Балаларға олимпиада туралы қысқаша әңгімелеу

Сабақ туралы мәлімет

Білім беру саласы
Денсаулық, Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі
Дене тәрбиесі, Тіл дамыту
Тақырыбы
Ұлттық ойын түрлерімен таныстыру

Мақсаты

Сазды қимыл-қозғалыс арқылы баланың денсаулығына және дене бітімінің дұрыс жетілуіне назар аудару. Ұлттық ойындарды пайдаланып, халықтық тәрбиені бала бойына сіңіру; өзара сыйластық пен қамқорлық қарым-қатынасын нығайту; қимыл-әрекеті мен сөздік қорын дамыту; ойынға белсенділігін арттыру; ептілікке, батылдыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу.

Көрнекіліктер

  • VII Қысқы Азия ойындарының суреттері, эмблемалары
  • Қамшы, ағаш ат, асық, орамалдар, арқан
  • Медальдар, марш әуені жазылған бейнетаспа
  • Көркем сөз

Әдіс-тәсілдер

  • Көрсетіп-түсіндіру
  • Мадақтау
  • Тақпақ айту, жұмбақ жасыру
  • Сұрақ-жауап
  • Қимылды ойындар

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар алаңда шеңбер болып тұрады. «Қыздырайық денені» атты көркем сөзбен жаттығуға кіріседі.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі

Балалар, VII Қысқы Азия ойындары Қазақстанның Астана мен Алматы қалаларында өтті. Қысқы спорт ойындары 1986 жылдан бастау алады. Биыл бұл айтулы жарыс біздің елімізде ұйымдастырылды.

Бүгін бізге қонаққа VII Қысқы Азия ойындарының алаугері әрі куәгері Сырымов Қазы Серғалиұлы келді. Қонағымызды қошеметпен қарсы алайық!

Сұрақ-жауап: Қандай қысқы спорт түрлерін білесіңдер? (Шаңғы, коньки, хоккей.)

Сендердің жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді күйлеріңді көру біз үшін үлкен қуаныш. Еңбекқор, күшті, батыл болғыларың келсе, спортпен шұғылданыңдар.

Қозғалысқа дайындық

  • Аяқтың ұшымен, өкшемен, «көкқұтанша» және «қазтабандап» жүру
  • Жылдам, баяу және ирелеңдеп жүгіру (қайтадан шеңберге тұру)

Жаттығулар (көркем сөзбен)

Алтын

Қыздырайық денені, Кел, балалар, кел бері. Қыздырайық денені, Орнымыздан тұрып-ақ Жүгірейік бір уақ. Бір, екі, үш! Бір, екі, үш!

Рамазан

Құстай қанат қағайық! Екі қолды жоғары Сәл көтерсек болады. Енді оны бөгелмей Түсірейік, қанат қағайық! Бір, екі, үш! Бір, екі, үш!

Камила

Шегірткедей ыршиық! Қане, сапты түзейік, Тіземізді бүгейік. Ыршып алға түсейік, Ыршып артқа түсейік. Бір, екі, үш, төрт! Бір, екі, үш, төрт! Шегірткедей ыршиық, Ыршып-ыршып тыншиық!

Диана

«Әй-әй, әй-әй...» деген баладай, «Әй-әй, әй-әй...» деп қынжылған баладай, Басты бұрып солға бір, Басты бұрып оңға бір. Бір, екі, үш, төрт! Бір, екі, үш, төрт! Жаттығудан денеміз Шымырлана түспек.

Ақтоты

Ал, қанеки, жас ұлан, Қайталайық басынан. Иығыңды көтерме, Кең тыныста, жөтелме! Бір, екі, үш, төрт! Бір, екі, үш, төрт! Жаттығудан денеміз Шымырлана түспек.

Жангүл

Отырайық, тұрайық! Ал, балалар, бір ауық Әріп сырын ұғайық: «А» дегенде — отырамыз, «Б» дегенде — тұрамыз. А–Б... Б–Б А–Б... Б–Б Отырып-тұр тағы, «А» десе — отыр. Тосылып қарап қалма, Қайталайық тағы да, Барлығымыз қосылып: А–А... Б–Б... А–А... Б–Б...

Жанылсын

«Жоқ, жоқ!» деген баладай, Сұраққа сөз таба алмай, «Жоқ, жоқ!» деген баладай, Басты оңға бұрайық, Басты солға бұрайық. Міне, былай, балалар, Қане, байқап қарап ал: Бір–екі, бір–екі, Жаттығайық біркелкі.

Алмаз

Бойыңа күш тарасын, Аш аяқтың арасын. Екі қолды белге ұста, Босаң болсын, қыспа. Кең тыныстап ал демді: Бір–екі, бір–екі, Жаттығайық біркелкі.

Б. Даяна

Тыныстайық тереңнен! Жүгірдің де, қарғыдың — Жарайсыңдар, барлығың. Шаршадыңдар, дегенмен, Тыныстаңдар тереңнен.

