Ағаштар тірі табиғаттың бір бөлігі
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту: оқу мен жазу арқылы
Оқыту жүйесі белгілі бір педагогикалық технологияларды қажет етеді. Соның бірі — «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. Бұл тәсілді әңгімені оқытуда қолдану өте тиімді.
Сабақтағы негізгі тиімділіктер
- 1. Сабақты белсенді өткізіп, әр оқушының еркін жауап беруіне жағдай жасау.
- 2. Оқушыны сенімділікке тәрбиелеу.
- 3. Қиялды дамыту және «Менің ойымша…» деп өз пікірін айтуына мүмкіндік беру.
- 4. Әртүрлі жауаптарды соңына дейін мұқият тыңдау.
- 5. Жауап бергісі келмеген оқушыны қинап сұрамау.
- 6. Дүниетанымның кеңеюіне, рухани өсуіне әр сабақта жағдай жасау.
- 7. Оқушыны жеке тұлға ретінде танытып, «Мен» рөлін күшейту және өз пікірін қалыптастыруға жетелеу.
Технология құрылымы: үш кезең
Технология үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар, бірақ олардың бәрі өзара тығыз байланысты. Сонымен қатар әр кезеңде қолдануға болатын тиімді стратегиялар бар.
I. Ой шақыру
Алдын ала білімді белсендіру, болжам жасау, қызығушылықты ояту.
II. Мағынаны тану
Ақпаратпен жұмыс істеу, түсіну, талдау және дәлелдеу.
III. Ой толғаныс
Қорытынды жасау, рефлексия, жеке пікірді нақтылау және жазбаша ұсыну.
Осы жинақта 3 «А» сынып оқушылары құрастырған «Бес жолды өлең» (синквейн) стратегиясы бойынша үлгілер және эссе жұмыстарының нұсқалары ұсынылады.
Синквейн (бес жолды өлең) стратегиясы
Синквейн — ой толғаныс кезеңінде қолданылатын тәсіл. Атауы француз тіліндегі «бес» сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең құрастыру әдісі.
Құрылымы
- 1-жол: тақырыпты бір сөзбен беру (зат есім).
- 2-жол: тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есім).
- 3-жол: тақырыпқа қатысты үш қимыл-әрекет (етістік).
- 4-жол: төрт сөзден тұратын бір сөйлем.
- 5-жол: тақырыптың мәнін ашатын бір синоним.
Мысал
- 1. Күй.
- 2. Әсерлі, құдіретті.
- 3. Мұңайтады, балқытады, тербентеді.
- 4. Күй — адам сезімінің көрінісі.
- 5. Өнер.
Бес жолды өлең үлгілері
Төмендегі үлгілер оқушылардың сөздік қорын, ойлау дәлдігін және қысқа мәтін құрастыру дағдысын дамытуға бағытталған.
Отан
- Үлкен, қымбат
- Қорғайды, дамиды, оқытады
- Отан оттан да ыстық
- Ел
Оқушы
- Тәртіпті, білімді
- Оқиды, санайды, жазады
- Оқушылар — біздің елдің болашағы.
- Бала
Кітап
- Қалың, қызықты
- Жазады, көреді, оқиды
- Кітап — білім бұлағы.
- Оқулық
Ана
- Ақылды, сұлу
- Асырайды, қорғайды, тәрбиелейді
- Ана — ең қымбат адам.
- Шеше
Мұғалім
- Білімді, сыйлы
- Тәрбиелейді, оқытады, бағалайды
- Мұғалім балаларға білім береді.
- Ұстаз
Күн
- Ашық, әдемі
- Жарқырайды, жылытады, тұрады
- Күн бәріне нұрын шашады.
- Жарық
Қарлығаш
- Әдемі, қара
- Ұшады, асырайды, жасайды
- Қарлығаштар лайдан ұя жасайды.
- Құс
Ит
- Ақылды, жүйрік
- Қорғайды, күшіктейді, үреді
- Ит — адамның жақын досы.
- Жануар
Адам
- Ақылды, ұқыпты
- Туады, өседі, жүреді
- Адам сусыз өмір сүре алмайды.
- Азамат
Жылқы
- Жүйрік, әдемі
- Жүгіреді, жайылады, жатады
- Жылқы — қазақ үшін қасиетті жануар.
