Оқушылардың өтілген тақырыптар квадраттық теңдеу бойынша алған білімдерін тексеру

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық теңдеуді шешу.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың квадраттық теңдеу тақырыбы бойынша өткен материалды меңгеру деңгейін тексеру.

  • Пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойын анық жеткізуге үйрету, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

  • Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білу мәдениетін қалыптастыру.

  • Бабалардан қалған өнегелі сөздердің мәнін ұғындыру, жақсы әдетке баулу, жаман әдеттерден сақтандыру.

  • Ырым-тыйымдарды дұрыс түсіндіру арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Плакат, бүктеме, формулалар жинағы.

Пәнаралық байланыс

Математика, әдебиет, ән-күй.

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы.

Үй тапсырмасы

Тапсырма

2 тест (квадраттық теңдеу), 173-бет (1–5)

1) 3x² − 14x + 16 = 0

D = (−14)² − 4·3·16

2) 8a² − 14x + 5 = 0

D = 14² − 4·5·8 = 196 − 160 = 36

3) 12x² + 16x − 3 = 0

D = 16² − 4·(−3)·12 = 256 + 144 = 400

4) 4x² + 4x + 1 = 0

D = 4² − 4·1·4 = 16 − 16 = 0

5) x² − 8x − 84 = 0

D = 8² − 4·(−84) = 64 + 336 = 400

Үй тапсырмасын орындап болған соң, талқылау сұрағы: «Ата-ана туралы не білеміз?»

Сынып жұмысы

1) x² + 9x − 22 = 0

D = 9² − 4·(−22) = 81 + 88 = 169

2) x² − 12x + 32 = 0

D = 12² − 4·32 = 144 − 128 = 16 = 4²

Тәрбиелік байланыс

Әр айдың соңында Мағжан Жұмабаев туралы тәрбие сағатын өткізіп отырамыз. Математика сабағында да ақын мұрасын еске алу — ой мен сөз мәдениетін қатар дамытуға мүмкіндік береді.

Оқушы(лар)

Ақмарал, Ғалымжан

3) 2x² − 5x − 3 = 0

D = 5² − 4·(−3)·2 = 25 + 24 = 49

4) 3x² − 8x + 5 = 0

D = 8² − 4·5·3 = 64 − 60 = 4 = 2²

Логикалық есеп

Тапсырма

Жауап беруші: Жасұлан

4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда, шыққан сан 4-тен үлкен, ал 5-тен кіші болады?

Нұсқау: ондық бөлшекті қолданып көріңіз.

4.?