Тері сөзіне ассосация құру
Ақтөбе қаласы, №55 ЖОББМ
Биология пәнінің мұғалімі: Медетова Мейрамгүл Акимбаевна
Сабақ тақырыбы
Тері: құрылысы, қызметі және гигиенасы.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға тері, оның құрылысы, маңызы және гигиенасы туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды тазалыққа баулу, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Теориялық білімді практикамен байланыстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру + белсендіруОқушыларға сигналдық белгілер және бағалау парағы таратылады.
Үй тапсырмасын сұрау (Кубизм әдісі)
- Зерттеңіз: сыртқа шығару жүйесінің бөлімдері.
- Суреттеңіз: бүйректің құрылысын бейнелеу.
- Салыстырыңыз: бүйрек ауруларын тыныс алу жүйесі ауруларымен салыстыру.
- Ассоциация: «Бүйрек» сөзіне ассоциация құру.
Миға шабуыл
«Тері» сөзіне ассоциация құру.
II. Мағынаны тану
JIGSAWЖИГСО әдісі қолданылады. Оқушылар 1, 2, 3, 4 деп санап, «жанұялық топтан» «эксперттік топқа» ауысады. Эксперттік топта тақырыпты меңгерген соң қайтадан бастапқы топтарына оралып, кластер құрастырып жұмыс жүргізеді.
Эксперттік топтар тақырыптары
- 1-топ: терінің құрылысы.
- 2-топ: терінің маңызы.
- 3-топ: шаш және оның гигиенасы.
- 4-топ: терінің гигиенасы.
III. Ой толғаныс
5 минутОқушылар «Теріні күте білеміз бе?» тақырыбында 5 минуттық эссе жазады.
IV. Зертханалық жұмыс
ПрактикаТақырып
Бет терісінің типін анықтау.
Құрал-жабдықтар
Қағаз салфеткалар.
Нәтиже
Терінің типін анықтап, күтім ережелерін талқылау.
Жұмыс барысы
-
Тері тесіктерінің (шұрықтардың) мөлшерін бағалаңыз:
- тесіктер байқалмайды;
- тесіктер үлкен, апельсин қабығына ұқсайды.
- Қағаз салфетканы беттің әр аймағына жақындатып, жеңіл басыңыз. Қай жерде дақтың (майдың) ізі көбірек қалғанын бақылаңыз.
-
Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Бетіңіздің қай бөлігі терінің қай типіне жатады?
- Майлы, құрғақ және қалыпты теріні күту ережелері қандай?
- Қорытынды жасаңыз.
V. Үй тапсырмасы
Мәнжазба (реферат) жазу: «Дәрілік өсімдіктерді косметикада пайдалану».
VI. Бағалау
Бағалау парағы негізінде оқушылардың жұмысы қорытындыланады.