Өмірде бақыттысың денің сауда

Іс-шараның мазмұны

Тақырыбы

«Салауатты өмір салтын қолдаймыз»

Көрнекілік

Сурет салынған плакаттар.

Бұл сценарий оқушылар мен ұстаздарға арналған тәрбиелік іс-шараның құрылымын ұсынады: зиянды әдеттердің зардабын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, өнер нөмірлері мен интерактив арқылы ой салу.

Кіріспе сөз

1-жүргізуші

Армысыздар, ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші

Бармысыздар, жадыраған жас достар!

Бүгінгі «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Ой қозғайтын мысалдар

Дәрігер Боткиннің өкініші

Әйгілі дәрігер Боткин 57 жасында дүниеден өтер алдында: «Егер мен темекі тартпасам, әлі де ұзақ өмір сүрер едім», — деп өкініш білдірген екен.

Сократтың жауабы

Бірде Сократтан: «Адамға өмірде не қымбат: байлық па, әлде атақ па?» — деп сұрағанда, ол: «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей — ауру патшадан бақыттырақ», — деп жауап берген екен.

Келесі кезекті бейнероликке береміз.

Өнер арқылы үндеу

1-жүргізуші (өлең)

Шылым шекпе, шылым шекпе,
Шіриді өкпең, денең уланып.
Аузың суланып, терің қуарып,
Жанарың суалып, басың айналып.
Бармағың сарғайып, жүзіңнен нәр тайып,
Кетесің қартайып...

Ән

«Қазақ жастары» — орындайтын: Серік, Диана.

2-жүргізуші (өлеңге кіріспе)

Әуес болып шылымға, қылыққа жаман ұрынба.
Жамандық саған жабысып, ісің кетер құрдымға.

Келесі кезекте арақ, насыбай, темекінің адам өміріне зияны және салауатты өмірді қолдау мақсатындағы өлең шумақтарын тыңдаймыз.

Өлең шумағы 1

Сәлем, достар! Аманбысың, темекі-жан, шоқ түтін,
Өкпелерге өкпелеген көк түтін.
Зияндысың адамның миы мен басына-ай,
Аманбысың, аса сасық насыбай!

Пайдасы жоқ, зияны көп әдетімді алыппын,
Бір шетінде көрсетпейсің жарықтың.
Мұсылманның миын жеген хараммын,
Мұсылман боп мені бүгін осылай
Сендер қалай темекі мен насыбай?!

Өлең шумағы 2

Сәлем, достар! Көк түтінмен бірге арсыз арағым,
Жамандыққа «жұмысшы» боп жарадым.
Насыбайдан, сасық әдеттен бір сәлем,
Тұрғынымын «науқас» деген қаланың.

Шығу тегім «тышқан» деген қаладан,
Міндетім тек денсаулықты кірлету.
Бұл өмірде маған мұқтаж сан адам...

Өлең шумағы 3

Сәлем, достым! Аманбысың, пайдасы жоқ қарағым,
Жамандыққа сен қашанда жарадың,
Шайтандарға бас идірген талайды.

Мәртебесіз, аса арсыз арағым,
«Арақ» сендей шайтан елденмін.
Адамдардың денсаулығын ластаған —
Иә, менің зияндығым аз емес.
Менімен дос пенделерің мәз емес.

Осы кезде ортаға «Салауатты өмір салты» бейнесі шығады.

Салауатты өмір салтының үндеуі

Өлең шумағы 4

Салауатты өмір салтын қолдайық,
Болашаққа жақсы қадам бастайық.
Өмірдегі басты құндылық —
Бірінші байлық денсаулықты сақтайық!

Т. Рысқұлов мектебінің жастары
Бүгін тамаша іс бастады:
Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Қонақтарға сөз

1-жүргізуші

Уа, халайық, назар аударайық денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың, денің сау болса.
«Денсаулық — терең байлық» деген сөзді
Құр айтпаған ұлы ойшыл данамыз да.

Ендігі кезекте мектебімізге қонаққа келген әртүрлі маман иелеріне сөз береміз.

2-жүргізуші

Ниетің де, тілегің де, ойың да
Сұлу болсын, таза болсын бойың да.
Адал еңбек сені алға бастасын,
Жеңіл пайда, жеңіл жолға бой ұрма.

Келесі кезекте сөзжұмбақ шешуге кезек береміз.

Қимыл, серпін, көңіл күй

1-жүргізуші

Салауатты өмір салтын қолдайық,
Жаман әдеттен әрқашан аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей, жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық.

Келесі кезекті биге береміз: флешмоб би орындалады.

Қорытынды

2-жүргізуші

Оқушылар мен ұстаздарға айтарымыз бір тілек:
Берекелі заман болсын,
Балаларымыз аман болсын.

Қорытынды ән

«Отан» — орындайтын: Сақыбек Бекзат.

Аман-сау болыңыздар!