Меркурий ғаламшары бұлттармен жабулы

Сабақ туралы мәлімет

Аймақ / Мекеме

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №18 орта мектебі

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі — Кенжебаева Аида Бақытжановна

Пән / Сынып

Математика, 2-сынып

Сабақтың тақырыбы

Санды 1-ге көбейту. Санды 0-ге көбейту

Сабақтың мақсаты

Білімдік

  • Оқушыларды 1 және 0 сандарына көбейтуді үйрету.
  • Көбейтудің және бөлудің дербес жағдайлары туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық

  • Ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Логикалық есептерге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Ұйымшылдыққа және бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Проектор, слайдтар, тапсырма материалдары.

Сабақтың барысы: «Ғарышқа саяхат»

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз,
«Бестік» болып бағамыз.
Баласындай бір үйдің
Тату болсын арамыз.

Топқа бөлу және бағалау

  • Оқушылар «Жұлдыз», «Күн», «Ай» топтарына бөлінеді.

Өте жақсы қатысу

Қызыл белгі

Жақсы қатысу

Көк белгі

Қанағаттанарлық

Сары белгі

Саяхаттың кіріспесі

Бүгінгі сабағымыз — саяхат сабағы. Біз ғарышқа аттанып, әртүрлі ғаламшарларға тоқтаймыз. Әр ғаламшарда бізді математикалық тапсырмалар күтеді.

Ғарыш туралы қысқаша мәлімет

Ғарыш кеңістігінің шегі жоқ. Ондағы аспан денелерінің арақашықтығын Жердегі өлшеммен, мысалы, километрмен өлшеу қиын. Жерге ең жақын жұлдыз — Күн. Күннің төңірегінде Жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналады: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон. Сонымен бірге ғарышта миллиондаған жұлдыздар, астероидтар, кометалар және басқа да денелер бар.

Ұшу сәті

Белбеулерді тағайық, контакттарды қосайық. Моторларды тексеріп, саяхатқа ұшайық!

5 4 3 2 1 Кеттік!

Үй жұмысын тексеру

Ғаламшарларға жеткенше, аралық тапсырмаларды орындаймыз. Әр топ өз есебін шығарып, сәйкес әріптерді табады.

I топ

800 − 20 Г
125 + 25 А
580 − 200 Р
741 + 8 И
960 − 500 А
632 + 10 Г
430 − 30 Н

II топ

390 + 200 Т
30 + 300 Т
722 + 6 Қ
540 − 40 О
890 − 20 Р
223 + 4 А

III топ

580 − 300 Т
90 + 600 Л
285 + 5 Ғ
850 − 50 Т
135 + 400 А
218 + 60 А

Жаңа сабақ

Иллюминаторға қараймыз — Жерден алыстап барамыз. Енді 1-ге және 0-ге көбейтудің ережесін түсінеміз.

Мысалдар

3 · 1 = 3

3 · 0 = 0

Есіңде сақта!

  • Кез келген санды 1-ге көбейтсең — сол санның өзі шығады.

  • Кез келген санды 0-ге көбейтсең — нәтиже 0 болады.

1-аялдама: Меркурий

Зымыран Меркурий ғаламшарына жақындады. Меркурий — Күнге ең жақын ғаламшарлардың бірі. Ол бұлттармен жабулы болып көрінеді. Ғарышкерлер зерттеу кезінде байқалғандарын дәптерге белгілеп отырады. Біз де «ғарыш дәптерімізді» ашып, бүгінгі күнді жазамыз.

Көркем жазу

10 санын көркем етіп жазып шығу.

Миссия

Бізді инопланетянин қарсы алды. Ол көмек сұрайды: төмендегі көбейту тапсырмаларын орындап, нәтижесін табыңдар.

I топ

  • 8 · 1 =
  • 10 · 0 =
  • 9 · 1 =

II топ

  • 12 · 1 =
  • 25 · 0 =
  • 30 · 1 =

III топ

  • 27 · 1 =
  • 38 · 0 =
  • 394 · 1 =