Қан беріп халқымыздың тамырына, Астана - соғып тұрған нұр жүрегі
Тақырыбы
Арайлы таңдай – сұлу Астана!
Мақсаты
- Елордамыз Астана туралы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру.
- Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, туған елге сүйіспеншілікті арттыру.
- Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз еліне қызмет етуге құлшыныс пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Сабақ туралы
- Түрі
- Танымдық сабақ
- Әдісі
- Әңгіме, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу
- Көрнекілігі
- «Астана – Қазақстан халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны»; шиырма материалдар; «Кешегі Ақмола – бүгінгі Астана»; суреттер; «Егемен Қазақстан» газеті.
Өту барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылардың жазғы демалысы туралы сұрақтар қою.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2) Мұғалімнің кіріспе сөзі
Біз – Қазақстан атты байтақ елдің ұландарымыз. Қазақстан Республикасының елордасы қай қала? Әрине, Астана. Астананың 20 жылдығы атап өтілетін күн – 6 шілде. Бұл күн ел тарихындағы маңызды белестердің бірі ретінде есте қалады.
«Астана – асқақ абыройымыздың айғағы», – деген еді Н. Ә. Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойындағы ашылу салтанатында.
Дәйексөз (мерейтойлық салтанаттан)
Құрметті ағайын, қадірлі отандастар! Біз бүгін мемлекетіміздің символына айналған Астананың мерейлі мерекесіне жиналып отырмыз. Астананың 20 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқы үшін айрықша маңызы бар мереке.
Біз тәуелсіздіктің жаңа дәуірінде, ғасырлар тоғысында, еліміздің дәл жүрегінен бас қаланы бой көтерттік. Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары қатар аталатын, өзара сабақтас ұғымға айналды. Бұл – қарыштап даму мен өрісті өркендеудің айқын үлгісі.
Тарихи дерек
1994 жылдың 6 шілдесінде Парламент қабылдаған шешім – шын мәнінде тарихи әрі тағдырлы қадам болды. Бұл – тәуелсіздіктің алғашқы жемістерінің бірі, жас мемлекетіміздің тұңғыш жеңістерінің қатарындағы маңызды белес.
Сарыарқаның төсінен бой көтерген Астана бүгінде еліміздің мақтанышына, даламыздың көркіне айналды. Қазір Астана – маңызды мемлекеттік шешімдер қабылданатын саяси орталық қана емес, ұлт рухын ұйыстыратын рухани орда.
Халқымыз сын сағатта сыр бермеді: білімділігімен де, біліктілігімен де, жүректілігімен де танылды. Ел-жұртына деген ризашылық пен тағзым – бірліктің, елдік сананың белгісі.
Өлең өрнегі
«Ертегідей Елорда» — Нұрғожа Ораз
Бала қиял баяғы ғажап екен,
Кім елестеткен киелі маза бөтен —
Көз алдымда шынылы шаһар салып,
Жер жаһанда кезікпес бағалы етем...
Сол қиялды өңімде көргендеймін,
Өзім жырдан жайнағып өргендеймін.
Таңғажайып бір қала келеді өсіп,
Қалайша мен лапылдап өртенбеймін.
Бұқар жырау жырындай әр ғимарат,
Құйылып кеп түскендей ән-ғибадат.
Енді келіп Еуропа елеңдейді,
Бұрын біздерге қалғи қарап.
Күмбездерін күн нұры сүйіп жатыр,
Көре алмаған жат дұшпан күйіп пақыр.
Ай-жұлдыздар қарап ап сіңлісіне,
Түннің сәнін үйреніп түйіп жатыр.
Бір күнінен бір күні салтанатты,
Керек қылмас көпір ме жалған атты.
Көз қуаныш сыйлады келгендерге,
Сүйсіндіре санатып сан қабаты.
Сән-салтанат айналам бүгіндегі,
Мақтанышым — жүректің түбіндегі!
Ұлы дала ұлағат тұтып келіп,
Астанам! — деп ардақтап жүгінеді.
«Елімнің алтын шаңырағы»
Егінді, малды, кенді алып жазық.
Толағай толғауларды жатыр жазып.
Айсыз түнде жол сілтеп адастырмас,
Астана — ел көгінде Темірқазық.
Қабыл боп ата-баба ел тілегі,
Биіктен нұры шалқып Күн күледі.
Қан беріп халқымыздың тамырына,
Астана — соғып тұрған нұр жүрегі!
Есілдің ақ тұмасы ағылады,
Тамшылар күміс сырға тағынады.
Кереге, уығынан кие қонған,
Астана — елдің алтын шаңырағы!
Ақ нұры аппақ Айдың ақтарылған,
Басына Бәйтеректің құт дарыған.
Шапағат шам-шырағы тарап жатыр,
Алыстан шырай шашқан оттарынан.
Көк ту ұстап ұлы ғасыр көшінде,
Құйылғандай мұхит суы Есілге.
Қазақ елін кең әлемге танытып,
Астана тұр Сарыарқаның төсінде.
Қорытынды тілек
Астанамыз әрдайым гүлденіп, көркейе берсін! Елордамызға келген әрбір қонақты шаттыққа бөлейтін көрікті мекендер көп болғай. Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.