Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру
Мақсаты
-
Түсінікті кеңейту
Оқушылардың қоршаған орта туралы білімін толықтыру, қыс қызығы жайлы еркін әңгімелеуге баулу.
-
Ойлау мен сөйлеуді дамыту
Қыс айының ерекшеліктерін сезіндіру арқылы ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
-
Шығармашылықты жетілдіру
Табиғат көрінісін сипаттау, қысқы қызықтарды әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.
-
Тәрбиелік бағыт
Өзара сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
I. Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
Білгір қазақ баласы,
Сәлем — сөздің анасы.
Тобымызға кеп отырған,
Қонақтарға қарашы.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз:
«Сәлеметсіздер ме?»
Топқа бөлу (СТО технологиясы)
Ортаға қыста ойналатын ойын құралдарының суреттері қойылады: шана, шаңғы, коньки. Балалар өздеріне ұнаған суретті таңдап алып, сол таңдауына қарай топтарға бөлініп отырады.
II. Жаңа сабақ
Өлең: «Сырғанақ»
Қар жамылды күллі алап,
Жүрмедік біз құр қарап.
Бір топ бала бірлесіп,
Жасап алдық сырғанақ.
Е. Елубай
Жұмбақ-өлең
Аяз беттен өбеді,
Ай барады жылыстап.
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Бұл қай мезгіл екенін
Кім біледі, қане, тап!
Оқушылар жауап береді, қыс мезгілінің белгілерін атайды.
III. Ой бөлісу
Сурет пен тәжірибеге сүйене отырып, қыс туралы ойымызды ортаға саламыз.
1) Айырмашылығы
Қыс мезгілі басқа жыл мезгілдерінен несімен ерекшеленеді?
2) Киім
Қыста адамдар қалай киінеді? Неліктен жылы киіну қажет?
3) Қызығы
Қыс мезгілі «қызық» деп неге айтылады? Қандай ойындар ойналады?
«Қыс қызығы» — сурет бойынша әңгіме
Балалар суреттегі әрекеттерді сипаттайды: шанамен сырғанау, шаңғы тебу, коньки тебу, аққала жасау, қар атысу. Әр оқушы сөйлем құрап, қыс көрінісін өз сөздерімен әңгімелейді.
Сергіту сәті
Қыс қызығын тойлаймыз,
Суықтан еш тоңбаймыз.
Шаңғыменен сырғанап,
Қар атысып ойнаймыз.
Аққала да жасаймыз,
Қарды ойып қашаймыз.
Бет пен қолды уқалап,
Қуанышқа батамыз.
Ойын: «Кім жылдам?»
Тапсырма
Әр топ өздері таңдаған суреттегі қысқы ойынға қажетті заттарды тауып, бояйды. Жұмыс барысында бір-біріне көмектесіп, ұқыптылық сақтайды.
Бағалау өлшемдері
- Жылдамдық және ұйымшылдық
- Түстерді дұрыс таңдау, ұқыпты бояу
- Қысқы ойын түрін дәл сәйкестендіру
Үй тапсырмасы
- 1 «Қыс қызығы» тақырыбындағы суретті бояу.
- 2 «Сырғанақ» өлеңін жаттап келу.
Өлеңді қайталау: «Сырғанақ»
Қар жамылды күллі алап,
Жүрмедік біз құр қарап.
Бір топ бала бірлесіп,
Жасап алдық сырғанақ.
Қорытындылау
Кері байланыс
Сабақ ұнады ма?
Көзқарас
Қыс мезгілін ұнатасыңдар ма?
Қолдану
Қыс кезінде қандай ойын түрлерін ойнауға болады?
Жарайсыңдар!
Таза ауа жұтып, серуендеп, демалайық.