Батыс аудан
Сабақтың тақырыбы
АҚШ-тың туристік нысандары
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Оқыту әдістері
Ұжымдық, топтық, жеке
Техникалық құрал
Интерактивті тақта
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға АҚШ-тың туристік нысандары туралы түсінік беріп, алдыңғы сыныптарда алған білімдерін толықтыру.
Дамытушылық
Интерактивті тақта мен интернет ресурстарын пайдалана отырып тапсырмалар орындау, картамен жұмыс жасау арқылы оқушылардың шығармашылығын және дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік
Табиғатты аялауға, табиғи мұраға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен ресурстар
-
Дүние жүзінің саяси картасы, 11-сынып атласы
-
Интернет ресурстары, бейнематериалдар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымды түгендеу, зейінді шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ой жинақтау (АҚШ-тың экономикалық аудандары)
-
1) Кескін картаға АҚШ-тың экономикалық аудандарын түсіру
- 1-топ: Солтүстік-Шығыс
- 2-топ: Орта Батыс
- 3-топ: Оңтүстік
- 4-топ: Батыс
-
2) 6-кесте бойынша диаграммалар құрастыру
«АҚШ-тың басты экономикалық аудандары» кестесін пайдаланып, аумақ үлесін, халықтың орналасуын, қала халқының үлесін, жан басына шаққандағы жылдық табысты көрсететін диаграммалар (дөңгелек және бағаналық) сызу.
-
3) «Ұяшық таңдау» ойыны
4 экономикалық аудан берілген. Әр топ өз ауданы бойынша ұяшықтарды таңдап, 5 сұраққа жауап береді.
Солтүстік-Шығыс ауданы
- 10
- Ауданның атауы (тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық деңгейіне қарай): «Ұлт шеберханасы»
- 20
- Колумбия округінде орналасқан қала: Вашингтон
- 30
- Елдің қаржы орталығы, «экономикалық астанасы»: Нью-Йорк
- 40
- Мегалополис: Босваш
- 50
- Конгресс резиденциясы орналасқан орын: Капитолий
Орта Батыс ауданы
- 10
- Көл маңы мегалополисі: Чипиттс
- 20
- Ауданның сипаты: өнеркәсіпті-ауыл шаруашылықты аудан
- 30
- Қалалардың дамуына әсер еткен пайдалы қазба: темір кені
- 40
- Ең биік ғимарат (1975, 442 м): Сирс Тауэр
- 50
- Аудан орналасқан жазық: Ұлы жазық (ірі қала — Сент-Луис)
Оңтүстік ауданы
- 10
- «Химиялық астана» атанған қала: Хьюстон
- 20
- Мал шаруашылығы және мұнайымен әйгілі штат: Техас
- 30
- Ауданның сипаты: ғылыми-техникалық жетістіктері дамыған, ауыл шаруашылықты аудан
- 40
- Атлантада ойлап табылған сусын: Кока-кола
- 50
- Аудан құрамындағы штат саны: 14
Батыс ауданы
- 10
- Шартты бөлінуі: 3 бөлік (Қиыр Батыс, Таулы Батыс, Тынық мұхиты жағалауы)
- 20
- Ауданның сипаты: ең кеш игерілген, ең жас, қарқынды дамып келе жатқан аудан
- 30
- Голливуд, «Hollywood Bowl» орналасқан қала: Лос-Анджелес
- 40
- 1937 ж. салынған әйгілі көпір (1281 м): Алтын қақпа
- 50
- Басты ғылыми және әскери-өнеркәсіп орталығы: Калифорния
Мотивациялық сұрақ
Өзіңді қалаған мамандығың бойынша жақсы қызметте жұмыс істеп жүрмін деп елестет. Үйің, көлігің, қаражатың бар. Кезекті еңбек демалысың жақындады. Демалысыңды қалай өткізер едің?
Сергіту сәті: «Майамиге саяхат»
Денені бос ұстап, ыңғайланып отырамыз. Көзімізді жұмып, өзімізді Қазақстаннан мұхиттың арғы жағындағы Флорида штатындағы әйгілі курортты қала — Майамиге сапар шеккендей елестетейік.
Біз Атлант мұхитының ерекше жағалауында эксклюзивті яхтамен серуендеп жүрміз: алтын нұрын төккен күн, көкшіл ашық аспан, теңізден соққан салқын самал, мақтадай аппақ құм, жағаға ұрған асау толқындар… Күмістей сылдыраған судың дыбысы анық естіледі.
