Ағашты бақылау

Жаз мезгілі

Балабақшадағы жазғы серуендер жоспары

Бұл жоспар балалардың табиғат құбылыстарын бақылауына, сұрақ қоюына, ой қорытуына, сондай-ақ қимылды ойындар арқылы шапшаңдық, ұйымшылдық және тілдік дағдыларын дамытуға арналған.

Серуен №1: Жаңбырды бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Балаларға жаңбырдың қайдан және қалай пайда болатынын түсіндіру.

Бақылау сұрақтары

  • Аспанда нені көріп тұрсыңдар?
  • Бұлттар неге ұқсайды?
  • Олар неге жылжып жатыр?
  • Жаңбыр бізге не үшін қажет?
  • Жаңбыр қандай болады?
  • Жаңбыр жауғанда не өзгереді?
  • Жаңбыр қай мезгілде жиі жауады?

Сергіту сәті

Жау, жау жаңбыр,
Жау жаңбыр.
Арық суы мол болсын!
Жауған жерің шөп болсын.

Қимылды ойын: «Соқыр теке»

Мақсаты

Балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу, дене бұлшықеттерін дамыту, ойын ережесін сақтауға үйрету.

Қажетті құралдар

Көз байлайтын орамал.

Ойын шарты

Санамақ арқылы бір бала таңдалады. Оның көзі орамалмен байланады, беске дейін санап айналдырады. Содан кейін «соқыр теке» басқа балаларды ұстап көреді. Бір баланы ұстаса, ұсталған бала келесі «соқыр теке» болады. Балалар ұстатпауға тырысады, ойын осылай жалғасады.

Еңбек

Ауланы қоқыстан тазарту

Мақсаты: Бір-біріне көмектесу арқылы еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

Құралдар: қалақша, қолғап, шелек.

Серуен №2: Желді бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Жел туралы мағлұмат беру, желдің түрлерімен таныстыру.

Бақылау сұрақтары

  • Жел дегеніміз не?
  • Жел қандай болады?
  • Жел қалай пайда болады?
  • Жел не үшін қажет? Бізге керек пе?
  • Желді көрмесек те, оны қалай сеземіз?
  • Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс қай тұста?
  • Жел қай жақтан соғып тұр?

Сергіту сәті

Жел соғады бетімізге,
Тербеледі ағаштар.
Тыныш-тыныш отырыңдар,
Биік-биік ағаштар.

Қимылды ойын: «Аққу-қаздар»

Мақсаты

Ережені сақтап ойнауға дағдыландыру, сөйлеу және ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты

Құсшы құстарды жем жеуге жібереді де сұрайды: «Аққу-қаздар, жем жедіңдер ме? Су іштіңдер ме?». Балалар жауап береді. Бір бала «қасқыр» болып сайланады. Құсшы: «Сақ болыңдар, аш қасқыр келеді!» — деп дауыстайды. Аққу-қаздар иесіне қарай «ұшып» қашуы керек, ал қасқыр ұстап алуға тырысады. Ұсталғандар қасқырға көмектеседі. Ойын құстар азайғанша жалғасады.

Еңбек

Гүлдерге су құю

Мақсаты: Тазалыққа, бірлікке, еңбекқорлыққа баулу.

Құралдар: күрек, су, шелек.

Серуен №3: Табиғат әсемдігін бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Балабақша маңындағы ең көрікті орынды таңдап, бақылау жүргізу.

Балалардың табиғат сұлулығына қызығушылығын арттыру және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Жыл мезгілдеріне қарай табиғаттың әсемдігі өзгеретінін түсіндіру, тірі және өлі табиғаттың байланысын ұғындыру.

Бағыттаушы ой

  • Күзде шөп қырауланады, жапырақтар түседі.
  • Қыста ағаш бұтақтары мен шатырларды ақ қар басады.
  • Көктемде жер көгереді.
  • Жазда айнала қызыл-жасыл гүлге толып, аспан шайдай ашылады.

Сұрақ

Неліктен бұл орынды ең көрікті жер деп ойлайсыңдар?

Тақпақ жаттау

Жаз келіпті дегенше,
Алма пісіпті дегейсің.
Бақшамызда ендеше,
Алма теру көбейсін.

Жұмбақ

Қайнамай піскен,
Асықпай түскен.
Жауабы: жеміс-жидек.

Қимылды ойын: «Қуып жет»

Мақсаты

Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты

Балалар екі топқа бөлініп, бір-бірінің қолынан ұстап тұрады. «Айгөлек» әуенін айтып, қарсы топтан бір баланы шақырады. Шақырылған бала жүгіріп барып тізбекті үзіп өтуі керек. Үзе алмаса — сол топта қалады. Үзіп өтсе — қарсы топ қуып жетіп ұстауға тырысады. Осы арқылы баланың шапшаңдығы мен күшін байқаймыз.

