Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз
Іс-шара туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
№59 «Ақбөбек» балабақшасы
Тәрбиеші
Жолдығұлова А.
Тақырып
«Елбасымен ел көгерер»
Мақсаты
Танымдық бағыт
- Балаларға Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру, оның сан қырлы талант иесі әрі ел тарихындағы маңызды тұлға екенін таныту.
- Қазақстан Республикасының рәміздері мен Астана қаласы туралы түсінік қалыптастыру және білімдерін бекіту.
Дамытушылық және тәрбиелік бағыт
- Өлеңдер мен тақпақтар арқылы сөздік қорды дамыту, сұрақтарға толық әрі нақты жауап беруге үйрету.
- Отанға сүйіспеншілік сезімін арттыру, мемлекеттік тіл мен рәміздерді құрметтеуге, ел азаматы атағына лайықты патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Іс-шара барысы
Кіріспе сөз
Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн. Бүгін біз «Тұңғыш Президент күнін» атап өтеміз.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, «Ақкөгершін» ересек тобының «Елбасымен ел көгерер» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Өлең жолдары
Бар әлемге шын танылдық, міне біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Патриоттық өлең
Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақ көңіл, қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай — байлық кеніміз.
Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы.
Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр ағадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік, ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!
Елбасы туралы мәлімет (слайд бойынша)
Өмірбаяны
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Әкесі — Әбіш, анасы — Әлжан. Мектепте жақсы оқып, білімге құштар болған.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушысына дейін өседі. Кейін қалалық, облыстық және республикалық деңгейде басшылық қызметтер атқарған.
Президент болып сайлануы және мереке
1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтті. Бұл мереке — ел құрметін айқындайтын, дәстүрлі іс-шараға айналуға лайық маңызды күн.
Қорытынды бөлім
Тәрбиеші балалардан: «Қазақстан Республикасының Президенті кім?» — деп сұрайды. Балалар жауап береді. Осыдан кейін топ бүлдіршіндері тақпақтарын оқуға шақырылады.
Балалардың тақпақтары
Бибінұр
Бар әлемге шын танылдық, міне біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан.
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Айдар
Сегодня, в этот мирный час,
Наш Елбасы, спешим поздравить вас!
Слов благодарности, конечно же, не хватит,
Чтоб выразить огромную любовь страны.
Ее докажем преданностью мы!
Азиза
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.