Сабаққа жұмылдыру

Бастауыш сынып мұғалімі: Усмантаева Мутабар

Сабақтың ұраны: Ұқыптылық пен зеректілік
Жеткізеді сендерді
Математика сырына.

Сабақ туралы

Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту.

Сабақтың құрылымы

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Үй тапсырмасын тексеру
  • Жаңа сабақ
  • Бекіту (пысықтау)
  • Қорытынды
  • Бағалау
  • Үйге тапсырма

Сабақтың мақсаты

1) Білімді бекіту

Сандардың құрамы, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту. Сөйлеу тілін, қабілеттерді және өздігінен әрекеттенуді дамыту.

2) Кестелік қосу (4)

4 санын қосу кестесін және сан құрамының сәйкес жағдайларын меңгеруді бекіту. Терминдерді және амалдардың қасиеттерін түсіндіре отырып, есеп шығаруда қолдану біліктілігін дамыту.

3) Дамытушылық

Тапқырлықты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетті дамыту.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  1. 1.Амандасу.
  2. 2.Түгендеу.
  3. 3.Сабаққа жұмылдыру.

Психологиялық дайындық

Күлімде, күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!
Осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

II. Үй жұмысын тексеру

10 көлеміндегі сандарға 3-ті қосу және азайтуды еске түсіреміз:

3 + 3 =
3 + 1 =
3 − 1 =
3 + 2 =
5 − 2 =
5 + 3 =

III. Жаңа сабақ

1) Сурет бойынша жұмыс (сұрақ-жауап)

Балалар, гүлдің жанында қанша көбелек ұшып жүр?

Тағы бір көбелек ұшып келді. Енді нешеу болды?

Қорытынды: 3-тен кейін 4 саны келеді.

Өрнек құрастыру

3 + 1

2) Сурет бойынша қосынды және айырма құру

Қосынды

  • 4 + 4= 8
  • 5 + 4= 9
  • 6 + 4= 10

Айырма

  • 8 − 4= 4
  • 9 − 4= 5
  • 10 − 4= 6

IV. Жаңа сабақты пысықтау

Көбейту амалын қолдана отырып, есептейміз:

Өрнек

4 × 5

Өрнек

4 × 6

Өрнек

3 × 4

Өрнек

7 × 4

V. Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашамыз,
Қолға қалам аламыз,
Ауада 4 санын жазамыз,
Енді 4 санын
Әдемі дәптерге жазамыз.

а) Тақтамен жұмыс

4 + 4 = 8
8 − 4 = 4
4 + 5 = 9
9 − 4 = 5
4 + 6 = 10
10 − 4 = 6

VI. Сергіту сәті

Үш сан аттап отырып, алдымен сандарды өсу ретімен ата, содан соң кему ретімен ата.

Өсу реті

1, 4, 7, 10

Кему реті

10, 7, 4, 1

VII. Қорытынды

Сабақта 4 санын қосу және азайтуға арналған кестелік жағдайларды қайталадық, мысалдар құрастырып, есептер арқылы бекіттік.

VIII. Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың жұмыс белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.

Үйге тапсырма

4 санын қосу және азайтуға арналған мысалдарды қайталау, дәптерде орындау.