- Ат
Өзен
- Үлкен, таза
- Ағады, қатады, жылжиды
- Балалар жазда өзенде шомылады.
- Су
Батыр
- Мықты, ержүрек
- Қорғайды, күреседі, сыйлайды
- Батырлар елін, жерін қорғайды.
- Ер
Әміре
- Талантты, өнерлі
- Айтты, шырқады, болды
- Әміре өз әнін шырқады.
- Әнші
Бауыржан
- Ержүрек, мықты
- Жеңді, соғысты, үйретті
- Бауыржан Момышұлы — халық батыры.
- Батыр
Нан
- Дәмді, жұмсақ
- Пісіреді, жейді, турайды
- Нан алтыннан да қымбат.
- Тамақ
Күз
- Алтын, салқын
- Суытады, сарғаяды, жинайды
- Алтын күз — тамаша мезгіл!
- Мезгіл
Табиғат
- Тірі, өлі
- Асырайды, қорғайды, құлпырады
- Адам — табиғаттың бір бөлігі.
- Дала
Алма
- Тәтті, қызыл
- Гүлдейді, өседі, қызарады
- Алма адамға өте пайдалы.
- Жеміс
Мектеп
- Үлкен, жаңа
- Оқытады, тәрбиелейді, өсіреді
- Мектеп — біздің екінші үйіміз.
- Ғимарат
Бала
- Жақсы, ұқыпты
- Ойнайды, оқиды, дамиды
- Бала — ата-ананың жалғасы.
- Адам
Ғарышкер
- Батыл, ақылды
- Ұшады, зерттейді, ойлайды
- Ғарышкерлер — батыл да ержүрек адамдар.
- Ұшқыш
Жазушы
- Білімді, ақылды
- Жазады, оқиды, әңгімелейді
- Сәкен Сейфуллин — атақты жазушы.
- Ақын
Әже
- Мейірімді, қымбатты
- Асырайды, тоқиды, пісіреді
- Мен әжемді жақсы көремін.
- Апа
Дәрігер
- Білімді, мейірімді
- Емдейді, сақтайды, жазады
- Дәрігер адамды емдейді.
- Емдеуші
Қала
- Үлкен, әдемі
- Өседі, дамиды, көркейеді
- Астана — еліміздің бас қаласы.
- Астана
Әнші
- Атақты, еңбекқор
- Айтады, шығады, жаттайды
- Роза Рымбаева — атақты әнші.
- Әртіс
Түлкі
- Айлакер, қу
- Жүгіреді, алдайды, естиді
- Түлкі — айлакер аң.
- Аң
Домбыра
- Жаңа, екі ішекті
- Ойнайды, шертеді, қызықтырады
- Домбыра — қазақ халқының аспабы.
- Аспап
Қар
- Ақ, қалың
- Жауып, жатады, ериді
- Көктемде қар еріп кетеді.
- Су
Қызғалдақ
- Әдемі, хош иісті
- Өседі, құлпырады, солады
- Көктемде қызғалдақтар өте әдемі.
- Гүл
Ертегі
- Қызықты, пайдалы
- Оқиды, үйретеді, тәрбиелейді
- Ертегі кейіпкерлері қызықты болады.
- Шығарма
Қағаз
- Ақ, түрлі түсті
- Жазамыз, сызамыз, бүктейміз
- Қағазға сурет салып үйренеміз.
- Парақ
Үй
- Үлкен, биік
- Тұрамыз, өсеміз, жинаймыз
- Әр үйдің өз сыры бар.
- Баспана
Дос
- Адал, шыншыл
- Көмектеседі, сыйлайды, ойнайды
- Достың көп болғаны жақсы.
- Серік
Наурызкөже
- Дәмді, пайдалы
- Пісіреді, дайындайды, ішеді
- Наурызда әжем Наурызкөже пісіреді.
- Тағам
Эссе үлгілері
Бұл бөлімде оқушылардың қысқа эссе жұмыстары берілді. Мәтіндер қарапайым, түсінікті тілмен жазылған және күнделікті өмір, табиғат, мектеп тақырыптарын қамтиды.
Туған жер
Менің туып-өскен жерім — Қабанбай батыр ауылы. Мен Пионерская көшесінде тұрамын. Ауылымызда екі мектеп, мәдениет үйі және кітапхана бар. Менің достарым көп. Біз бірге ойнаймыз, серуендейміз. Ауылдың жанында Қабанбай батырдың кесенесі орналасқан.