Еңбек

Ауланы сыпыру

Мақсаты: Ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрету.

Құралдар: сыпырғыш, күрекше, қорапша.

Серуен №4: Ағашты бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Ағаш туралы мағлұмат беру және жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін түсіндіру.

Бақылау сұрақтары

  • Ағаш қандай?
  • Ағаштар бізге не үшін қажет?
  • Ағаштар қай мезгілде көктейді?
  • Ағаштардың пайдасы қандай?
  • Түсі өзгере ме?
  • Өсуі үшін не қажет?

Ағаштың 300-ден астам түрі бар. Көпшілігі көпжылдық өсімдікке жатады. Ағаштар көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады.

Тақпақ жаттау

Көгілдір аспан да,
Көк сеңгір тастар да,
Құлпырып жайнайды,
Мамыр гүлін ашқанда.

Қымыздық теремін,
Көп қызық көремін.
Апама сәукеле,
Гүлдерден өремін.

Қимылды ұлттық ойын: «Арқан тарту»

Мақсаты

Ұлттық ойынды жаңғырту, қызығушылықты арттыру, ережені сақтауға үйрету.

Ойын шарты

Балалар екі топқа бөлініп, арқанның екі ұшын ұстап, белгіленген межеге дейін тартысады. Межеден асып кеткен топ жеңіледі. Ойын кезекпен жалғасады.

Еңбек

Ағаштарға су құю, арамшөп жұлу

Мақсаты: Ағаштарға қамқорлық көрсетуге баулу (су құю, бұтақ сындырмауға үйрету).

Құралдар: күрек, шелек, су.

Серуен №5: Желді бақылау (қайталама бекіту)

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Жел туралы білімді бекіту, бағытты анықтау дағдысын дамыту.

Бақылау сұрақтары

  • Жел қалай соғады?
  • Желді көре аламыз ба? Көрмесек қалай сеземіз?
  • Желдің дыбысы қандай? Оны естиміз бе?
  • Оң жақ қайда? Сол жақ ше?
  • Жел қазір қай жақтан соғып тұр?

Сергіту ойыны

Жел соғады бетімізге,
Шайқалады ағаштар.
Тыныш-тыныш отырыңдар,
Биік-биік ағаштар.

Қимылды ойын: «Аралар»

Мақсаты

Сөздік қорды және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ойдан сөз бен сөйлем құрауға дағдыландыру.

Ойын шарты

Бір топ бала қол ұстасып шеңбер болады, 3–4 бала ортаға шығып «ара» рөлін атқарады. Олар: «Бауда кім? Ара болсаң, ызыңда: з-з-з...» — деп әндетеді. «Жұмыс істе, тығылма» дегенде әртүрлі еңбек қимылдарын (тоқыма тоқу, ағаш жару, аралау т.б.) көрсетеді. Қалған балалар қимылды қайталайды.

Еңбек

Айналаны сыпыру

Мақсаты: Тазалыққа бейімдеу, жұмыстарды бірге істеуге баулу.

Құралдар: сыпырғыш, қалақша, шелек.

Серуен №6: Құстарды бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Құстар туралы жалпы мағлұмат беру, жылы жаққа ұшып кететін құстар жайлы түсінік қалыптастыру.

Бақылау сұрақтары

  • Қандай құстарды білесіңдер?
  • Құстар немен қоректенеді?
  • Жылы жаққа ұшатын құстарды атай аласыңдар ма?
  • Құстардың жазғы тіршілігі қандай?
  • Құстар қандай дыбыс шығарады?

Тақпақ жаттау

Бөдене, бөдене,
Бұғып қалып көдеге,
Ұстатпайды қусам да,
Тойғызар ем бедеге.

Қимылды ойын: «Ұшты-ұшты»

Мақсаты

Ұшатын және ұшпайтын заттарды ажырата білуге үйрету.

Ойын шарты

Тәрбиеші әртүрлі атауларды айтады. Егер ол ұшатын болса, балалар қанат қағып қимыл көрсетеді. Ұшпайтын зат болса — қимыл жасамайды. Қателескен бала ойыннан шығады. Мысалы: «Ұшты-ұшты, ұшақ ұшты» — қимылдайды; «Ұшты-ұшты, кітап ұшты» — қимылдамайды.

Еңбек

Ауланы сыпыру

Мақсаты: Ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрету.

Құралдар: сыпырғыш, күрекше, қорапша.

