Сөздерді салыстырып оқы
Сабақтың мақсаты
Бұл сабақта оқушылар негізгі және туынды зат есім тақырыбы бойынша білімін жүйелеп, практикалық тапсырмалар арқылы бекітеді.
Білімділік
- Негізгі және туынды зат есім туралы түсінікті пысықтау.
- Аталған тақырып бойынша алған білімді жинақтау.
- Сөздік қорды арттыру және сауатты жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.
- Бір-бірінің пікірін тыңдау мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік
- Өз әрекетін жоспарлау және жүйелеуге баулу.
- Топта бірлесіп, ынтымақтастықпен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың құрылымы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, сыныптың дайындығын тексеру.
-
2
Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша орындалған жұмысты талдау.
-
3
Оқушы білімін тексеру
Негізгі ұғымдар бойынша сұрақ-жауап.
-
4
Мақсат қою
Сабақ міндеттерін нақтылау, күтілетін нәтижені белгілеу.
-
5
Жаңа материалды түсіндіру
Негізгі және туынды зат есімдерді ажырату.
-
6
Түсінгенін тексеру
Жаттығулар арқылы талдау және салыстыру.
-
7
Жаңа материалды бекіту
Ойын түріндегі сұрақтармен қорытындылау.
-
8
Үйге тапсырма
Тақырып бойынша қосымша жұмыс беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы таң! Қалдарың қалай?
ІІІ. Оқушы білімін тексеру
Негізгі ұғымдарды еске түсіру үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріледі.
Сұрақтар
- Зат есім дегеніміз не?
- Етістік дегеніміз не?
- Түбір дегеніміз не?
- Қосымша нешеге бөлінеді? Оларды ата.
- Сын есім дегеніміз не?
Мақсат қою кезеңі
Негізгі және туынды зат есімдер туралы мағлұмат бере отырып, оқушылардың алған білімін жүйелеу және жинақтау.
IV. Жаңа материалды түсіндіру
Зат есім
Зат есім — заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы.
Сұрақтары:
кім? не? кімдер? нелер?
Тұлғасына қарай
Негізгі зат есім
- құрт
- дене
- адам
- еден
- шатыр
Туынды зат есім
- еңбек + -тен
- көңіл + -шек
- бас + -тық
- дана + -лық
Туынды зат есім — түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім.
Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
152-бет, 19-жаттығу
Сөздерді салыстырып оқы. Әрқайсысына сұрақ қойып, айырмашылығын байқа.
өнер — өнерпаз
балық — балықшы
күй — күйші
көл — көлшік
сый — сыйлық
орын — орындық
Қосымшалы сөздерді көшіріп жаз. Сөз құрамына талда.
20-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқы.
Тау мен тасты қопарар
Кенші болғым келеді.
Достық сәлем апарар
Елші болғым келеді.
Бармағынан бал тамған
Аспаз болғым келеді.
Алар озып бәйгені
Малшы болғым келеді.
Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Көбелек боп ұшайық.
Ұшып, ұшып алайық,
Әдемі гүлге қонайық.
21-жаттығу
Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.
Шын еңбекшіл — өрмекші,
Өрмекші — шын өрнекші.
Жаңа материалды бекіту
«Біздің мектеп» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты қорытындыла.
Қайталау сұрақтары
- Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
- Негізгі зат есім дегеніміз не?
- Туынды зат есім дегеніміз не?
- Түбір дегеніміз не?
- Қосымша нешеге бөлінеді?
- Морфология дегеніміз не?
- Етістік дегеніміз не және қандай сұрақтарға жауап береді?
- Жалғау нешеге бөлінеді? Оларды ата.
Рефлексия
Нені білемін?
Тақырып бойынша бастапқы білімімді анықтаймын.
Нені білдім?
Жаңа ұғымдар мен мысалдарды қорытындылаймын.
Нені білгім келеді?
Келесі қадамға сұрақтар қоямын.
VII. Үйге тапсырма
Тапсырма
Оқулықтағы тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындап, негізгі және туынды зат есімдерді ажыратып кел.
Ескерту
Сабақ барысында жауап беру кезінде сөздерге дұрыс сұрақ қоюға, қосымшаны анықтап, сөз құрамын дәл талдауға назар аударылады.