Тақ сандарды ата

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Орны

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектеп

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі — Жүзбаева Баян

Пән / Сынып

Математика, 1-сынып

Сабақ тақырыбы

7 санын қосу және азайту

Типі / Түрі

Дәстүрлі сабақ, іскерлік ойын элементтерімен

Құралдар

Компьютер, интерактивті тақта

Сабақ мақсаты

  • Оқушыларды тиімді тәсілдер арқылы қосу және азайту амалдарын орындап, есептер шығара білуге үйрету.
  • Логикалық ойлауын, есте сақтауын және есептеу дағдыларын дамыту.
  • Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс және әдістер

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, музыка, дүниетану

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету

Сабақтың барысы

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр. Оларды жылы жүзбен қарсы алып, амандасып алайық. Одан кейін өткен сабақтарда алған білімімізді пысықтаймыз.

Өткенді қайталау (сұрақ-жауап)

  • Санды немен белгілейміз? — цифрмен.
  • Цифрды не істейміз? — көреміз, жазамыз.
  • Кесіндіні немен өлшейміз? — сантиметрмен (см).
  • Жұп сандарды ата.
  • Тақ сандарды ата.
  • Қосудың компоненттерін ата.
  • Азайтудың компоненттерін ата.
  • Қосудың ауыстырымдылық қасиеті туралы не білесің?
  • Маратта 5 іні, Мұратта 2 іні бар. Барлығы неше іні? — 7.

Жаңа сабаққа кіріспе: 7 саны

Сұрақ

Балалар, сендер қазір неше жастасыңдар?

Жауабы: 7

Ойлан

7 санының артына 0 цифрын қойсақ, қандай сан шығады?

Тарихи дерек

Ұлы Жеңіске 70 жыл.

Ертеден бері көп халық жеті санына ерекше мән берген. Қазақ халқы да жеті санын қасиетті деп танып, салт-дәстүрі мен таным-түсінігінде кеңінен қолданған. Ендеше, «Сиқырлы сандыққа» назар аударайық.

«Сиқырлы сандық» тапсырмалары

1-сандық: «Жеті шелпек» және қосу

Қазақ халқында және өзге де мұсылман халықтарында жұма күні қасиетті күн саналады. Бұл күні әжелер мен аналар «жеті шелпек» пісіріп, үлестіреді. Шелпек алған адам «Қабыл болсын!» деп тілегін айтады, ал таратқан адам «Әумин!» деп қабыл алады. Сондай-ақ жұма күні қайтыс болған туыстарына арнап Құран бағыштайды.

Қосу мысалдары

7 + 1 = 8
7 + 2 = 9
7 + 3 = 10
1 + 7 = 8
2 + 7 = 9
3 + 7 = 10

Бұл мысалдар қосудың ауыстырымдылық қасиетін көрсетеді: қосылғыштардың орнын ауыстырсақ та, қосынды өзгермейді.

Азайту: 7 санынан кеміту

Азайту кестесі

7 − 1 = 6
7 − 2 = 5
7 − 3 = 4
7 − 4 = 3
7 − 5 = 2
7 − 6 = 1
7 − 7 = 0
7 − 0 = 7

2-сандық: «Жеті ата»

«Жеті ата» — қазақ халқының дәстүрлі түсінігіндегі ата-текті таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті.

1

Бала

2

Әке

3

Ата

4

Арғы ата

5

Баба

6

Түп ата

7

Тек ата

Практикалық жұмыс: кесінділерді өлшеу

Кесінділерді өлшеп, қосындысы мен айырмасын табамыз.

Айырмасын табу

Көк кесінді — 9 см, қызыл кесінді — 7 см. Айырмасы: 9 − 7 = 2. Демек, қызыл кесінді 2 см қысқа.

9 см − 7 см = 2 см

Қосындысын табу

Қызыл кесінді — 7 см, жасыл кесінді — 3 см. Қосындысы: 7 + 3 = 10.

7 см + 3 см = 10 см

3-сандық

Бұл бөлім слайдтар арқылы толықтырылады: толық нұсқасын жүктеу және слайдын жүктеу материалдары көрсетіледі.