Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадраты

7-сынып Алгебра Жаңа білім Саяхат сабағы

Сабақтың тақырыбы

  1. Қысқаша көбейту формулалары: екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадраты.
  2. Қысқаша көбейту формулалары: екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы.

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты формулаларының мәнін ашу және көпмүшені көпмүшеге ықшам түрде көбейтудің тиімді тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық

Ой-өрісті кеңейту, есте сақтау қабілетін шыңдау, білімге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгеру, саяхат сабағы
Сабақтың әдісі
Топтық жұмыс
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайд, бағалау парағы, үлестірмелі карточкалар
Пәнаралық байланыс
Сурет, география, өзін-өзі тану

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсат-міндеттерін хабарлау.
  • Өзін-өзі бағалау парағын тарату.
  • Оқушыларды 4 топқа бөлу.

Сабақ саяхат форматында өтеді. Ең алдымен оқушылар белгісіз аралға тап болады. Аралдан шығу үшін үй тапсырмасын орындау қажет.

II

Үй тапсырмасын тексеру (Арал тапсырмасы)

Үлестірмелі карточкалар арқылы тапсырмалар таратылады. Есептер дұрыс орындалса, функция графиктері шығады. Оқушылар дайын графиктерді тақтаға іледі.

III

Жаңа сабақ (Кеме тапсырмасы)

Арал тапсырмасынан кейін саяхатты жалғастыру үшін кеме қажет. Кеме «талаптарын» орындау мақсатында 4 топқа тапсырмалар беріледі. Оқушылар жаңа тақырыпты топтық жұмыс арқылы ашады, ал 2 топ формулалар бойынша мысалдар келтіреді.

Қосындының квадраты

Екі өрнектің қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадратына, оған қоса бірінші және екінші өрнектердің көбейтіндісінің екі есесіне, және екінші өрнектің квадратына тең.

Формула

(a + b)² = a² + 2ab + b²

Айырманың квадраты

Екі өрнектің айырмасының квадраты бірінші өрнектің квадратына, одан бірінші және екінші өрнектердің көбейтіндісінің екі есесін алып тастағанға, және екінші өрнектің квадратына тең.

Формула

(a − b)² = a² − 2ab + b²

Ескерту

Тақырып аясында қосынды мен айырманың кубы формулалары да қарастырылады; олар келесі кезеңде мысалдар арқылы бекітіледі.

Автор туралы

Мектеп

ОҚО, Кентау қаласы, Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі

Мұғалім

Устемирова Батия Бектемірқызы