Артық сөзді тап Қоршаған ортаны танып білу
Сабақтың тақырыбы
«Әлемді география арқылы тану»
Сабақтың мақсаты
- Әрбір оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
- География пәнін қызыға оқуға ынталандыру.
- Ой-өрісін кеңейту.
- Тұлғаны көпшілікке, бірлікке және өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Карта
- Глобус
- Екі топтың атаулары
Сайыстың мәні
Қоршаған ортаны танып-білуге бағытталған бұл сайыс барысында оқушылардың география саласы бойынша ой-өрісі, білімі, зеректігі мен ептілігі сарапқа салынады.
Сайыс кезеңдері
- «Өзін-өзі таныстыру»
- «Кім жылдам?»
- «Адасқан нысандар»
- «Сәтті сапар»
- «Туризм»
- «Шығармашылық жұмыс»
- «Артық сөзді тап»
Жүргізуші сөзі
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ретімен тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол — еңбектену, жалықпау.
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Әрқашанда нанымды, — дей келе сайысымызды бағалайтын қазылар алқасымен танысыңыздар.
Білім — деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім — деген ақылшың, — деп сайысымыздың «Өзін-өзі таныстыру» кезеңіне екі команданы ортаға шақырамыз.
Тапсырмалар топтамасы
3-кезең: «Адасқан нысандар»
I-топ
Нысандар тізімі- Гималай
- Конго
- Абориген
- Гоби
- Бриз
- Гольфстрим
- Токио
- Гейзер
- Бартер
II-топ
Нысандар тізімі- Өлі теңіз
- Сахалин
- Дели
- Йорк
- Тропик
- Секвойя
- Эскимостар — Канада
- Христофор Колумб
- Ла-Плато
- Перу
2-кезең: «Кім жылдам?»
«Алғырлар» тобы
Жедел сұрақтар- Ең ылғалды материк?
- Ең ұзын өзен?
- Аустралияның ортасындағы көл?
- Букет құрау (икебана) қай елдің өнері?
- Дүние жүзінде ең бірінші паровоз қай елде жасалды?
- «Кофе елі» қай мемлекет?
- АҚШ-тағы «автомобиль астанасы»?
- Жерді теңіз есебінен ұлғайтқан ел?
- «Икарус» автобусының отаны?
«Тапқырлар» тобы
Жедел сұрақтар- «Робот елі» қай мемлекет?
- Виктория шөлі қай материкте орналасқан?
- Антарктида материгі қай ғасырда ашылды?
- «Қағаз телефон» қай елде ойлап табылған?
- Батыс Еуропадағы ұсақ мемлекет?
- «Крайслер» автомобиль фирмасы қай елде орналасқан?
- Солтүстік Америкадағы ең ыстық жер?
7-кезең: «Артық сөзді тап»
I-топ
1-тізім
Африка, Америка, Еуропа, Антарктида, Арктика, Азия, Аустралия
2-тізім
Қала, ауыл, арал, аймақ, аудан
3-тізім
Орыстар, қазақтар, ағылшындар, арабтар, граниттер, немістер
4-тізім
Шөгінді, гранит, базальт, озон, әктас, саз
5-тізім
Жайық, Іле, Ертіс, Есіл, Үнді, Тобыл, Шу
II-топ
1-тізім
Вашингтон, Сидней, Сингапур, Астана, Пекин, Мехико, Берлин
2-тізім
Өзен, теңіз, көл, шығанақ, түбек, мұхит
3-тізім
Тянь-Шань, Гималай, Памир, Сахара, Анд
4-тізім
Меридиан, экватор, полюс, промилле
5-тізім
Биосфера, атмосфера, гидросфера, литосфера
Үй тапсырмасы
V. Үйге тапсырма.