Серуен №7: Жаздағы гүлдерді бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Балаларға гүл туралы мағлұмат беру.

Бақылау сұрақтары

  • Гүл деген не?
  • Гүл қандай болады?
  • Ол қайда өседі?
  • Қандай гүл түрлерін білесіңдер?
  • Гүлдің пайдасы бар ма?

Тақпақ жаттау

Гүл өсір сен бағыңда,
Тұрсын көздің жауын ап.
Бүршік жарған шағында,
Үзе көрме жұлып ап.

Қимылды ойын: «Тығылмақ»

Мақсаты

Балаларды шапшаңдыққа және қызығушылыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты

Санамақ арқылы бір бала іздеуші болады. Қалғандары тығылады. Тәрбиеші 10-ға дейін санап болғанша, іздеуші көзін жұмып тұрады. Бірінші болып табылған бала іздеуге көмектеседі. Ойын осылай жалғасады.

Еңбек

Гүл егу

Мақсаты: Гүл өсіруді үйрету, табиғатты қорғауға баулу, гүлдің табиғаттың бір бөлігі екенін түсіндіру.

Құралдар: гүл тұқымы, күрек, шелек, су.

Серуен №8: Топырақ пен құмды бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Балаларға топырақ пен құм туралы мағлұмат беру, айырмашылығын түсіндіру және тіршілік үшін маңызын ұғындыру.

Бақылау сұрақтары

  • Топырақ деген не?
  • Топырақтың түсі қандай?
  • Топырақ қайдан пайда болады?
  • Құм дегеніміз не?
  • Топырақ болмаса жер бола ма?
  • Топырақ пен құм не үшін қажет?
  • Құм мен топырақсыз табиғат тіршілік ете ала ма?

Қимылды ойын: «Қоян»

Мақсаты

Шапшаңдыққа және икемділікке үйрету.

Ойын шарты

Алаңда екі «орда» (екі қоршау) белгіленеді. Қояндар бір ордадан екіншісіне қашады, ал «тазы» оларды қуып ұстайды. Ұсталған ойыншы тазыға айналып, ұстауға көмектеседі. Қояндарды қоршаудың ішінде емес, екі қоршаудың арасындағы кеңістікте ұстау керек.

Еңбек

Алаңды сыпырып тазалау

Мақсаты: Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Құралдар: сыпырғыш, қалақша, тартпа.

Серуен №9: Бұлттарды бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Балаларға бұлт туралы мағлұмат беру.

Бақылау сұрақтары

  • Бұлт дегеніміз не?
  • Бұлт қалай пайда болады?
  • Бұлттың түсі қандай?
  • Бұлттан не пайда болады?
  • Бұлтты күн ұнай ма? Неге?
  • «Бұлттардың көшуі» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті

Бұлттар-бұлттар, ауыссаңшы,
Қалаға, далаға.
Бұлттар-бұлттар, жаусаңшы,
Селдетіп, көлдетіп.
Нөсер-нөсер, төк-төк,
Болсын егін көп-көп.

Қимылды ойын: «Мысық пен тышқан»

Мақсаты

Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.

Ойын шарты

Балалар шеңбер болып тұрады. Екі бала таңдалып, бірі — мысық, бірі — тышқан болады. Тышқан мен мысық өлең жолдарын айтып, қимылмен ойнайды. Тышқан қашады, мысық қуады.

Тышқан: Бұтақты да кемірдім, кітапты да кемірдім...
Мысық: Мияу, кім, әй, мынау? ... Қане, байқап көрейін.

Еңбек

Ауланы жинау

Мақсаты: «Тазалық — сұлулықтың белгісі» ұстанымын қалыптастыру.

Құралдар: күрек, шелек.

Серуен №10: Құрт-құмырсқаларды бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Құрт-құмырсқалар туралы қысқаша мағлұмат беру және олардың тіршілігін бақылау.

Бақылау сұрақтары

  • Құрт-құмырсқалар дегеніміз не?
  • Олар немен және қалай қоректенеді?
  • Құрт-құмырсқаны көрдіңдер ме?
  • Олар бунақденелілерге жата ма?

Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады, солға қарады,
Тауда ешкім қалмады.

Қимылды ойын: «Көк ту»

Мақсаты

Достыққа, белсенділікке және ұйымшылдыққа баулу.

Ойын шарты

Балалар екі топқа бөлінеді, әр топтың өз туы және туды қорғайтын ойыншысы болады. Ортаға сызық сызылады. Топтар бір-бірінің қолынан ұстап, қарсыластарды өз жағына тартып алуға тырысады. Көбірек ойыншы жинаған топ жеңеді. Жеңілген топтың туына шабуыл жасалады. Туды қорғап қалса, ойын жалғасады.

