Мәтінге сұрақтар қою
Сабақтың тақырыбы: Қонақ күту
Бұл сабақ қазақ халқының қонақжайлық дәстүрін танытып, оны күнделікті өмірде қолдануға бағытталады. Оқу үдерісінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері меңгертіліп, студенттердің тілдік қарым-қатынас дағдылары дамытылады.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Қонақ күтудің негізгі дәстүрлерімен таныстыру.
- Тақырыпқа қатысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.
- Тілдесім әрекетіне жетелеу және қолданымға үйрету.
Дамытушылық
- Сөйлемді дұрыс құрау дағдысын дамыту.
- Логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
- Ойлау мен сөйлету арқылы білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, өз ойын еркін жеткізуге баулу.
Тәрбиелік
- Қонақжайлыққа, бір-біріне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
- Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін дәріптеу және құрметтеуге баулу.
- Патриоттық сезімді қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар мен әдіс-тәсілдер
Көрнекілігі
Әдіс-тәсілдері
- Интерактивті оқыту
- Мәтінмен жұмыс
- Аударма
- Сұрақ-жауап
- Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру
- Мәнерлеп оқу
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Тарих, география, жаратылыстану, музыка, орыс тілі
Ынталандыру
Студенттер сабақ барысында алған білімдерін болашақта тәжірибеде қолдана алуы тиіс.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық, топқа бөлу және жұмыс ережелерін нақтылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру (үйден дайындап әкелген сұрақтар бойынша).
-
Асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын анықтау:
Адам өмірінің мәні – өз ұрпағы. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер балаға сөзбен дарымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуын төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн.
Талдауға берілген сөздер: өмірінің, ересектерді, балаға, тапсырмаңыздың, үлкендердің
III. Ой қозғау және қызығушылықты ояту
Экрандағы мақал-мәтелдерді оқып, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою.
Ас – адамның арқауы.
Өзі қонақ болып көрмеген, қонақты сыйлай да білмейді.
Асты сұрап бергенше, сабап бер.
Ағайынды іске шақырма, асқа шақыр.
Жақсы болса алғаның, үйіңнен кісі кетпейді, жаман болса алғаның, шын дос та шеттейді.
Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп.
Қонақ аз отырып, көп сынайды.
Асыңа тойғызбасаң да, ақ ниетіңе тойғыз.
Құтты қонаққа – тәтті тамақ.
Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.
Көңілі кең болса, үйдің тарлығы білінбес.
Сыларға асың болмаса, сыйпарға тілің болсын.
Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.
Қонақ бір күн қонса – құт, екі күн қонса – жұт.
Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
Талқылау сұрағы: Бұл мақал-мәтелдер не туралы?
Жауап: Қонақ және қонақ күту мәдениеті туралы.
IV. Жаңа сабақ
Оқытушының кіріспе сөзі: Әр халықтың өз шаңырағы бар. Сол шаңырақтың астында дастарханы мол, қонағы үзілмейтін халық ретінде қазақ халқының қонақжайлығы ерекше. Ендеше, тақырыпқа байланысты шағын бейнеролик тамашалайық.
Бейнеролик бойынша сұрақтар
- Роликте не туралы баяндалды?
- Қонақ келгенде қандай қызмет көрсетесіңдер?
- Қонаққа айтылатын қандай әдеп сөздерді білесіңдер?
- Қонақ келгенде сендердің атқаратын міндеттерің қандай?
- Қандай дәстүр немесе қандай ырым туралы айтылды?
Грамматикалық тақырып: сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Төмендегі тіркестерден сөздердің тура және ауыспалы мағынада қолданылуын анықтаңдар.
| Тура мағына (мысал) | Ауыспалы мағына (мысал) |
|---|---|
| Жаңбыр құйды | Шай құйды |
| Дүкенге бару | Әңгіме-дүкен құру |
| Жүк көтеру | Көңілін көтеру |
| Сарбаздар тік тұрды | Аяғынан тік көтеру |
| Үйдің төрі | Жүрегімнің төрі |
| Есікті ашу | Сауат ашу |
V. Мәтінмен жұмыс (топтық жұмыс)
Осы кезеңнен бастап топ жетекшілері бағалау парағына қатысушылардың жұмысын белгілеуді бастайды.
Тапсырмалар
- Мәтінді мәнерлеп оқу (шеңберлей оқу).
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
- Мәтінді келесі топқа түсіндіру (кесте, сызба және т.б.).
- Мәтінді қорғау.
Сөздік
- Төр
- почетное место
- Құт, ырыс
- счастье, богатство
- Бабын табу
- найти подход
- Жағдай жасау
- создавать условия
- Жөн сұрасу
- приветствовать друг друга
- Әңгіме-дүкен құру
- беседовать
- Аяғынан тік тұрып қызмет ету
- прислуживать, ухаживать
- Бұлжытпай орындау
- выполнять беспрекословно
Жазбаша жұмыс (әр сөйлем мүшесіне арнайы сұрақ қою)
Бұл қыздың жасы он алтыға жаңа толды.
Оның университетке түскісі келеді.
Бала атасының бетіне таңдана қарады.
Сәуле күндегі әдетінше ерте тұрды.
Оның жақсы көретін студенттерінің бірі — Азат.
Жүз жиырма беске бөлінеді.
Ол жақсы сөйлейді.
Тексеру: студенттер бір-бірінің жұмысын өзара тексереді.
Тақтамен жұмыс (жалғауларды жалғау)
4 студент тақтаға шығып, берілген сөздерге жалғаулар жалғайды. Қалған топ мүшелері тексереді.
Сөздер: ұлт, бата, қонақ, дәстүр, тағам, тілек, әнші, береке.
Кәсіби сөздермен жұмыс
Кәсіпке байланысты жаңа сөздерді қайталау және диалог құрастыру.
1-топ
Электрмонтаждаушы — «қонақтар» рөлі.
2-топ
Пісіруші — «үй иесі» рөлі. «Пісіру цехына саяхат» тақырыбында диалог құрастыру.
Сергіту сәті
«Қазақтың дәстүрлері» әнін тыңдау.
VII. Сабақты қорыту: «Кім тапқыр?»
Студенттер ұяшықты таңдап, сәйкес сұраққа жауап береді.
№1. Қазақтың салт-дәстүрлері
- Дүниеге келген сәбиді бесікке салу дәстүрі қалай аталады?
- Қыз ұзату тойында айтылатын қоштасу әні қалай аталады?
- Шақырылмай келетін қонақтың түрі қалай аталады?
- Ең негізгі ұлттық тағам қандай?
№2. Жалғау түрлері
- Қазақ тілінде септіктің неше түрі бар?
- Үндестік заңына бағынбайтын жалғау түрін атаңыз.
- Заттың біреуге меншіктілігін білдіретін жалғау қайсы?
- «Мамандарымен» сөзіндегі жалғау түрлерін атаңыз.
VIII. Сабақты бағалау
Топ жетекшілеріне сөз беріледі: олар өз топтарындағы студенттердің және өздерінің сабаққа қатысуын бағалайды.
| Р/с | Білім алушының аты-жөні | Үй тапсырмасын пысықтау | Жаңа сабаққа қатысу | Жаңа сабақты бекіту | Қорыту |
|---|---|---|---|---|---|
| — | — | — | — | — | — |
IX. Үй тапсырмасы
«Қазақ отбасындағы қонақ күту» тақырыбында эссе жазу.
Автор туралы
Атырау энергетика және құрылыс колледжі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы — Ажмагинова Айгүл Рашидовна.