Негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерСабақтың мақсаты:І
Сабақтың тақырыбы
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер.
Сабақтың мақсаты
І. Білімділік
Оқушылардың негізгі тригонометриялық формулаларды меңгеруі; негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданып, есептерді әртүрлі тәсілмен шешу жолдарын түсінуі.
ІІ. Дамытушылық
Логикалық ойлау қабілетін дамыту, есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділігін арттыру және пәнге қызығушылығын күшейту.
ІІІ. Тәрбиелік
Саналы жауапкершілікке, шапшаңдыққа, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі
Түсіндірмелі, ойын түрінде.
Пәнаралық байланыс
Тарих, геометрия.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, компьютер, карточкалар, кесте, гүл жапырақшалары.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабақтың мақсатын түсіндіру.
- Сабақтың өту жоспарын хабарлау.
Ескерту: Бұл бөлім сабақтың бастапқы ұйымдастыру жұмыстарына бағытталған және келесі кезеңдерге өтуге негіз қалайды.