Оқушылар бүгінгі сабақтың Нәтиже сабақ екенін айтып

3-сынып Нәтиже сабақ Мен не үйрендім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.1.2.1

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.2.1

Сурет бойынша 2–3 сөйлеммен өз ойын білдіру.

1.2.3.1

Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.2.4.1

Шағын мәтіндегі қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.5.1.5

Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.

Сабақ мақсаты

Оқушылардың «Туған күн» тақырыбы бойынша тыңдалым, айтылым және жазылым дағдыларын қорытындылап, күнделікті өмірде қолдануына жағдай жасау.

Барлық оқушылар

Өзінің туған күні, сондай-ақ отбасы мүшелері мен достарының туған күндері туралы айта алады; сыныптасынан қай күні туғанын сұрай алады.

Оқушылардың басым бөлігі

«Туған күн» тақырыбы бойынша белсенді лексиканы еркін қолданады және тақырып аясында өзара тілдесе алады.

Кейбір оқушылар

Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Сабақ барысы

Бұл нәтиже сабақта оқушылар бұрынғы білімін жүйелеп, «Туған күн» тақырыбы бойынша тілдік дағдыларын тапсырмалар арқылы көрсетеді.

Сабақтың басы

2–5 минут
  • Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі, жағымды көңіл күй қалыптастырылады.
  • Топқа бөлу: мұғалім үстеліне ай атаулары жазылған қағаз қиындылары қойылады. Әр оқушы өз туған айын таңдап алады.
  • Айлар жыл мезгілдеріне қарай екі топқа біріктіріледі: КҮЗ–ҚЫС және КӨКТЕМ–ЖАЗ.
  • Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады.

Сабақтың ортасы

6–40 минут

Ұйымдастыру және үй тапсырмасы

  • Мұғалім интерактивті тақтаға назар аудартады, бүгінгі күнді сұрайды.
  • Үй тапсырмасы: оқушылар жасаған ашық хаттарын көрсетіп, жазған тілектерін оқиды.
  • Бағалау: топтар бір-бірін «бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

Тақырыпты ашу: «Адасқан әріптер»

Оқушылар интерактивті тақтадағы «адасқан әріптер» тапсырмасы арқылы сабақ атауын анықтайды: бұл сабақ — нәтиже сабақ. Оқушылар ашық сабақты қорытындылап, не білгенін және не үйренгенін ортаға салады.

1-тапсырма: сурет бойынша ой айту

Оқушылар суреттерге қарап 2–3 сөйлеммен пікір білдіреді. Мысалы, суретте балалардың туған күн мерекесін тойлауы көрсетіледі.

Дыбыстауға назар аудару

Мұғалім қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздердің дұрыс айтылуына мән береді: туған күн, ашық хат, сыйлық, дастарқан, құттықтаймыз.

Бағалау: топтар бір-бірін «бағдаршам» әдісімен бағалайды.

2-тапсырма: жыл мезгілдерін сипаттау

Интерактивті тақтада жыл мезгілдері суретпен беріледі. Оқушылар суретті сөзбен сипаттап, сөйлемді толықтырады. Мысалы: «Менің туған күнім көктемде».

Бағалау: топтар бір-бірін «бағдаршам» әдісімен бағалайды.

3-тапсырма: сөздерді сәйкестендіру

Оқушылар тапсырманы топпен орындайды: сөздерді дұрыс жұптастырып, мағынасын сәйкестендіреді.

ТУҒАН КҮН
СЫЙЛЫҚ БЕРЕМІН
ТІЛЕК АЙТТЫМ
ҚЫСТА ТУҒАН
МЕЙІРІМДІ ҚЫЗ ҚҰТТЫҚТАЙМЫН

Мұғалім дәптермен жұмысты ұйымдастырады: оқушылар күнді жазады, тапсырмалар арқылы алған білімін бекітеді.

Жазылым: «Туған күн» сөз тіркесін тәуелдеу

Оқушылар «туған күн» сөз тіркесін тәуелдеп жазады (мысалы: менің туған күнім, сенің туған күнің, оның туған күні).

Қосымша тапсырма (жеке жұмыс)

Қосымша тапсырма арқылы оқушылар білімін бекітіп, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамытады және АКТ құралдарын қолдануды үйренеді.

Мектеп және мұғалім туралы

Білім беру ұйымы

Өскемен қаласы әкімдігінің «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мұғалім

Козыбаева Айнаш Урынбаевна