Үйрендім білім ғылымды, Табиғатыңнан киелім
Қысқы ертегі
Кіп-кішкентай құмырсқа ақ қарды көргісі келіп, илеуінен шығып, даланы тамашалайды.
Ертегі
Кіп-кішкентай құмырсқа ақ қарды көргісі келіп, илеуінен шықты.
Даланы тамашалап, жан-жағына қарады.
Ақ мамыққа оранған дала қандай тамаша — құмырсқаны ерекше қызықтырды.
Бірақ аяз аяғын шымшып, суық қысып, сұлулыққа тамсанған құмырсқаны жауратып жіберді.
Илеуіне оралған соң:
«Ғажайып бір әлемде болып келдім, бауырлар!» — деп, достарын таңғалдырды.
«Мерейлі Меркім» — арнау
Туған жерге деген құрмет пен жауапкершілікті айқындайтын жүрекжарды жолдар.
Мерейлі Меркім — мекенім,
Өзіңде өсіп келемін.
Үйрендім білім-ғылымды,
Табиғатыңнан киелім!
Ұлылығыңа өзіңнің,
Басымды мәңгі иемін.
Бабадан қалған мұраға,
Иелік етіп өтемін!