Еңбек

Алаңдағы қоқысты жинау

Мақсаты: Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Құралдар: қолғап, тырнауыш.

Серуен №11: Жапырақты бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Жапырақ туралы мағлұмат беру және мезгілге байланысты өзгерістерін байқау.

Жапырақтарды жинап, кептіру.

Бақылау сұрақтары

  • Жапырақ қандай түсті?
  • Олар қайда өседі?
  • Жапырақ қай мезгілде түседі, ал қай кезде қайта өсіп шығады?

Күзде жапырақ сарғайып түседі, ал көктемде қайтадан бүр жарып өседі.

Жұмбақ

Ағайынды бәрі,
Шықса — жасыл,
Түссе — сары.
Жауабы: жапырақ.

Табиғатсыз адамзаттың тіршілігі жоқ. Табиғаттың әсемдігін, көркемдігін және құдіретін бағалай білейік.

Қимылды ойын: «Етек-етек»

Мақсаты

Топтан қалмай тез қимылдауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты

Бір бала «құс» болады. Қалғандары бірінің етегінен бірі ұстап, алдыңғы баланың артынан жүреді. Етектен айырылып қалған баланы құс ұстайды, ол ойыннан шығады.

Ұстаңдар етектен,
Айырылмаңдар жетектен...
Кім айырылса етектен,
Шығып қалса жетектен,
Соны ұстайды қарақұс.

Еңбек

Ағаш түбін қопсыту

Мақсаты: Жинақылыққа баулу.

Құралдар: күрек, тырнауыш.

Серуен №12: Жапырақты бақылау (бекіту)

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Жапырақ туралы білімді бекіту, мезгілдік өзгерістерді байқау, жапырақ жинап кептіру.

Тақпақ жаттау

Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді,
Жаз баптап өсірсе,
Күз жинап тереді.

Табиғатсыз адамзаттың тіршілігі жоқ. Табиғаттың әсемдігін, көркемдігін және құдіретін түсіндіру.

Қимылды ойын: «Мәлкі тотай»

Мақсаты

Балаларды жылдамдыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты

Ойыншылар екі топқа тең бөлінеді. Екі топ бір-бірінен шамамен 10 метр қашықтықта, қол ұстасып тізбек құрып тұрады. Бірінші топ «Мәлкі тотай!» деп шақырады, екінші топ «Саған кім керек?» деп сұрайды. Аты аталған бала жүгіріп келіп тізбекті үзіп өтуге тырысады. Үзсе — қарсы топтан бір баланы өз тобына алып кетеді, үзе алмаса — сол топта қалады. Қай топта бала көп болса — сол жеңеді.

Еңбек

Ағаш түбін қопсыту

Мақсаты: Жинақылыққа баулу.

Құралдар: күрек, тырнауыш.

Серуен №13: Жәндіктерді бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Жәндіктер туралы түсінік беру, олардың тіршілігімен таныстыру.

Жәндіктерге қиянат жасамауға үйрету.

Бақылау сұрақтары

  • Жәндіктер дегеніміз не?
  • Олар немен және қалай қоректенеді?
  • Жәндіктер туралы нені білесіңдер?

Тақпақ жаттау

Қабырғаны жағалап,
Қуалаймыз сабалап.
— Шыбындар, лас кірсіңдер,
Мұнда неге жүрсіңдер?!
...
Терезе ашық — өтіңдер.

Қимылды ойын: «Бояулар»

Мақсаты

Шапшаңдықты, ұқыптылықты, тапқырлықты дамыту; тіл байлығын және есте сақтау қабілетін жетілдіру.

Ойын шарты

«Сатушы» түстерді топтарға бөліп, әр бала өз түсін есте сақтайды. «Сатып алушы» келіп, бір түсті атайды. Аталған түстегі бала қашады. Егер сатып алушы ұстап алса — сол түс «сатып алушыда» қалады; ұстай алмаса — бояу қайтадан «дүкенге» келеді. Ойын осылай жалғасады.

Еңбек

Алаңдағы шыбықтарды жинау

Мақсаты: Балаларды жинақылыққа үйрету.

Құралдар: тырнауыш, қолғап.

Серуен №14: Күнді бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Күн туралы мағлұмат беру және балалардың білімін толықтыру.

Бақылау сұрақтары

  • Аспанда жарқырап тұрған не?
  • Ол неге ұқсайды?
  • Күн болмаса, біз өмір сүре аламыз ба?
  • Күннің бізге пайдасы қандай?

