Ежелгі құрылыстар
Пәні
Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы
Архитектуралық ескерткіштер
Мұғалім
Абдуллаев Дулат Байдуллаевич
Сабақ ұзақтығы
45 минут
Оқу мақсаттары
Оқушылар ежелгі дәуірлер мен орта ғасырлардағы құрылыстар, сәулет ескерткіштері туралы білім алады және оларды ажырата біледі.
Күтілетін нәтиже — 1-деңгей (білу, түсіну)
Оқушылардың барлығы ежелгі дәуірлер мен орта ғасырлардағы құрылыстардың салынуы туралы бастапқы мәлімет алады.
Күтілетін нәтиже — 2-деңгей (қолдану, талдау)
Оқушылардың көбісі қазақ жерінде ерте кезеңдер мен орта ғасырларда тұрғызылған тарихи құрылыстарды біледі және ажырата алады.
Күтілетін нәтиже — 3-деңгей (жинақтау, бағалау)
Оқушылардың кейбірі қосымша материалдар тауып, шығармашылық жұмыс арқылы тақырыпты тереңдетеді.
Сабақ жоспары
Төменде 45 минуттық сабақтың кезеңдері, тапсырмалар және бағалау тәсілдері берілген.
Ұйымдастыру кезеңі
3 минут
- Психологиялық ахуал қалыптастыру: оқушылар бір-біріне ақ тілектер айтып, жағымды көңіл күй қалыптастырады.
- Топқа бөлу: суреттер арқылы (киіз үй, ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары).
- Сабаққа дайындықты бақылау: оқу құралдары мен жабдықтарды тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау
7 минут
1-деңгей (білу, түсіну)
«Кім жылдам?» ойыны
- Тарихты оқып-білу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Қазақстан тарихы қандай кезеңдерден тұрады?
- Тас дәуірі қандай кезеңдерден тұрады? Неолит дәуірінде қандай жаңалықтар ашылды?
- Қола дәуірі мәдениеті туралы не білдіңдер?
- Сақ тайпаларының қандай түрлерін білесіңдер?
2-деңгей (қолдану, талдау)
«Дұрыс жауабын тап» (сәйкестендіру)
| Сипаттама | Дұрыс атауы |
|---|---|
| Киіз үйдің шеңбер қабырғасы | Кереге |
| Шаңырақ пен керегені байланыстыратын | Уық |
| Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі | Шаңырақ |
3-деңгей (жинақтау, бағалау)
«Кім тапқыр?» ойыны
- Киіз үй үлкен-кішілігіне қарай неше қанатты болып бөлінеді? (4, 6, 8, 12 қанатты)
- Қыз ұзатылғанда киетін бас киім қалай аталады? (Сәукеле)
- Мал терісінен жасалатын қажетті бұйымдар: (саба, торсық)
Жаңа сабақ
3–5 минут
«Қазақ жеріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер» тақырыбында бейнематериал көрсетіледі (қарап шығу әдісі).
- Ежелгі құрылыстар
- Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері
- Ерте кезден сақталған ғимараттар
Сабақты бекіту
17 минут
Деңгейлік тапсырмалар: сұрақ, кесте, тест
1-деңгей (білу, түсіну)
«Құрылыстар атын тап»
- Қола дәуірінде күйдірілген кірпіштен салынған кесене? (Түгіскен)
- Қазақтар кейде «үйтас» деп атаған ескерткіштер: (Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Домбауыл және т.б.)
- XI–XII ғасырларда салынған, Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі ғимарат: (Айша бибі кесенесі)
2-деңгей (қолдану, талдау)
Кестемен жұмыс: күмбез-кесенелер
| Күмбез/кесене | Орналасқан жері | Мерзімі |
|---|---|---|
| Алаша хан күмбезі | Тараз қаласы маңы | XI–XII ғасырлар |
| Қожа Ахмет Иасауи кесенесі | Түркістан қаласы (Отырар өңірі) | 1399–1404 жж. |
| Жошы хан кесенесі | Жезқазғаннан ~40 км, Кеңгір өзені бойы | XIII ғасыр |
| Айша бибі кесенесі | Тараздан 18 км | XI–XII ғасырлар |
| Қарахан кесенесі | Тараз қаласы маңы | XI–XII ғасырлар |
3-деңгей (жинақтау, бағалау)
Тест тапсырмалары
-
Киіз үйдің алғашқы нұсқасы қай кезеңде жасалды?
а) тас дәуірінде ә) темір дәуірінде б) қола дәуірінде в) орта ғасырларда
-
Қожа Ахмет Иасауи кесенесі қай қалада орналасқан?
а) Түркістанда ә) Таразда б) Сайрамда в) Атырауда
-
«Пантеон» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
а) құдайлар мекені ә) адамдар мекені б) жер жәннәті в) жерұйық
Үйге тапсырма
5–7 минут
1-деңгей (білу, түсіну)
Ежелгі дәуірлер мен орта ғасырлардағы құрылыстар және сәулет ескерткіштері туралы мәтінді оқып келу.
2-деңгей (қолдану, талдау)
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарға жазбаша жауап дайындау.
3-деңгей (шығармашылық/зерттеу)
Тақырып бойынша қосымша материалдар тауып, шығармашылық жұмыс орындау.
Бағалау
Сабақ барысында топ басшысы өз тобындағы оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауын бақылап, бағалау парағына белгілейді.
| № | Оқушының аты-жөні | Үй тапсырмасы | Жаңа сабақ | Жалпы ұпай | Баға |
|---|---|---|---|---|---|
| 1 | — |
|
|
— | — |
| 2 | — | — | — | — | — |
| 3 | — | — | — | — | — |
| 4 | — | — | — | — | — |
| 5 | — | — | — | — | — |
Ескерту: әр сұрақ — 1 ұпай. Жалпы — 30 ұпай. 25–30 ұпай — көшбасшы; 20–25 ұпай — «5»; 15–20 ұпай — «4»; 10–15 ұпай — «3».
Кері байланыс
2 минут
Рефлексия сұрақтары
- Сабақтың мақсатына жетуде қандай іс-әрекеттер тиімді болды?
- Қандай тұстар тиімсіз болды немесе қиындық тудырды?
- Келесі сабақта жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізер едіңіз?