Алтын сандықтың сұрағы

Ойынның мақсаты

«Алтын қақпа» лингвистикалық ойынының басты мақсаты — қазақ әдебиетінен алған білімді пысықтау, бұрынғы тақырыптарды еске түсіру және оқушылардың тілге қызығушылығын арттыру. Ойын барысында қатысушылардың сөйлеу мәдениеті, тілдік қоры, ойды ауызша жүйелі жеткізу дағдысы дамытылады. Сонымен қатар мемлекеттік тілге, ұлттық тарихқа сүйіспеншілік қалыптастыру, салт-дәстүр мен өнерге құрметпен қарауға тәрбиелеу көзделеді.

Көрнекілігі

  • Презентация: Тас қақпа
  • Презентация: Күміс қақпа
  • Презентация: Алтын қақпа
  • Презентация: Алтын сандық

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Қатысушылар екі топқа бөлініп, нөмірленеді. Әр топ өз атауын таңдайды.

Жүргізуші сөзі

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл даланы көріп алғаш қуанған,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 9-сыныптар арасында өтетін «Алтын қақпа» лингвистикалық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға ойынға қатысушыларды шақырамыз.

Қатысушылар өздерін таныстырады.

2) Ойын шарттары

Әр қақпада үш сұрақ беріледі. Ойыншы өз қалауымен бір сұрақты таңдайды.

  • Дұрыс жауап берсе — келесі қақпаны ашуға жолдама алады.
  • Үш қақпаның сұрақтарына дұрыс жауап берсе — «Алтын сандықты» ашады.
  • «Алтын сандық» сұрағына дұрыс жауап берсе — сыйлыққа ие болады.

Жүргізуші әділқазылар алқасымен таныстырады.

3) Тас қақпа сұрақтары

І деңгей — негізгі ұғымдар мен сюжеттік білім.

Қақпа 1
  1. 1) Фольклор дегеніміз не?

    Ұжымдық шығармашылықтың жемісі.

  2. 2) «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры жырлардың қай тобына жатады?

    Лиро-эпостық жырларға.

  3. 3) Қозы Көрпештің әкесінің аты кім?

    Сарыбай.

Қосымша бөлім

Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Ә. Тәжібаевтың «Туған елім» өлеңі мәнерлеп оқылады:

Туған елім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

4) Күміс қақпа сұрақтары

ІІ деңгей — әдеби ұғымдар мен жанрлық жіктелім.

Қақпа 2
  1. 1) «Қамбар батыр» жырының қанша нұсқасы белгілі?

    19 нұсқасы белгілі.

  2. 2) Лиро-эпостық жырлардың басты кейіпкерлері кімдер?

    Қозы, Баян, Сарыбай, Қарабай, Қодар.

  3. 3) «Әдебиет» сөзі қандай мағына береді?

    Үлгілі сөз.

Музыкалық үзіліс

Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. А. Еңсеповтің «Балалық шақ» күйі орындалады.

5) Алтын қақпа сұрақтары

ІІІ деңгей — термин, дерек және идеялық мазмұн.

Қақпа 3
  1. 1) «Фольклор» терминін кім ұсынды? Қай жылы?

    Уильям Томс, 1846 жылы.

  2. 2) «Қамбар батыр» жырының негізгі идеясы неде?

    Ел бірлігін жоғары ұстау, елді және жерді қорғау.

  3. 3) Қамбар батырдың сүйген жарының аты кім?

    Назым.

Поэзиялық сәт

Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Р. Мамытовтың «Қазақ тілім» өлеңі мәнерлеп оқылады.

6) Алтын сандық сұрақтары

Финал — ең маңызды сұрақтар.

Финал
  1. 1) Айтыс жанрлық сипаты жағынан неше түрге бөлінеді?

    Түре айтыс және сүре айтыс.

  2. 2) «Біржан мен Сара» айтысының негізінде опера жазған композиторды атаңыз.

    М. Төлебаев.

Бағалау

Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

7) Көрермендерге сұрақтар (10 сұрақ)

Ойынға көрермендерді де белсенді тарту үшін төмендегі сұрақтар қойылады:

  1. 1) Халық ауыз әдебиеті қалай тараған?

  2. 2) Тұрмыс-салт жырларына қандай өлең-жырлар жатады?

  3. 3) Төрт түлік малға нелер жатады?

  4. 4) Бесік жыры қашан айтылады?

  5. 5) Сыңсу өлеңі қай кезде айтылады?

  6. 6) Естірту мен көңіл айтудың қандай айырмашылықтары бар?

  7. 7) Батырлар жыры мен лиро-эпостық жырлардың айырмашылықтары неде?

  8. 8) «Импровизация» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

  9. 9) Экспромт дегеніміз не?

  10. 10) Айтыстың түрлерін атаңыз.

Қорытынды

Ойын соңында жүргізуші «Алтын қақпа» лингвистикалық ойынының жеңімпаз тобын білімділігімен, таным-түсінігінің кеңдігімен және алғырлығымен ерекшеленгені үшін құттықтайды.

Сонымен бірге ойынға белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, алғыс білдіріледі.