Алгоритмді орында
Сабақтың мақсаты
- Есептерді шығару барысында орындалатын әрекеттер тізбегі ретінде алгоритм ұғымын түсіндіру.
- Атқарушының командалар жүйесі болатыны туралы түсінік қалыптастыру.
- Оқушыларды қарапайым алгоритмдерді орындауға үйрету.
Сабақтың түрі
Ашық сабақ.
Көрнекіліктер
Компьютер, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаздар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу.
Оқушыларға екі түсті стикер таратамын: жасыл түсті алғандар — 1-топ, қызыл түсті алғандар — 2-топ.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Алгоритмді аяқта» тапсырмасы орындалады.
Әр түрлі нәтижелерді қойып, орындалу қадамдарын кестеге жазу.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритмдік ойлау қабілеті — бұл ойлай білу өнері, өз іс-әрекетіңді жоспарлау, әртүрлі жағдайларды қарастырып, соған сәйкес әрекет ету. Мұндай қасиеттер мен дағдылар адамдарға алғашқы компьютер пайда болмай-ақ қажет болған.
Тарихи дерек: «Алгоритм» сөзі Орта Азияда өмір сүрген орта ғасыр ғалымы Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (787–850) есімімен байланысты.
Негізгі анықтама
Алгоритм — есептің шешімін табуға мүмкіндік беретін әрекеттер тізбегін түсінікті әрі нақты түрде сипаттау.
Команда ұғымы
Алгоритмді құрайтын қарапайым әрекеттер команда деп аталады.
Атқарушы және командалар жүйесі
Алгоритм — атқарушы орындайтын әрекеттер тізбегі. Ал командалар жүйесі — атқарушыға түсінікті әрекеттер жиынтығы.
Адам күнделікті өмірінде алгоритмдерді жиі қолданады. Мысалы, мектепке барудың өзі — белгілі бір ретпен орындалатын қадамдар тізбегі.
Тақырыпты бекіту барысында жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар оқушылармен бірлесіп орындалады: «Алгоритмді орында», «Сынған алгоритмді түзет».
IV. Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
V. Тәжірибелік жұмыс
1-топ: тапсырма нұсқасы бойынша жұмыс.
2-топ: тапсырма нұсқасы бойынша жұмыс.
VI. Сабақты бекіту
Сабақты рет-ретімен оқу — бұл да алгоритм. Кез келген ойын белгілі бір ереже бойынша ойналады — бұл да алгоритм.
Кейбір мәселелерді шешу барысында жетістікке жету алдын ала жоспарланған әрекеттерді орындаудан тұрады. Бұл да — алгоритмнің көрінісі.
Бақылау жұмысы: әр топ өз нұсқасын шешуі керек.
Автор туралы
Рыскалыев Жанболат Ондасынович
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №6 орта мектептің информатика пәні мұғалімі.