Сіздер бүгін аруларымыздың өнерлі екенін көрдіңіздер
Тақырып
Мен және менің қуыршағым
Мақсат
- Болашақ арулардың бойына қазақы тәрбиені сіңіру.
- «Қыз» ұғымының әдемілік, әдептілік және жан-жақты сұлулықтың белгісі екенін ұғындыру.
- Кішілерге қамқор болуға, ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Кіріспе сөз
1-жүргізуші
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кір көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
2-жүргізуші
Жер-Анаға тіршілік нәрін себер көктеммен бірге барлығымыз үшін қымбат мереке де келіп жетті. Барша аналар мен аруларға ілтипатымызды білдіре отырып, осы төл мерекелеріңіз құтты болсын дейміз. Бүгін сіздерге «Мен және менің қуыршағым» байқауын ұсынамыз.
1-жүргізуші
Қыз емес, қыздың өзі — алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
2-жүргізуші
Мың бұралған қыздарымыз аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып-тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.
Қатысушыларды таныстыру
Ұлдар қыздарды сахнаға ізетпен ертіп шығады.
Дильназ
Ай секілді өзі де,
Сыңғыр-сыңғыр сөзі де.
Дильназ деген қызымыз —
Әдемі ғой көзі де.
Аружан
Үздік оқып сабағын,
Бәрімізге жағатын.
Аружан кейде ренжісе,
Түйіп алар қабағын.
Ақләйлек
Сабағын да меңгерген,
Жақсылықты жөн көрген.
Ата-анасы Ақләйлекке
Әдемі есім теңгерген.
Аңсаған
Қуантады білімімен бізді Аңсаған.
Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгіні қабыл болсын тілегіміз.
Айымгүл
Сабағынан қалмайды,
Жалқаулыққа бармайды.
Айымгүл бүгін сайыста
Ән мен жырын арнайды.
Аймереке
Биші болу арманы —
Сүйкімді қыз Аймереке.
Сәттілік тілейміз өзіңе,
Болмасын саған ешкім қас.
Дана
Анасының еркесі,
Әкесінің еркесі.
Әп-әдемі Дананың
Көбейе берсін тек жеңісі.
Тұмар
Досымыз бар арамызда — үлгілі оқушы Тұмар.
Ұстазын ұйып тыңдайды,
Тып-тыныш қана отырады.
2-жүргізуші
Кішкентай аруларымыз танысуға келіп жетті: бойындағы дарынды танытып, қорықпастан сахнаға шықты. Енді әдеппен, ізетпен өздерін таныстырады.
Байқау кезеңдері
1-кезең: Өздерін таныстыру
Таныстыру1-жүргізуші: Кедеймін деп қысылма, өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы жарқырап жатар жолында. Ендеше, қыздардың өнерімен танысайық: олар қуыршақтарымен қандай өнер көрсетпек? Қол соғып қарсы алайық.
Шеберлікке шақыру
2-жүргізуші: Шеберлерім, өнер тамсын қолыңнан, жаңылмаған ата-баба жолынан. Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін, төрелігін соңынан айтамыз.
3-кезең: «Шебер қолдар»
Қуыршақ киіміҚыздар қуыршақтарына арнап тіккен киім үлгілерін көрсетеді.
Көрерменге арналған сәт
Диалог
1-жүргізуші (Максим): Қыздардың қолынан бәрі де келетініне көзім жеткендей болды. Біз, ұлдар, қыздарды бекер ренжітіп жүрміз-ау деймін.
2-жүргізуші (Әбдрахман): Сөзіңе қосыламын. Енді қыздар жемістерді сәнді етіп кесіп, тәрелкеге көркем безендіруден сайыссын. Қыздар тапсырманы орындап болғанша, ер балалар болып аналар мерекесіне арнап өлең оқысақ деймін.
Аналарға арналған өлең жолдары
-
Сізден өскен балалар — батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мерекемен, құрметті біздің аналар! -
Баланың да тірегі, дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан аналардың жүрегі. -
Айналайын, анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенше, шын сағынып қаласың. -
Аналарды сүйеміз, сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап, әдеппен бас иеміз. -
Ерлік еткен біз үшін, еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді, еркіндеткен біздерді — анамызға мың алғыс! -
Біз доспыз гүлдермен, текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден анаға сыйлаймыз. -
Бойға қуат береді «әй, жарайсың» дегені.
Мен анамнан әр кезде соны естігім келеді. -
Сабағымнан қалмаймын, «бес» аламын бәрінен.
Озат оқып әрдайым қуантамын анамды. -
Қамқорсың, ана, өмірде, қуатым сенсің көңілге.
Әлпештеп мені өсірдің, ұшармын ертең көгіңде.
Қорытынды
2-жүргізуші: Бүгін сіздер аруларымыздың өнерлі, шебер және ұқыпты екенін көрдіңіздер. Енді әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Барлық аналар мен аруларды құттықтай отырып, сынып оқушылары «Жан анам» әнін орындайды.