Модульдік технологияның тәрбие жүйесіндегі мәні мен маңызыШебер - сыныпЖаңа Қазақстанның жаңа ұрпағын даярлау барысында, педагогика саласында тәрбие технологиясы деген ұғым пайда болды

Модульдік технологияның тәрбие жүйесіндегі мәні мен маңызы

Шебер-сынып материалы

Жаңа Қазақстанның жаңа ұрпағын даярлау үдерісінде педагогика саласында тәрбие технологиясы ұғымы қалыптасты. Бұған жаңа ұрпақты заман талаптарына сай, құндылықтарды сақтай отырып тәрбиелеу қажеттілігі түрткі болды.

Қазіргі педагогтердің алдында тұрған негізгі міндет — қазақ халқының ұзақ жылдар бойы қалыптасқан жағымды әрі пайдалы ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, жаңа дәуірге бейімделген білімді, мәдениетті жас ұрпақты тәрбиелеу.

Тәрбие технологиясы дегеніміз не?

Тәрбие технологиясы — белгілі бір тәртіппен және арнайы уақыт аралығында жүргізілетін, нақты мақсатқа бағытталған жүйеленген педагогикалық іс-әрекеттер жиынтығын жоспарлау, ұйымдастыру және басқару үдерісі.

Тәрбие технологиясының нәтижелі іске асуы тәрбиеленушінің ізденушілік, танымдық және мотивациялық белсенділігіне, сондай-ақ оның әрекеті мен ниетіне тікелей байланысты. Сондықтан ол кей жағдайда қысқа мерзімде-ақ тиімді нәтиже беруге мүмкіндік жасайды.

Осыған байланысты тәрбие технологиясы көпнұсқалы сипатқа ие және шығармашылық ізденістің нәтижесі ретінде дамып отырады.