Балдырған тобына
Сабақтың жүру барысы
Бұл сабақта оқушылар толық ондықтарды жай бірліктер сияқты қосып-азайтуды түсінеді, деңгейлік тапсырмалар арқылы білімін бекітеді және командалық жұмыс мәдениетін дамытады.
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
- Кезекшінің мәліметі.
- Психологиялық даярлық: бір-біріне сәттілік тілеу.
Сәттілік тілеу (ұжымдық айту)
Қайырлы таң, досым, Қайырлы күн болсын. Бүгінгі бейсенбі күні Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз — Кіл бестіктер болсын!
II. Үй тапсырмасын тексеру
Әдіс
«Ұялы телефон» ойыны арқылы тапсырманы тексеру.
Оқулық
167-бет, №3 тапсырма.
Ойынның мақсаты
Сөйлеу этикасын сақтауға, ойды белгіленген уақыттан асырмай жинақы жеткізуге тәрбиелеу.
Өткен тақырыпты қорытындылау: тест
Оқушылар «Есеп сабағы» әнін тыңдай отырып тест орындайды (өлеңі — О. Әубәкіров, әні — К. Қуатбаев).
-
1) Заттарды біріктіргенде қандай амал қолданамыз?
а) азайту ә) қосу б) бөлу
-
2) Заттарды бөліп алуда қандай амал қолданамыз?
а) қосу ә) азайту
-
3) 5 ондықта неше бірлік бар?
а) 50 бірлік ә) 60 бірлік б) 5 бірлік
-
4) 1 дм-де қанша см бар?
а) 100 см ә) 10 см б) 1000 см
-
5) 1 м-де қанша дм бар?
а) 10 дм ә) 100 дм б) 1000 дм
III. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту: «Көңілді санамақ»
Ондықтарды өсу және кему ретімен мүмкіндігінше тез санап, дене қимылдарын жасайды.
Мағынаны тану: ондықтармен амалдар
Салыстыру
- 7 − 5
- 7 онд − 5 онд
- 2 + 4
- 2 онд + 4 онд
- 5 − 1
- 5 онд − 1 онд
Қорытынды
Толық ондықтарды қарапайым бірліктер сияқты қосып, азайтуға болады.
Интерактивті тақта арқылы №1 тапсырманың шығару жолы түсіндіріледі.
Мотивациялық бөлім: білім туралы ой
XXI ғасырда Қазақстанды әлем танып, өркениетті елдердің қатарына қосылуға үлкен қадамдар жасалуда. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан экономикасы 117-орыннан 61-орынға көтерілді. Еліміз алдағы жылдары әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды мақсат етеді.
Сұрақ: еңселі елулікке ену үшін біз қандай болуымыз керек? Білімді болу дегеніміз не?
Білімді болу — ең алдымен адам болу. Өмірдегі игіліктің бастауы — білім. Қай мемлекеттің де негізгі тірегі тек ғимарат пен экономика емес, білімді, белсенді, дарынды адам. Онсыз қуатты мемлекет құру мүмкін емес.
Бүгінгі сабақта біз «Болашақ баспалдағы» арқылы көтеріліп, Білім шыңына өз туымызды тігуге ұмтыламыз. Ол үшін деңгейлік тапсырмаларды орындаймыз.
Топқа бөлу
1-топ
Айгөлек
2-топ
Балдырған
Тілек
Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына! Ұқыптылық пен зеректік Жеткізеді сіздерді Математика сырына! Қадамдарың оң болсын, Сәт-сапар тілейміз!
1-деңгей
Үшбұрышты тапсырмалар
Айгөлек
- 40 + 50 =
- 60 − 40 =
- 80 − 20 =
- 90 − 20 =
- 70 − 20 =
- 30 + 60 =
Балдырған
- 90 − 80 =
- 100 − 30 =
- 50 + 30 =
- 90 − 50 =
- 100 − 50 =
- 40 + 30 =
2-деңгей
Төртбұрышты тапсырмалар
Айгөлек
20 + 40 + 50 − 10 + 90 =
Балдырған
90 − 70 − 50 − 20 + 30 =
3-деңгей
Жұлдызшалы тапсырмалар
Айгөлек
Аспаз торт пісіру үшін жұмыртқаның 1 ондығын жұмсады. Кекс пісіру үшін 2 ондығын жұмсады. Аспаз барлығы неше жұмыртқа жұмсады?
Балдырған
Тігінші жейделерге қадау үшін түйменің 2 ондығын жұмсады. Көйлектерге қадау үшін 4 ондығын жұмсады. Тігінші барлығы неше түйме жұмсады?
Сергіту сәті
Біз бүгін баламыз, Өсіп алға барамыз. 2030 жылдары Біз де азамат боламыз.
Ойын: «Кім тез есептегіш?»
а) Үйректер
Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек. 1 үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек?
ә) Ешкі мүйізі
Қағаз бен қалам ал. Екі ешкінің мүйізі бар. Сонда барлығы неше мүйіз болады?
б) Асық
10 асықтың үшеуін досың сұрап алды. Айтшы, сонда өз қолыңда неше асық қалады?
Шығармашылық тапсырмалар
Артық затты тап
Топтарға артық затты табуға арналған тапсырмалар беріледі.
Ескерту
Тапсырма мазмұны үлестірме материал бойынша орындалады.
4-деңгей: сызба бойынша есеп құрастыр
Сызба бойынша есеп құрастыр және кері есеп құрастыр.
Айгөлек
Кесе — Тәрелке — ... ?
Балдырған
Алма — ... ? (артық) Алмұрт —
IV. Қорытынды және бағалау
Бағалау парақшасына әр оқушының жинаған ұпайы белгіленеді.
Жеңімпаз топ анықталып, мадақталады.
V. Сабақты қорытындылау
Бүгін біз біліміміздің арқасында «Білім шыңына» туымызды тіктік, яғни білім мен ғылымды дамытуға саналы серпіліс жасадық. Қазақ халқы ешқашан білім мен ғылымнан, мәдениеттен кенде болған емес. Дегенмен әр дәуірдің өз талабы бар: Қазақстанның болашағы — білім мен ғылымда.
VI. Үй тапсырмасы
№3 есеп.