Жаңа жыл құтты болсын ағайын
Ертеңгілік іс-шара туралы
Тақырыбы: «Кел, Жаңа жыл, төрле!»
Мақсаты: ертегі кейіпкерлерімен бірге Жаңа жылды қарсы алуға арналған мерекелік кеш ұйымдастыру.
Сценарий желісі
Бұл кеште жүргізушілер — Қарша қыз бен Бауырсақ. Оларға Сиқыршы, Аяз ата, Ақшақар, сондай-ақ басқа да ертегі кейіпкерлері қосылады.
Жүргізуші (Қарша қыз) ашылу сөзі
Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді,
Болмайды той-думанның кеші мұңды.
Жаратқан түгел қылып берсін сенің,
Бақыт пен ырысыңды, несібеңді!
Сиқыршының келуі
Сиқыршы: «Мен жаңа жылдың шыршасын қатырып қойдым. Мені Жаңа жыл кешіне ешкім шақырған жоқ. Менсіз шыршаның шамы жанбайды!»
Қарша қыз: «Сиқыршы, сені іздеп жүр едім. Сенсіз Жаңа жыл кешін бастамаймыз. Кел, бізбен бірге тойлайық.»
Сиқыршы: «Әрине, қатысамын. Кәне, дос боламыз ба?»
Қарша қыз: «Әрине!» (Сиқыршымен құшақтасып, татуласады.)
Көрініс
Ертегі кейіпкерлерінің биі.
Құттықтау және тілектер
Жүргізуші (Бауырсақ): «Құрметті бүлдіршіндер, ұстаздар, ата-аналар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Қой жылы әр шаңыраққа ырыс-береке, елімізге бейбітшілік пен келісім әкелсін. Баршаңызға зор денсаулық, жарқын болашақ тілейміз.»
Жүргізуші: «Асанәлі балабақшасының меңгерушісі Асел Қаржауқызына Жаңа жылға арналған құттықтау сөз беріледі.»
Өлең жолдары
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Аяз ата мен Ақшақарды шақыру
Хормен шақыру:
«А-я-з а-т-а! А-қ-ша-қ-а-р!»
Аяз атаның сөзі
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы, жолға шығар келді уақыт.
Жаңа жылдың түнінде, жасыл шырша түбінде,
Кездессем деп сендермен, таратсам екен сыйлықтар.
Қуаныш сыйлау балаға — одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Шыршаны жарқырату (3 рет)
«Қуант бізді, таңырқат, шамдарыңды жарқырат!»
Балалар қол шапалақтайды, шырша шамдары жанады.
Ән: «Шырша жыры» (хор)
Дала аппақ жапалақтап, қар жауады тынбастан.
Қалың орман қар жамылған, маужырайды түнгі аспан.
О, алақай! Аяз атай келе жатыр алыстан.
Кәне, достым, әнге қосыл, қалыспа.
Қол ұстасып, құшақтасып, үйренейік жаңа жыр:
Құтты болсын, құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!
Ақшақардың келуі және ойын
Ақшақар: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!»
Ақшақар: «Мен бір ойын білемін. Үйретейін сендерге: мен бастаймын, сендер аяқтайсыңдар. Хормен жауап беріңдер!»
Бастамасы: «Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр…»
Балалардың тақпақтары
Жүсіп
Жасыл шырша жанында, билеп барлық бала жүр.
Досхан
Басында әсем жұлдызы, көз тоймайды қараса.
Дәурен
Дала нұр, қала нұр, құтты болсын Жаңа жыл.
Керей
Жаңа жыл, Жаңа жыл, төгілсін жаңа нұр.
Тамирлан
Келді алыс сапардан, Аяз ата оранып.
Шоқан
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Рустамбек
Құтты болсын, келген жаңа жылымыз.
Өркен
Алақай! Тамаша, Жаңа жыл келді.
Дулат
Әдемілеп біз ілген, ойыншықтар тізілген. Қандай жақсы шыршамыз, ән шырқайық бәріміз.
Бекзат
Алақай! Жаңа жыл келді.
Көрініс
Ұлдардың биі: «Аққала».
Ескі жыл мен Жаңа жыл
Ескі жыл (Жылқы жылы) балалармен қоштасады. Жаңа жыл (Қой жылы) елге, халыққа аманат тапсырып, мерекені жалғастырады.
Жаңа жыл
«Кім десеңдер, мен — Жаңа жылмын, Қой жылымын! Сендерге үлкен табыс, мықты денсаулық ала келдім.»
Ортақ би және ойын
Қарша қыз:
Ау, жарандар, ал қараңдар,
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Ата-аналармен бірге: Гном мен Қарша қыз ортаға шар алып шығады. Екі адам «дос болып» билеп, шарды жарады; ішіндегі сұраққа жауап береді.
Келесі тақпақтар
Бибімариям
Жаңа жыл келді, Жаңа жыл аппақ.
Айкөркем
Әдемілеп біз ілген, ойыншықтар тізілген.
Інжу
Қандай жақсы шыршамыз, ән шырқайық баршамыз.
Ақнұр
Тамаша, тамаша, шыршамыз тұр жараса.
Аягөз
Келді міне, Жаңа жыл!
Әдемі
Ән саламыз, би билеп, жырдан шашу төгілді.
Интерактив
Клаун мен Бауырсақ ата-аналармен бірге өнер көрсетеді. Ақшақар ата-аналарға жұмбақ жасырады.
Жаңа жылға арналған тілектер
Жүргізуші (Бауырсақ):
Жаңа жыл, жаңа жыл, жаңалық ізде сен.
Жаңа ән, жаңа жыр жазып бер бізге сен.
Бүлдіршінді ауыртпай, денсаулық бергейсің!
Еркеназ
Бүгін біздің Жаңа жыл, қандай қызық, көңілді.
Шахназ
Аяз ата жол салып, ақ боранмен алысқан.
Арайлым
Балаларға базарлық, алып келді алыстан.
Аяулым
Аппақ тонға оранып, базарлықты мол алып.
Жания
Жаңа жылды біз тойлап, шаттанамыз бәріміз.
Нұрайна
Аяз ата аппақ, сыйлығы тәтті-ақ.
Көрініс
Би: «Ақшақарлар».
Ағлен
Жасыл желек жамылған, асыл моншақ тағылған. Міне, сұлу шыршамыз — көптен күткен, сағынған.
Салтанат
Жүзімізге күлкі ойнап, қанаттанды жанымыз. Жаңа жылды біз тойлап, шаттанамыз бәріміз.
Кәусар
Жаңа жылда бар тілде жаңа жырға балайды. Жаңа жылға әркім де жақсы үмітпен қарайды.
Сыйлық тарату
Аяз ата балаларға сыйлықтарын таратады.
Қорытынды бөлім
Жүргізуші (Қарша қыз): «Құрметті ата-аналар, Жаңа жыл кешіне арналған құттықтау сөз ата-аналар төрайымы Майгүл апайға беріледі.»
Бүлдіршіндеріміз аман болсын, көбейе берсін.
Алла тағала жылдан-жылға аман-есен жеткізе берсін!
Баршаңызға мықты денсаулық, берекелі байлық тілеймін.
Жаңа бастаған істеріңіз оңынан шешіліп, қуаныштарыңыз арта берсін.
Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!
Жүргізуші (Бауырсақ): «Көңіл бөліп келгендеріңізге рахмет! Бүлдіршіндеріміздің дені сау болсын! Қош сау болыңыздар!»