Кенжебек Аружан
Көктем келді
Міне, көктем де келді. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Күн жылынды, қар еріді, күн ұзарды. Енді құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, бәйшешек гүлдейді. Адамдар қуанып, көңілдері көтеріңкі болады. Мамырда оқу жылы аяқталады.
Ислям Алма
Табиғатты қорғаймыз
Табиғат — бізді қоршаған орта. Адам да табиғаттың бір бөлігі. Табиғат тірі және өлі болып бөлінеді. Ол бізге қуаныш сыйлайды, сондықтан табиғатты қорғау керек: ағаш пен гүл отырғызу, қоқыс тастамау, өрттен сақтау. Көліктер мен зауыттардың түтіні ауаны ластайды.
Искаков Еламан
Үй жануарлары
Үй жануарларына жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі жатады. Олардың төлдері: құлын, бұзау, бота, қозы, лақ. Пайдасы көп: сүт, ет, тері, жүн береді. Сүттен түрлі тағамдар дайындалады. Қымыз бен шұбат — пайдалы сусындар. Маған қымыз ұнайды.
Әбдірасіл Нұрсұлтан
Аңдар
Аңдар өте көп. Мысалы: қасқыр, түлкі, аю, кірпі, жолбарыс, арыстан және т.б. Олар орманда тіршілік етеді. Аюдың түрлері көп: қоңыр аю, ақ аю, панда және т.б. Ақ аю мұздықта өмір сүреді. Оның қонжығы болады. Балықпен қоректенеді.
Отузбаев Дәулет
Мектеп
Мектеп балаларға білім мен тәрбие береді. Біздің мектеп — екі қабатты. Менің сыныбым екінші қабатта. Сыныпта 22 оқушы бар. Менің сүйікті пәндерім — қазақ тілі және әдебиеттік оқу. Мен күнде «5» деген баға алып жүремін. Өз мұғалімімді сыйлаймын, жақсы көремін. Мектебім — екінші үйім.
Кайсина Айнур
Астана
Астана — еліміздің бас қаласы. Жыл сайын 6 шілдеде адамдар Астана күнін атап өтеді. Мен Астанада жиі боламын. Ата-анам мені «Мега», «Думан», «Хан Шатыр» сияқты орындарға апарады. Ең биік «Бәйтерек» алыстан көрінеді.
Болғазин Айбын
Достарым
Менің достарым көп. Сыныптағы балалармен жақсы араласамын, ал ең жақын досым — Нұршат. Ол менің көршім. Сабақтан кейін кездесіп, ойнаймыз. Ол менен үлкен, сондықтан мені қорғап жүреді. Екеуміз велосипед тебеміз, футбол ойнаймыз.
Темірғалин Данияр
Жаз
Көктемнен кейін жаз келеді. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Маусымда мен жазғы лагерьге барамын. Мұнда маған ұнайды: ойын ойнаймыз, жарыстар өткіземіз, түскі ас ішеміз. Аспазшы дәмді тамақ пісіреді. Содан кейін әжеме қонаққа барамын.
Балтабек Аршагүл
Кітапханада
Кітапханада әртүрлі кітап көп. Мен мектеп кітапханасына барып, ертегілер алып оқимын. Кейде кітапханашы бізге дойбы мен шахмат ойнауға береді. Егер реферат жазу керек болса, кітапханадан кітап алып дайындаламын. Кез келген адам кітап арқылы көп білім алады.
Бисекеева Сания
Ағаштар
Ағаштар — тірі табиғаттың бір бөлігі. Олар адамдарға таза ауа мен әсемдік береді, ал құстарға баспана болады. Біздің ауылда терек, үйеңкі, емен, шырша, қарағай, тал өседі. Жаз бойы ағаштар жап-жасыл болып тұрады. Оларды қорғау керек: бұтақтарын сындырмау, кеспеу қажет.
Серік Арсен
Наурыз
22 наурыз — жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Адамдар бір-біріне қонаққа барады, Наурызкөже мен ұлттық тағамдар пісіреді. Түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Табиғат оянады. Бүкіл Қазақстан Наурыз мерекесін тойлайды: қалада киіз үйлер тігіліп, адамдар қыдырады. Ал біз көктемгі каникулға шығамыз.
Умирзаков Нияз