Дене қызуын сипаттайтын шама
Физика • 7-сынып
Қысым тарауы бойынша қайталау сабағы
Бұл сабақта оқушылардың «Қысым» тарауы бойынша меңгерген білімдері жүйеленіп, негізгі ұғымдар мен заңдылықтар тапсырмалар арқылы бекітіледі.
Сабақтың мақсаты
- Тарау бойынша білім деңгейін тексеру; белсенділік, қызығушылық және оқу мотивациясын арттыру.
- Қысым тақырыбын шығармашылық және ізденіс жұмыстары арқылы тереңдетіп меңгерту.
- Ізденімпаздыққа және өз бетімен еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Іздену
- Талдау
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Үлестірме қағаздар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Сыныпты топқа бөлу.
- Қызығушылықты ояту: «Физикалық лото». Дөңгелек карточкаларда жауаптар, төртбұрышты карточкаларда сұрақтар беріледі.
«Физикалық лото» сұрақтары
- Жылдамдықтың өзгерісін сипаттайтын шама.
- Дененің қозғалысын сипаттайтын шама.
- Денелердің өзара әсерлесуін сипаттайтын шама.
- Дененің қозғалысын сипаттайтын шама.
- Энергияның өзгерісі.
- Дене қызуын сипаттайтын шама.
- Физикалық дененің өлшемдеріне байланысты болатын шама.
- Орын ауыстыруды сипаттайтын шама.
- Дененің кеңістікте алатын орнымен анықталатын шама.
- Әр уақытта әсер етіп тұрған бетке перпендикуляр бағытталған күш.
- Энергияның берілу формасы.
- Дененің бірлік көлеміндегі массасы.
II. Негізгі бөлім
Бетке перпендикуляр әсер ететін күштің сол беттің ауданына қатынасына тең шама қысым деп аталады.
Қысым формуласы: P = F / S
- P — қысым
- F — бетке әсер етуші күш
- S — беттің ауданы
Қысым бірлігі ретінде 1 Н күштің 1 м² ауданға түсіретін қысымы алынады: 1 Па = 1 Н/м². Тәжірибеде гектопаскаль (гПа) және килопаскаль (кПа) жиі қолданылады.
Газ қысымы ыдыс қабырғасына (және ішіндегі денелерге) газ молекулаларының соқтығысуы нәтижесінде пайда болады.
Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым сол ортадағы әрбір нүктеге өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.
Сұйықтың ішінде қысым бар, және бір деңгейдегі қысым барлық бағытта бірдей болады. Тереңдік артқан сайын қысым да артады.
Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы сұйық бағанының биіктігіне және тығыздығына тура пропорционал: P = ρgh.
- ρ — тығыздық
- g — еркін түсу үдеуі
- h — тереңдік (баған биіктігі)