Сөздік жұмысы
Гейзер
(Исландша geyza — «лақ ете түсу») мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу атқылайтын бұлақ.
Сарқырама
Өзен суының арнадағы кедергіден төмен қарай құлап ағуы.
Каньон
(Испанша cañón — «шатқал») өзен эрозиясынан пайда болған терең, тар, беткейлері тік аңғар.
Ұлттық саябақ
Табиғатты қорғаумен қатар, оны ғылыми-ағарту және мәдени-эстетикалық мақсатта пайдалануға арналған аумақ.
Рекреация
(«Қалпына келтіру» мағынасы) демалыс, туризм, емдік мақсатта пайдаланылатын ресурс пен қызметтер жиынтығы.
III. Жаңа сабақ
Негізгі туристік нысандар: Йеллоустон ұлттық саябағы, Колорадо каньоны, Ниагара сарқырамасы, Диснейленд (ертегі патшалығы).
Жоба қорғау
Постер арқылы
| № | Нысандар | Рекреациялық аудан/түрі |
|---|---|---|
| 1 | Колорадо | Каньон |
| 2 | Йеллоустон | Ұлттық саябақ |
| 3 | Ниагара | Сарқырама |
| 4 | Диснейленд | Ертегі патшалығы |
| 5 | Майами | Курорттық қала |
IV. Жаңа сабақты бекіту
1) Семантикалық картамен жұмыс
Жаңа тақырып бойынша өзіндік жұмыс арқылы негізгі ұғымдарды нақтылау.
2) «АҚШ-ты бөліп алу» стратегиясы
Тізімнен АҚШ-қа қатысты атауларды белгіле:
3) «Сандық диктант»: АҚШ туризмі
Нысандар: Колорадо каньоны, Ниагара сарқырамасы, Диснейленд, Майами, Йеллоустон.
- 1) Флорида штатындағы әлемге әйгілі курорт
- 2) «Күркіреуік су» дегенді білдіреді
- 3) Калифорниядағы ертегі патшалығы
- 4) Тереңдігі 1800 м, ұзындығы 350 км
- 5) Жүздеген аттракцион бар
- 6) Биіктігі 50 м, ені 1200 м
- 7) Колорадо үстіртінде орналасқан
- 8) «Отель-Роу» қонақүй аймағы орналасқан
- 9) Уолт Дисней авторлығымен жасалған
- 10) 1872 жылы ұйымдастырылған
4) «Иә / Жоқ»
Берілген деректің дұрыстығын анықта.
| № | Мәлімдеме | Дұрыс жауабы |
|---|---|---|
| 1 | Ниагара сарқырамасы Онтарио мен Эри көлдерінің арасында орналасқан. | Иә |
| 2 | АҚШ-та 70-тен астам ұлттық саябақ бар. | Жоқ (50-ден астам) |
| 3 | Йеллоустон — дүние жүзіндегі алғашқы ұлттық саябақ. | Иә |
| 4 | Солт-Лейк-Ситиде 2002 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өтті. | Иә |
| 5 | Йеллоустонда гризли аюы мен алып бизондар мекендейді. | Иә |
| 6 | Гавай аралдары мен Калифорния тау туризмінің басты аудандары. | Жоқ (негізінен теңіз маңы) |
| 7 | Йеллоустон Вайоминг, Айдахо және Монтана штаттарының түйіскен жерінде орналасқан. | Иә |
| 8 | Колорадо каньоны алуан түрлі түстерге боялмайды. | Жоқ (күн сәулесіне байланысты құбылады) |
| 9 | 1950 жылы Уолт Дисней Диснейлендті құрды. | Жоқ (1955) |
| 10 | Ниагара сарқырамасының үні 52 км қашықтыққа дейін естіледі. | Жоқ (25 км) |
5) «Кім бірінші сөйлем құрайды?»
Берілген сөздер
тылсым, сақтай отырып, мүмкіндігінше, көркем де, қолына, ұрпақтың, табиғатты, нәзік, табиғи, әсем де, біз, өзгеріссіз, керек, бейнесін, тапсыруымыз, болашақ
Дұрыс сөйлем
Біз көркем те нәзік, әсем де тылсым табиғатты мүмкіндігінше өзгеріссіз табиғи бейнесін сақтай отырып, болашақ ұрпақтың қолына тапсыруымыз керек.
V. Қорытынды және бағалау
Сабақты қорытындылау, оқушылардың жұмысын бағалау және кері байланыс беру.
VI. Үй тапсырмасы
Кескін картаға АҚШ-тың туристік аймақтары орналасқан штаттарды белгілеу.