Ұлы Отан соғысының аяқталуы

Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қосымбаева Қатира Жауынқызы

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы

Қазақ халқының ерлік істері

Жалпы мақсат

Оқушылардың шынайы патриоттық сезімін, елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру; Отан қорғаушының бейнесін тануына ықпал ету. Елінің және өлкесінің тарихымен таныса отырып, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасады. Эмоциялық әлемі адамгершілік әсерлермен байып, моральдық дамуына және шығармашылық қабілетіне әсер етеді.

Оқу нәтижесі

Сабақ оқушыларды оқуға жауапкершілікпен қарауға, тақырыпты түсінуде қалыптан тыс ойлау тәсілдерін қолдануға ынталандырады.

Түйінді идея

Оқушылардың бір нәрсені қалай түсіндіретінін және қалай бағалайтынын тыңдаңыз, араласпаңыз. Бұл кейде ауыр тисе де, сіз үшін құнды: оқушылардың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: «Бүгінгі оқыту, практикалық нұсқау» (1998)

Сілтеме

  • Интернет материалдары
  • «Қазақстан тарихы» энциклопедиясы

Материалдар

  • A4 парақтары
  • Парақшалар
  • Тақырыптық презентациялық жазбалар
  • Үлестірме парақтар

Оқыту әдістері

  • Топтық жұмыс
  • Жеке жұмыс

Сабақ барысы

Психологиялық ахуал қалыптастыру

2 минут

Парақшадағы сөздерді құрастыра отырып, оқушыларды топқа бөлу ұсынылады.

I тапсырма: Ой шақыру

5 минут

Оқушыларға бірнеше бағыттаушы сұрақ ұсынылады:

  • 1 «Соғыс» деген сөзді қалай түсінеміз?
  • 2 Ұлы Отан соғысы қашан болды?
  • 3 Ұлы Отан соғысы қай елдің жеңісімен аяқталды?
  • 4 Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл неше жыл толды?
  • 5 Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырларды атаңдар.

II тапсырма: Ойлан — жұптас — пікірлес

Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топ ұсынылған ақпаратпен танысып, қажетті мәліметтерді іріктейді. Жұмыстың қорытындысы ретінде таныстырылым дайындап, жинаған деректерін постер арқылы түсіндіреді.

I топ

  • Соғыстың басталуы
  • Соғыстың сипаты
  • Кеңес адамдарының патриоттық сезімі; Қазақстан халқының Отан қорғаушылар қатарына жаппай жазыла бастауы
  • Қазақстанда еңбек армиясының құрылуы
  • Қазақстанға әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар; соғыс жылдары салынған құрылыстар

II топ

  • Соғыс жылдарында еңбек еткен, аты аңызға айналған жұмысшылар
  • Соғыстың бастапқы кезеңінде жаудың үлкен басымдыққа ие болуының себептері
  • Б. Момышұлы басқарған полктің ерлігі
  • Қазақстандықтардың Сталинград шайқасындағы ерлігі

III топ

  • Ұлы Отан соғысының аяқталуы
  • Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар
  • Атыраулық Кеңес Одағының Батырлары
  • Атыраулық Даңқ орденінің толық иегерлері