Суреттегі қай жануар
Сабақтың мақсаты
Білімдік
- Әңгімені түсініп оқыту арқылы негізгі ойы мен идеясын ұғындыру.
- Қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныстырып, аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсінік қалыптастыру.
- Топпен жұмыс істеуге, өздігінен ізденуге және дербес тапсырма орындауға үйрету.
Тәрбиелік
- Экологиялық тәрбие беру.
- Адамдардың жануарларға көрсететін көмегін талқылай отырып, оқушыларды қайырымдылыққа баулу.
Дамытушылық
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
- Сөздік қорын, тіл байлығын арттыру.
- Шығармашылық қабілетін дамыту.
Әдіс-тәсілдер
Ой қозғау, сұрақ қою, әңгімелесу, салыстыру.
Көрнекіліктер
Жануарлар бейнеленген слайдтар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Ұран-өлең
Сүйейік, табиғатты аялайық!
Біз де одан жақсылықты аямайық!
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Тілек айту
- Құстардың дауысына құлақ сал!
- Табиғаттың сұлулығын сезіне біл!
- Табиғатты қорғай біл!
Топқа бөлу
Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Өсімдіктердің қысқы тіршілігі» мәтіні бойынша өсімдіктердің қысты қалай өткізетінін айтқызу.
III. Жаңа сабақ
1) Қызығушылықты ояту
Қысқы табиғаттың ерекшелігін байқату үшін мәтіннен үзінді оқылады.
Тыста аяз шытынап тұр. Аязға шыдамаған кейбір ағаштар қарс айырылып жатыр. Қайда тығыласың? Қоректі қайдан табасың? Қысқа жануарлар әрқалай дайындалады: біреулері қыс бойы тәтті ұйқыға кетеді, ал қоян мен қасқыр жортып жүріп қорегін табады.
«Жануарлар тіршілігі» ойыны
Оқушылардың айналадағы дүние туралы түсінігін байқау үшін тапсырмалар беріледі.
I топ
- Суреттегі жануарды атаңдар.
- Ермексаздан қоянның мүсінін жасаңдар.
- Қоянның қыста қалай тіршілік ететінін әңгімелеңдер.
II топ
- Бұл қандай аң? Атаңдар.
- Аю туралы білетіндеріңді әңгімелеңдер.
III топ
- Бұл қай аң? Атаңдар.
- Тиіннің тіршілігі туралы не білетіндеріңді әңгімелеңдер.
IV топ
Венн диаграммасын құрып, жабайы жануар мен үй жануарын салыстырып әңгімелеңдер.
2) Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс
Оқулықтағы «Аңдардың қысқы тіршілігі» мәтінін оқып беру. Жаңа тақырыпты бекіту үшін қысқы орманға ойша саяхат жасайық.
Суреттермен жұмыс
- Орман іші қандай? Айнала аппақ қар. Ағаштар ақ көрпеге оранған.
- Қасқыр не істеп жүр?
- Келесі сурет туралы не айтуға болады?
- «Тиін» туралы әңгімені оқып беру.
Сұрақ-жауап
- Қысқа азық қорын дайындайтын аңдарды ата.
- Қасқыр, қоян, түлкі неге қысқа азық қорын дайындамайды?
- Тиін жаңғақты қайдан алады?
Сергіту сәті
Армысың, шапағатты күніміз,
Табиғатқа құштар біз баламыз.
Армысың, табиғат — анамыз,
Алдыңызда бас иеді балаңыз.
3) Толғаныс
«Аквариум» әдісі бойынша әр топтан бір оқушы шығып, оқылған әңгіменің мазмұнын әңгімелейді.
IV. Шығармашылық жұмыс
«Егер мен...» тақырыбы бойынша қысқа ойтолғау немесе әңгіме құрастыру.
V. Сабақты қорытындылау
Оқушылар өзіне ұнайтын аңның қыста қалай тіршілік ететінін әңгімелейді.