕЙ ХАН
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
Мұнаймен ластанған топырақтан бөлініп алынған микроорганизмдердің микробтық құрамын зерттеу
Мемлекеттің пайда болуы туралы
Тауар саясаты фирманың маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері
Сигналдың гармоникалық құрамдас бөліктерін графикалық түрде анықталуын бағдарлама түрінде іске асыру
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің болашақта даму және жұмыс істеу программасы