Алдаркөсе туралы мәлімет жинақтау

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

Ш. Уалиханов негізгі орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Мустафина Айнур Еркиновна

Әдебиеттік оқу · 4-сынып

Тақырып

«Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай»

Пән

Әдебиеттік оқу

Фокус

Жағымды/жағымсыз қылық, теңеу

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адам бойындағы жағымды және жағымсыз қылықтарды ажыратуды үйрету, сол туралы өз көзқарасын ашық айтып, ойын дәлелді жеткізуге бағыттау. Сонымен қатар, теңеу туралы түсінік қалыптастыру.

Жетістік критерийлері

  • Адам бойындағы жағымды және жағымсыз қылықтарды ажыратады.

  • Өз көзқарасын, ой-пікірін білдіреді.

  • Теңеу ұғымын біледі және мысал келтіре алады.

Күтілетін нәтижелер

  • Аңызды оқи отырып, өз көзқарасын және ойын жеткізеді.
  • Проблемалық сұрақтарды шешуге талпынады және дәлел келтіреді.
  • Сөздікпен жұмыс істей алады.

Ақпарат көздері мен ресурстар

Сілтемелер

  • «Әдебиеттік оқу», 4-сынып.
  • «Әдебиеттік оқу әдістемесі», 2015 жыл.

Материалдар

  • A3 форматтағы қағаздар
  • Маркерлер, стикерлер
  • Бағалау парақшалары

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топпен жұмыс Бірлескен оқу «Сен – маған, мен – саған» «Әткеншек» ДЖИГСО «Ыстық орындық» БАП «Соңғы 1 минут»

Модульдердің ықпалдасуы

  • Қалай оқу керектігін үйрену
  • Сыни тұрғыдан ойлау
  • АКТ
  • Жас ерекшеліктеріне сай оқыту
  • Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
  • Диалогтік оқыту

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Тапсырмалар береді, оқу үдерісін ұйымдастырады және бағыттайды.

Ұйымдастыру

2 минут
  • Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
  • «Шаттық шеңберін» құру.
  • «Ыстық алақан» арқылы бір-біріне сәттілік тілеу.

Қызығушылықты ояту

3 минут
  • Қима қағаздар арқылы топқа бөлу.

Білу

«Сен – маған, мен – саған» әдісі

3 минут

1-топ

Аңыз дегеніміз не? Оның басқа шығармалардан қандай ерекшелігі бар?

2-топ

Аңызда кімдер туралы айтылады? Басты кейіпкерлері кімдер?

3-топ

Аңыздың мысалдан және ертегіден қандай айырмашылығы бар?

Түсіну

«Әткеншек» әдісі

3 минут

Аңыз туралы және «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай» аңызындағы кейіпкерлер туралы қысқаша жазба жасату.

Қолдану

Оқулықпен жұмыс · ДЖИГСО әдісі

7 минут

Мәтінді бөліктерге бөліп оқып, әр топ мүшесі оқығанын бір-біріне мазмұндап береді.

Талдау

«Ыстық орындық»

12 минут

Сұрақ-жауап

  • Аңыздың басында Шықбермес Шығайбай туралы оқығанда, көз алдыңа қандай адам елестеді?
  • Шықбермес Шығайбайды алдау үшін Алдар қандай қулыққа барды?
  • Шығайбайдың үй іші түгелдей сараң екенін олардың қандай әрекеттері мен сөздерінен байқадың?
  • Қазіргі кезде Шығайбай секілді адамдар бар ма?

Жинақтау

БАП әдісі (басқа адамдардың пікірі)

7 минут

1-топ

Теңеулерді табу

  • Жыланның жуандығын неге теңейді?
  • Жыланды ұрған тастың үлкендігін неге теңейді?
  • Былш етіп иленіп түскенін неге теңейді?
  • Сақалының жұлынғанын неге теңейді?

2-топ

Әрекет пен қорытынды

  • Шығайбай отбасының әрекеттерінен нені байқадың? Қандай ой түйдің?
  • Алдардың Шығайбайды неше рет және қалай алдағанын анықта.

3-топ

Мақсат және эссе

  • Алдаркөсе Шығайбайды бірнеше рет алдағанда алдына қандай мақсат қойды?
  • Мақсатына жетті ме?
  • «Егер мен Шығайбай болсам…» тақырыбында эссе жаз.

Бағалау

«Соңғы 1 минут»

3 минут

Алдаркөсе мен Шығайбайдың әрекеттеріне баға беріп, «Егер мен оның орнында болсам…» деген ойды әр оқушы өз пікірінше толықтырады.

Қорытынды және рефлексия

2 минут

Жазбаша кері байланыс ұйымдастырылады:

  • Бүгін алған білімдерің толықты ма?
  • Өзің үшін қандай қорытынды жасадың?

Негізгі ұғым

Теңеу — екі нәрсенің ортақ сипатын, белгісін табу арқылы ұқсату.

Үй тапсырмасы

Оқушы жұмысы

Алдаркөсе туралы мәлімет жинақтау.

Бағалау түрлері

Қалыптастырушы бағалау

  • «Бағдаршам» әдісі арқылы
  • Табыс критерийлері арқылы
  • Өзін-өзі бағалау

Жиынтық бағалау

Сабақ соңындағы нәтижелер мен тапсырмалар орындалуына сәйкес қорытынды бағалау жүргізіледі.