Пайдалы және зиянды бунақденелілерді ата

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Кеңес ауылы — Кеңес орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Дәулетқұлова Айгүл

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер

Білімділік

Оқушыларға жануарлардың маңызды топтарының бірі — бунақденелілер туралы білім беру, олардың тіршілігі жайлы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Тәжірибелер арқылы оқушылардың танымын кеңейту, қызығушылығын ояту; дүниетанымын, сөздік қорын және тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік

Қоршаған ортаны қорғауға баулу арқылы экологиялық тәрбие беру, жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

  • СТО технологиясының тәсілдері
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілік арқылы түсіндіру
  • Жарыс, ойын

Көрнекілік

Суреттер, жануарлар топтамасы.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

2) Үй тапсырмасы

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • Түсінік айтуға дайындалу.

3) Жаңа білімге дайындық

Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге ынталандыру, назарын сабақ тақырыбына шоғырландыру.

Жаңа сабақ: жануарлар топтары

Сабақта жануарлар әлеміндегі негізгі топтар еске түсіріліп, олардың ішінен бунақденелілер тобына ерекше назар аударылады.

Бунақденелілер Балықтар Құстар Бауырымен жорғалаушылар Қосмекенділер Сүтқоректілер

Оқулықпен жұмыс

  • Оқулықта берілген суреттерді талдау.
  • Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • Дауыстап кезекпен оқу.
  • Тізбектей оқыту арқылы мазмұнын меңгерту.

Ой қозғау

Бунақденелілер — жануарларға жататын, көбіне өте ұсақ болғандықтан халық арасында жәндіктер деп аталатын тіршілік иелері.

Оларға қоңыз, шыбын, маса, балара және басқа да түрлер жатады. Бунақденелілердің ішінде пайдалы да, зиянды да түрлері бар.

Мысалы, балара гүл шырынын сорып, бал жинайды. Бал алу үшін адамдар балараны қолдан асырайды. Ал балара мен құмырсқа еңбекқор жәндіктер ретінде ерекше аталады: дене тұрқы кішкентай болса да, атқаратын жұмысы көп.

Қыста бунақденелілер топырақ арасына кіріп немесе жапыраққа оранып қыстап шығады. Көктемде олар жасырынған жерінен шығып, тіршілігін жалғастырады.

Жұмыртқадан дернәсіл шығады. Дернәсіл — жәндіктің жұмыртқадан жарып шыққан, әлі толық өспеген баласы.

Пайдалы және зиянды бунақденелілер

Пайдалы

  • Бал ара
  • Құмырсқа
  • Шаншар
  • Жібек көбелек

Зиянды

  • Колорадо қоңызы
  • Капуста көбелегі
  • Шегіртке
  • Шыбын

Мысал ретінде кездесетін түрлер

Көбелек, шыбын, маса, құмырсқа, ұлу, шаян.

Сергіту сәті

Қандай әдемі көбелек,
Мен қарадым қызыға.
Енді ұстай бергенде,
Ұшып кетті не керек.

Сұрақтар мен тапсырмалар

Талқылау сұрақтары

  1. Суреттердегі бунақденелілердің атын ата.
  2. Бунақденелілердің алуан түрлі әрі табиғатта өте көп таралған жәндіктер екенін мысалдармен дәлелде.
  3. Пайдалы және зиянды бунақденелілерді ата.

Қолдану тапсырмалары

  1. Суретке қарап, қысқа әңгіме құрастыр.
  2. Бунақденелілер көбіне қандай жерлерде тіршілік етеді?
  3. Өз аулаңнан қандай бунақденелілерді көруге болады?

Шығармашылық жұмыс

Бақылау жұмысы 1

Өзіңе ыңғайлы келген балараның немесе құмырсқаның тіршілігін бақыла. Жаз бойғы тіршілігін әңгімелеп бер.

Бақылау жұмысы 2

Қанқыздың немесе құмырсқаның тіршілігін бақылап, байқағаныңды сыныпта баянда.

Сабақты қорыту

Біз не білдік?

  • Бунақденелілер — табиғатта кең таралған, түрі өте көп жәндіктер тобы.
  • Олардың ішінде пайдалы және зиянды түрлер кездеседі.
  • Жәндіктердің дамуы жұмыртқа → дернәсіл кезеңдерімен жалғасады.
  • Қоршаған ортаны қорғау — жануарларды қорғаудың маңызды бөлігі.

Үй тапсырмасы

Бунақденелілердің біреуінің суретін салып кел.

Бағалау

Оқушылардың білімі мен сабаққа қатысу белсенділігі бағаланады.