Ш. Даяна

Қане, «Ү-п!» деп айтайық, Демді ішке тартайық. Енді «У-һ!» деп айтайық, Демді сыртқа шығарып қайтардық.

Тәрбиешінің бағыттауы

Босаңсытып денеңді, Бейжай күйге ен енді. Басты көтер, тік ұста, Емін-еркін тыныста. Қане, «Ү-п!» деп айтайық, Демді ішке тартайық. Енді «Ү-һ!» деп айтайық, Демді сыртқа шығарып қайтардық.

Сюжеттік сәт: дәрігердің келуі

Балалар жаттығуды аяқтаған соң, аттың дүбірі естіледі. Осы сәтте атқа мінген, қолында құралдары бар дәрігер келеді.

Дәрігердің сөзі

Амансыңдар ма, балалар! Мерекелерің құтты болсын! Мен сендермен бірге спорт мерекесіне қатысуға келдім. Ойын шарттарын орындауға дайынсыңдар ма? Ендеше алдымен денсаулықтарыңды тексеріп алайын.

(Дәрігер жарысқа қатысушы балалардың денсаулықтарын тексеріп, барлығының ойындарға қатысуға жарамды екенін айтады.)

Командалар және сәлемдесу

Командалар

Балалар «Тұлпар» және «Бүркіт» топтарына бөлініп, қатар түзеп тұрады. Әділқазылар алқасы өз орындарын алады.

Қайталау сұрақтары

Қысқы спорт түрлері: шаңғы, коньки, хоккей.

Ұлттық ойындар: бәйге, қыз қуу, асық ату, арқан тарту, күрес.

Сәлемдесу

Тұлпар командасы

Тұлпар командасынан, Бүркіт командасына — жалынды сәлем!

Бүркіт командасы

Бүркіт командасынан, Тұлпар командасына — жалынды сәлем!

Ұйымшыл әрі жылдамсың ба? Әлде болбыр, боссың ба? Кел, күш сынасып көрелік Эстафеталық бұл ойында.

Ұлттық ойындар бойынша жарыстар

1-ойын: «Бәйге» (эстафеталық жарыс)

Әр топтың алдына 3–4 метр қашықтықта межелер белгіленеді. Екі топтың балалары 2 метр арақашықтықпен сап түзеп тұрады. Бұл ойында балалар жұптасып жарысады.

Әр топқа бір ағаш ат және бір қамшы беріледі. Белгі бойынша әр топтан бір бала атқа «қонады» да, межені айналып келіп, келесі ойыншыға атты тапсырады. Осылайша жұптар кезекпен сайысқа түседі.

Балалар аттың шабысын салып жүгіруі тиіс. Бұл ойында тәсіл көп, Кім мол алса асықты. Ептілігі басым боп, Сол баланың жеңгені.

Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

2-ойын: «Хан талапай» (асық жинау)

Ортаға әр топтан бір баладан шығады. Олардың көздері орамалмен байланады. Шашылып жатқан асықтарды мүмкіндігінше тез жинау керек.

Асықты көп жинаған бала жеңіске жетеді.

3-ойын: «Арқан тарту» (күш сынасу)

Кімдер күшті, кім алып — Күш сынасып байқайық! Арқан тартып, тіресіп, Қарсыласты жығайық!

Алаңда сызық немесе қиылған жіп белгіленеді. Екі топ бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бастаушылар арқандағы белгіге (қызыл жіпке) теңеліп, қалған балалар олардың артына қатарласа тұрып арқанды ұстайды.

Жүргізуші ойынды ынталандыру үшін күш сынасуды бірнеше рет қайталатып, жеңілген топты жігерлендіріп отырады.

Шығармашылық үзіліс: «Айгөлек»

Ойын ойнап, ән салмай Өсер бала болар ма? Күміс күлкі көрмей ол Кемірене толар ма? Айгөлек-ау, Айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Айдай толған кезімде Би билейміз дөңгелеп.

Балалар гимнастикалық биді орындайды.

4-ойын: «Күрес» (ұлттық сайыс)

Ал, қадірлі халайық, Зердемізді салайық. Белімізді буып алып, Күшімізді сынайық.

Екі топтан бір-бір бала ортаға, кілем үстіне шығады. Жүргізушінің белгісімен күрес басталады. Күресшілер қарсыласын бірінші болып жығып, жауырынын жерге тигізуге тырысады.

Қарсыласын бірінші жыққан бала жеңеді.

Қорытынды және марапаттау

Ән

Балалардың орындауында: «Біз көңілді спортшымыз».

Медаль тапсыру

Әділқазылар алқасы қорытынды бағаларын шығарып болған соң, екі топқа сый ретінде медальдар тапсырылады. Балалар өз әсерлерін білдіреді.

Қоштасу

Екі топ сап түзеп тұрады. Топ бастаушылары ортаға шығып, қол алысып, төс қағыстырып, достық көңілмен қоштасады.