Алпамыстың ұлы кім
Алпамыс туралы тәрбие сағатының құрылымы
Бұл тәрбие сағаты оқушыларды қазақтың қаһармандық эпосымен терең таныстырып, «Алпамыс батыр» жыры арқылы ерлік, намыс, отансүйгіштік сияқты құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Сабақтың барысы топтық жұмысқа, ойын элементтеріне және шығармашылық тапсырмаларға құрылған.
Ой ашар өлең жолдары
Батыр болып жүректі,
Батыр болып білекті,
Қарсыласқан дұшпанды
Қайратымен жасқапты.
Сабақтың мақсаты
- Ата-бабадан қалған өлмес мұра — «Алпамыс батыр» жырын жаттау және мазмұнын талқылау.
- Топпен жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
- Сөздік қорын, танымдық ықыласын дамыту, ойын дәл жеткізу дағдысын қалыптастыру.
- Батылдыққа, жауапкершілікке және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Дайындықты тексеру
Оқушылардың сабаққа әзірлігі, оқу құралдарының толықтығы, көңіл күйі ескеріледі.
Тақырып пен мақсатты жариялау
Сабақ мазмұны таныстырылып, күтілетін нәтижелер айқындалады.
Топқа бөлу
Түрлі түсті конфет арқылы 3 топқа бөлінеді: Байбөрі, Алпамыс, Жәдігер.
Топ ережелері
- Белсенді қатысу
- Тыныштық сақтау
- Бір-бірін тыңдау
- Ынтымақтастық
ІІ. Негізгі бөлім
А) Жыр оқу
«Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып» — оқушылар жаттаған жыр шумақтарын мәнерлеп оқиды.
Ә) Сурет көрмесіне шолу
Ата-ана баласының салған суретін таныстырып әңгімелейді, ал оқушы өз ойын толықтырады.
Топтық жұмыс: тапсырмалар
Тапсырмалар оқушылардың тілдік қорын, ойлау жылдамдығын, логикасын және бірлескен әрекет мәдениетін дамытуға бағытталған.
1) «Мықты болсаң, тауып көр» — әріпжұмбақ
Берілген торкөзге зат есім сөздерді жазу.
Үлгі
2) «Атадан қалған асыл сөз» — мақал-мәтел сайысы
Батырлық, ерлік, намыс тақырыптарына байланысты мақал-мәтел айту және мағынасын түсіндіру.
3) «Ханталапай» — блицтурнир және «Жекпе-жек» жұмбақтар
1-деңгейде бүкіл топ жылдам жауап береді, 2-деңгейде топ басшылары жекпе-жек форматында жұмбақ шешеді.
1-деңгей: блицтурнир сұрақтары
- Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 ж. 16 желтоқсан)
- Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын? (Абай)
- Қазақша жылдың басы? (тышқан)
- Алпамыстың ұлы кім? (Жәдігер)
- Шаршының ауданын қалай табамыз?
- Рақымжан Қошқарбаев тапсырманы қашан орындады? (1945 ж. 30 сәуір, 06:30)
- Ақжолтай Ағыбай батыр әкесінен неше жасында айырылды? (екі)
- Күндіз көрмейтін құс? (жапалақ)
- Алпамыстың әкесіне отын тасытқан кім? (Ұлтан)
- Үш биді ата. (Төле, Қазыбек, Әйтеке)
- Жақсылардың жақсысын ата. (өрмек, ұршық, кітап)
- Қазақстанның тұңғыш президентін қашан сайлады? (1991 ж. 1 желтоқсан)
- Екі ақынның жарысы қалай аталады? (айтыс)
- Ең кіші төрт таңбалы сан? (мың)
- Алпамыс зынданда жатқанда үстіне не түсіп кетеді? (екі серке)
- Алпамыстың атасының аты кім? (Байбөрі)
- Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
- Алпамыстың қарындасы кім? (Қарлығаш)
- Абай қай жылы туған?
- Байбөрі кіммен құда болды? (Сарыбай)
- Ыбырай қай жылы туған?
- Бөгенбай батыр неше жасында қолбасшы болған? (отыз)
- «Мен мұнда картоп аршу үшін келген жоқпын, фашистерді жайрату үшін келдім» — бұл кімнің сөзі? (Әлия Молдағұлова)
- Алпамыс зынданда неше жыл жатты? (жеті)
- «Күнәдан таза басым бар, жиырма бірде жасым бар…» — бұл кімнің сөзі? (Қайрат Рысқұлбеков)
2-деңгей: «Жекпе-жек» жұмбақтары
-
Тұратұғын әр үйде, жайлы орын сәбиге. Шаңғы табан үйшік ол, тербететін, әрине.
Жауабы: бесік
-
Тоғыз белбеу, қос жібек, екі мұрын, бір шүмек.
Жауабы: домбыра
-
От ішінде үш таяқ, үшеуі де күшті аяқ. Ортасында ілгегі, ілгегінде ілгені.
Жауабы: мосы, шәугім
4) «Жүйріктен жүйрік озар» — шеберлік пен дәлдік
Балалар шашка ойнайды.
Ата-аналар мен қыз балалар ермексаздан бес қару жасап көрсетеді: (садақ, айбалта, қанжар, найза, шоқпар).
5) «Шұбар атпен сайыс» — ойыншық атпен жарыс және математика
Ұл балалар ойыншық атпен мәреге дейін жарысып барып, мәре сызығында берілген математикалық тапсырманы орындап қайтады.
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Сендерге артар міндет көп,
Биік ата салтын құрметтеп.
Ақтай білсең ата-баба үмітін,
Әрбір сөзі тәлімі мол бір мектеп.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Бағалау
Ұпайлар саналып, белсенді қатысқан оқушылар марапатталады.
Тәрбиелік түйін
Батырлар жыры — ұлт рухын биіктететін қазына. Оны қастерлеу — кейінгі ұрпаққа аманат.
Ұлтымыздың батыр жырын қадірлейік,
Жастарды иманды етіп әзірлейік.
Тәрбие мен білімді тең игерген,
Болашағы қазақтың деп тілейік.