Сөйлем мүшелерін қайталау
Жас ұрпаққа бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагог мамандарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Ы. Алтынсариннің «Тәлім-тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі іс-әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді» деген көреген ойы бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтқан жоқ.
XXI ғасыр — жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру және дамыту ғасыры. Білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер оқыту үдерісін озық технологиялармен толықтырып, үздіксіз жетілдіруді талап етеді. Қазіргі мектеп тәжірибесінде түрлі педагогикалық технологиялар қолданылады. Соның ішінде Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдов ұсынған дамыта оқыту технологиясы оқыту мақсаты мен әдіс-тәсілдерін баланың даму заңдылықтарына сәйкестендіруді көздейді.
Дамыта оқыту нені көздейді?
«Даму» ұғымы психологиялық тұрғыдан жаңару үдерісі ретінде түсіндіріледі: жаңаның өмірге келуі және ескінің өзгеруі. Дамыта оқыту баланың белсенділігін мақсатты түрде ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
- Оқушы — тыңдаушы емес, ізденуші, ойланушы, дәлелдеуші.
- Мұғалім — бағыттаушы әрі оқу әрекетін ұйымдастырушы жетекші.
- Сабақтың сапасы мақсат пен нәтиженің сәйкестігі арқылы айқындалады.
Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде дамыта оқыту технологиясының бағдарламасын жүйелі қолдану оқушының білім негізін тереңдетіп қана қоймай, оны тәжірибеде қолдануға құштарлық тудырады және нақты нәтижеге жеткізеді. Басты мақсат — оқушылардың алған білімін пайдаға асырып, оны түрлі өмірлік жағдайда өз бетінше қолдана алатын, өзіндік көзқарасы бар азамат болып қалыптасуына көмектесу.
Сабақ үлгісі: 4-сынып, Қазақ тілі
Тақырыбы
Сөйлем мүшелерін қайталау.
Мақсаты
- Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер бойынша өткенді еске түсіру, білімді пысықтау.
- Сөйлемнен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді және олардың байланысын табу арқылы ойлауды дамыту.
- Ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге баулу, сауаттылықты арттыру.
- Ерлік пен батырлық туралы түсінік бере отырып, патриоттық сезімді ояту.
Сабақ барысы
I. Кіріспе бөлім
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Сабақ мақсатын хабарлау, дәптерге күнін және тақырыпты жаздыру.
- Көркем жазу минуты.
- Тәртіп сақтауды, белсенді қатысуды, бір-бірінің жауабын мұқият тыңдауды ескерту.
-
Жаттығу ережесі бойынша бағалау:
- Өте жақсы жауап — 5 ұпай
- Жақсы жауап — 4 ұпай
- Орташа жауап — 3 ұпай
III. Қорытынды кезең
- Сабақты қорытындылау.
- Топтардың ұпайын санау, кестеге белгілеу.
- Оқушылардың білімін бағалау.
- Үй тапсырмасы: кез келген бір мәтінді көшіріп жазып, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін белгілеу.
II. Негізгі бөлім
1) «Зымыран сұрақ»
Үш топқа бір уақытта бірдей сұрақтар қойылады. Әр топ мүшелері жылдам жауап беруі тиіс. Бұл кезеңде біліммен қатар жылдам ой қорытып, нақты жауап беру талап етіледі.
- Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
- Бастауыш қай сөз табынан жасалады? Мысал келтір.
- Баяндауыш қай сөз табынан жасалады?
- Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
- Бастауыштан кейін қай жағдайда сызықша қойылады?
2) «Ой жинақта, талда»
Әр топқа тапсырмалар таратылады. Берілген нұсқа бойынша сөйлем құрау керек. Сөйлемнен сұрақ қойып, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді анықтайды.
1-топ
Кім? Нені? Не істеді?
Зайра шай жасады.
2-топ
Не? Неден? Не істеді?
Мал төлден өседі.
3-топ
Кім? Қайда? Не қылды?
Мұғалім сыныпқа кірді.
3) «Жұмбақ сөз»
Әр топқа жеке мақал-мәтел беріледі. Мұғалім баяндауышты үнсіз айту белгісімен оқиды. Оқушылар жасырын сөзді тауып, оны орыс тіліне аударады.
1-топ
Ақылды адам арын (қорғайды).
Сараң адам малын (қорғайды).
2-топ
Ақылды кісі ісіне (сенеді).
Ақымақ кісі күшіне (сенеді).
3-топ
Болат қайнауда (шынығады).
Батыр майданда (шынығады).
4) «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»
Үлестірме қағаздар беріледі. Оқушылар берілген мысалдың ережеге сай емес екенін айтып, дәлел келтіреді.
| Топ | Үлестірме | Мысал | Ереже / сұрақ |
|---|---|---|---|
| 1-топ | №1 | Жадыра қалаға келді. | Тұрлаусыз мүше (анықтау, дәлелдеу). |
| 1-топ | №1 | Қызыл ала — зат есім. | Анықтамаға сай ма? Дәлелде. |
5) «Нұсқалықты сөйлет»
Топтар сөйлем мүшелеріне қатысты кестені кезең-кезеңімен құрастырып, толықтырады.
1-топ
Сөйлем мүшелері бойынша кесте құрастырады.
2-топ
Кестені жалғастырады.
3-топ
Кестені толықтырып, қорытындылайды.
Түйін
Озық технологияларды, соның ішінде дамыта оқытуды жүйелі қолдану оқушының ішкі мүмкіндігін ашып, оны өз ойын дәлелдей алатын, білімін өмірлік жағдаятта қолданатын тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал етеді. Мұғалімнің теориялық дайындығы, практикалық шеберлігі және шығармашылық ізденісі сабақ мақсаты мен нәтижесінің үйлесуін қамтамасыз ететін негізгі фактор болып қала береді.