Топпен кеңесу
Сабақ тақырыптары
- Информатика пәнінің алғырлары
- Қайталау операторлары (слайд)
Информатика пәнінен ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
- Сабақтың тақырыбы
- Информатика пәнінің алғырлары
- Сыныбы
- 7-сынып
- Сабақтың типі
- Қайталау сабағы
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі емес сайыс сабағы
- Сабақтың әдістері
- Тест, сұрақ-жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, меңгеру деңгейін бақылап, бағалау.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін және логикалық сауаттылығын дамыту; пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік
Пәнге, білімге, шығармашылыққа баулу; ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбекқорлық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу; ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Үлестірмелі парақтар
- Кубик және қосымша материалдар
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар өз орындарына отырғызылып, еркін түрде 2 топқа бөлінеді (әр топта 6 оқушы).
Мұғалімнің кіріспе сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сайыс сабағымыз өтілген тараулар бойынша білімдеріңді тексеруге бағытталған. Тапсырмаларды топ болып ақылдасып орындайсыңдар. Алдарыңда бағалау парағы бар — бүгін өзін-өзі бағалау жүргіземіз: әр тапсырмадан кейін өз ұпайларыңды белгілейсіңдер».
2) Сергіту сәті: «Әлем халықтарының амандасуы»
Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, мұғалім айтқан амандасу түрлерін қимыл арқылы көрсетеді.
- Қазақтар: қол алысады.
- Италияда: құшақтасады.
- Бразилияда: бір-бірінің иығын қағады.
- Никарагуада: арқаларын тигізеді.
- Зимбабведе: шынтақ түйістіреді.
- Австралияда: шапалақтап, секіріп амандасады.
Сергіту сәтінен кейін оқушылар орындарына жайғасады.
3) Топ басшыларын таңдау және жұмыс ережесі
Мұғалім топ басшыларын анықтайды. Әр топ басшы өз құрамын кезекпен таңдайды және таңдаудың себебін қысқаша түсіндіреді.
Ескерту
Әр оқушы өз тобына отырады және топ басшысының ұйымдастыруына бағынады.
4) Мақсатты тану: «Идея себеті»
Тақтаға «Идея себеті» суреті ілінеді. Әр оқушыға стикер таратылады. Оқушылар стикерге осы сабақтан және жалпы информатика пәнінен нені үйреніп жүргенін жазып, себетке жапсырады.
Мысалдар
- Компьютерді еркін меңгеремін.
- Дискімен жұмыс істеуді үйренемін.
- Слайд (презентация) жасай аламын.
- Есептер шығарамын.
Өзін-өзі бағалау
Оқушыларға бағалау критерийлері бар бағалау парағы таратылады. Өзін-өзі бағалау — мақсатқа жетуді жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдауға және өзін тануға көмектесетін маңызды дағды.
«Бағалау» термині латын тіліндегі «жақын отыру» мағынасымен байланыстырылып түсіндіріледі.
5) «Мозайка» құрастыру (1 минут)
Музыка қосылады. Топтар 1 минут ішінде мозайканы құрастырады. Дайын болған топ қолдарын біріктіріп жоғары көтеріп белгі береді.
Құрастырылған мозайкадағы өмірлік ұстанымдарды дауыстап айтып шығады. Бұл ұстанымдарды тек сабақта емес, өмірде де қолдануға ынталандырылады.
Қорытынды: мадақтау ретінде «Үш шапалақ».
6) «Миға шабуыл»
Экраннан «Маша мен Аю» мультфильмінен үзінді көрсетіледі.
Сұрақ
Маша неге пианино үйрене алмады? Ноталардан неге жиі жаңылысты?
Топтар ақылдасып жауап береді. Түйін: әр нәрсенің өз заңдылығы бар; заңдылықты білмей, үйренбей әрекет етсең — қателесуің мүмкін.
7) Шығармашылық жұмыс: «Кім тапқыр?»
Сұрақ
Сызықтық алгоритм қалай орындалады?
Жауап
Тізбектеліп, яғни қадамдар бірінен кейін бірі ретімен орындалады.
Келесі тапсырмада оқушылар сызықтық алгоритм логикасына сүйене отырып, берілген деректерді дұрыс ретпен орналастырады. Музыка қосылады.
Фондық әуен: «Мен қазақпын»
Тапсырма: ЭЕМ буындарын сәйкестендіру
Жылдарын, буындарын және қолданылған технологияны сәйкестендіріп, тақтаға іліп шығу қажет. Дайын болған топ белгі береді және өз жұмысын қорғайды.
ЭЕМ 1 буыны
1946–1958 жж.
Электрондық лампалар мен релелер
ЭЕМ 2 буыны
1958–1964 жж.
Жартылай өткізгішті транзисторлар
ЭЕМ 3 буыны
1964–1972 жж.
Интегралдық сызбалар
ЭЕМ 4 буыны
1972–2015 жж.
Үлкен интегралдық сызбалар
ЭЕМ 5 буыны
Алдағы онжылдықтар
Болашақ технологиялар
Соңында әр топтың жұмысы бағаланады (бағалау парағы арқылы).