Олимпиада жеңімпаздары слайд ІІІ бөлім

Сабақтың тақырыбы

Олимпиада жеңімпаздары – ұлт мақтанышы

Мақсаты

1) Білімдік бағыт

Оқушыларға ХХХ – Лондон Олимпиада ойындарының басталуы мен тарихы туралы мәлімет беру. Мемлекеттік маңызы зор белгілер – Қазақстан Республикасының рәміздерімен жан-жақты таныстыру. Лондон Олимпиадасының негізгі күндеріне қысқаша шолу жасау.

2) Дамытушылық бағыт

Лондон Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың жетістіктері – еліміз үшін зор мақтаныш екенін түсіндіру арқылы оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру. Мемлекеттік рәміздердің маңызын ұғындырып, оларды құрметтеуге баулу, ой-өрісін кеңейту.

3) Тәрбиелік бағыт

Оқушыларды патриоттық рухта және рухани-адамгершілік құндылықтарға сай тәрбиелеу. Отанды сүюге, рәміздерді қастерлеуге үйрету, өз елінің нағыз патриоты болуға бағыттау.

Көрнекілігі

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • Нақыл сөздер
  • Слайд-презентация

Сабақ барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Олимпиада жеңімпаздары – ұлт мақтанышы» атты тәрбие сағатын ұсынамыз.

Сахналық белгі:

Әнұран орындалады. Сабақтың мақсаттары мен жоспарымен таныстырылады.

Жоспар

  1. I «Олимпиаданың басталуы, ойындары және тарихы туралы»
  2. II «Олимпиада жеңімпаздары» (слайд)
  3. III Қорытынды

Лондон 2012: қысқаша тарихи шолу

Мұғалімнің түсіндірмесі

Бастауын ежелгі Грекиядан алатын әйгілі Олимпиада ойындарының 2012 жылы Лондон қаласында өтетіні бұдан 7 жыл бұрын анықталған еді. Жазғы Олимпиаданы өткізу мәртебесіне ие болған Лондон әлемнің 9 қаласының арасынан таңдап алынды.

ХХХ жазғы Олимпиада ойындары 2012 жылдың 27 шілдесі мен 12 тамызы аралығында Ұлыбритания астанасы Лондонда өтті. Лондон Олимпиаданы үш рет қабылдаған алғашқы қала болды: бұған дейін 1908 және 1948 жылдары өткізген.

Олимпиада алауы Лондон қаласында жағылды. Жазғы ойындардың салтанатты ашылуын Елизавета II патшайым ашты.

1-оқушы

Ұраны: Жаңа ұрпақты шабыттандыру.

2-оқушы

Лондон Олимпиадасының ресми әнұраны ретінде Muse тобының «Survival» (қаз. «Өміршеңдік») әні таңдалды. Ән ашылу салтанатында және жеңімпаздарды марапаттау сәттерінде орындалды.

3-оқушы

Логотип: төрт дұрыс емес көпбұрыштан тұрады және 2012 санын бейнелейді. Бір бөлігінде «London» сөзі, екіншісінде Олимпиадалық сақиналар берілген. Негізгі түстері: көк, сарғылт, жасыл, қызғылт (қара нұсқалары да болған).

4-оқушы

Бойтұмарлар: 2010 жылдың 19 мамырында жарияланды. Автордың айтуынша, олар Болтондағы болат құю үдерісінен қалған екі «тамшыдан» туған Уэнлок пен Мандевил.

5-оқушы

2012 жылы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар жаңа ареналарда, бұрыннан бар әрі тарихи нысандарда, сондай-ақ заманауи құрылыстарда өтті. Ең танымал орындардың қатарында Гайд-парк пен Атты гвардия алаңы аталды.

Үлкен Лондондағы негізгі аймақтар:

  • Олимпиадалық аймақ — Олимпиадалық қалашық орналасқан өңір
  • Өзендік аймақ — қаланың шығысындағы Темза өзені маңы
  • Орталық аймақ — қаланың орталығы мен батыс бөлігі

6-оқушы

ХХХ жазғы Олимпиада ойындары 2012 жылдың 27 шілдесінде Ұлыбритания уақытымен сағат 21:00-де Лондондағы Стратфорд стадионында салтанатты түрде ашылды. Көрініс «Ғажайып аралдар» деп аталды. Ашылу рәсімін 80 мың көрермен тамашалады.

7-оқушы

2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының сайыстары спорттың 26 түрінен және 39 бөлімінен тұрды. Алты құрлық көз тіккен бұл додаға еліміз үлкен дайындықпен қатысты.

Қазақстан атынан спорттың 25 түрінен 115 спортшы бақ сынады. Сондай-ақ Қазақстан спортшылары алғаш рет семсерлесу, су полосы және әйелдер боксы бойынша олимпиадалық жолдама жеңіп алды.

Адамзатты бейбітшілік пен берекеге үндейтін айтулы жарыста ел намысын қорғаған спортшыларымыз жеңіспен оралып, халыққа қуаныш сыйлады. Ендеше жеңімпаздарымызды слайд арқылы тамашалайық.

8-оқушы

Лондондағы 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты 2012 жылдың 12 тамызында өтті. Салтанатта олимпиадалық ту Лондон мэрінен 2016 жылғы Жазғы Олимпиаданы қабылдайтын Рио-де-Жанейро қаласының мэріне табысталды.

Ән

«Көк тудың желбірегені»

Қорытынды

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Құрметті оқушылар! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен, бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерің, күш-жігерлерің және білімдерің қажет… Отан сендерге зор үміт артады», – деп атап өткен.

Сондықтан Елбасының сенімін ақтайтын саналы азамат пен азаматша болайық. Сендер тәуелсіз, еркін елде ер жетіп келесіңдер. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстанның ертеңі – өз қолдарыңда.

Түйін:

Отанды сүю, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ел намысын қорғаған чемпиондарды бағалау — нағыз патриоттық тәрбиенің өзегі.