Тақпақ жаттау

Алақай, алақай!
Күн шықты, күн шықты!
Жер үстіне нұр шықты!

Қимылды ойын: «Күн — түн»

Мақсаты

Ұйымшылдықпен ойнай білуге баулу.

Ойын шарты

Балалар шеңбер болады. Жүргізуші «Күн» десе — қозғалады, «Түн» десе — қимылсыз қалады. Ережені бұзған бала ойыннан шығады.

Қимылды ойын: «Көк ту»

Ереже: Серуен №10 бөліміндегі «Көк ту» ойынының шарты бойынша ойналады (екі топ, туды қорғау, тартып алу арқылы жеңісті анықтау).

Еңбек

Ауладағы қоқысты жинақтау

Мақсаты: Балаларды тазалыққа және бірлікке баулу.

Құралдар: сыпырғыш, шелек, қалақша.

Серуен №15: Қоршаған ортаны бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Қоршаған ортамен таныстыру және бақылау дағдысын қалыптастыру.

Талқылау

Қоршаған ортаға жан-жағымыздағы заттар мен табиғат құбылыстары жатады. Бүгін қандай құбылыстарды байқадыңдар? (Мысалы: жел, жаңбыр.)

Қимылды ойын: «Мысық пен тышқан»

Ереже: Серуен №9 бөліміндегі «Мысық пен тышқан» ойынының шарты бойынша ойналады.

Еңбек

Ауланы сыпыру

Мақсаты: Балаларды тазалыққа және бірлікке үйрету.

Құралдар: сыпырғыш, күрек, шелек.

Серуен №16: Ауа райын бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Ауа райы туралы түсінік беру және білімдерін жетілдіру.

Бақылау сұрақтары

  • Ауа райы дегеніміз не?
  • Жазда ауа райы қандай болады?
  • Бүгін ауа райы қандай?

Жыл мезгіліне қарай ауа райы өзгереді. Жазда көбіне аспан ашық, күн ыстық болады.

Тақпақ жаттау

Болмас бірден бөгелген,
Дем ал іштен тереңнен.
Ентігіміз басылсын,
Тынысымыз ашылсын.

Қимылды ойын: «Шар үрлеу»

Мақсаты

Балаларды жылдамдыққа және ептілікке баулу.

Ойын шарты

Балалар шеңберге тұрады. Тәрбиеші белгі бергенде, балалар ауаны терең жұтып, шар үрлегендей қимыл жасап, шеңберді үлкейтеді. «Шар жарылды» деген белгіде балалар алға қадам жасап, қайта жиналады. Ойын қайталанады.

Еңбек

Ауланы тазалау

Мақсаты: Тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.

Құралдар: сыпырғыш, қалақша, шелек.

Серуен №17: Көбелекті бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Балаларға көбелек туралы мағлұмат беру.

Бақылау сұрақтары

  • Көбелекті көрдіңдер ме?
  • Көбелек қайда мекендейді?
  • Көбелек немен қоректенеді?
  • Көбелек пен гүлдің арасында қандай байланыс бар?

Тақпақ жаттау

Көрінеді көп көбелек,
Көл бетінде көлбеңдеп.
Кестелеген қанатын,
Кербез қағады, көргін деп.

Қимылды ойын: «Кім артық?»

Мақсаты

Жылдамдыққа және шапшаңдыққа үйрету.

Ойын шарты

Балалар екі-екіден шеңбер құрып тұрады. Сыңары жоқ бала шеңбер бойымен жүгіріп, бір жұптың артына барып тұрады (үштік құрылады). Сол үштіктің алдыңғы баласы енді жүгіріп, өзіне басқа серік іздейді. Ойын осылай жалғасады.

Еңбек

Жапырақтарды жинау

Мақсаты: Тазалыққа және еңбекқорлыққа баулу.

Құралдар: тырнауыш, қап, қалақша.

Серуен №18: Жаңбырдан кейінгі шалшық суды бақылау

Мезгіл: Жаз

Мақсаты

Балаларға шалшық су туралы мағлұмат беру және жыл мезгілдеріне қарай судың күйі өзгеретінін түсіндіру.

Бақылау сұрақтары

  • Судың түсі қандай?
  • Су қайдан пайда болады?

Бақылау барысында шалшықтағы судың булануын, күн түскен жердегі өзгерістерді және су айналымына қатысты қарапайым байланыстарды талқылауға болады.

Қысқаша қорытынды

Серуендер балалардың табиғатқа қызығушылығын арттырып, бақылау мәдениетін қалыптастырады. Қимылды ойындар арқылы дене белсенділігі, ал еңбек тапсырмалары арқылы жауапкершілік пен ұқыптылық нығаяды.