Теңгенің шығу тарихыСабақтың білімділік мақсаты

Сабақтың тақырыбы

Теңгенің шығу тарихы

Білімділік мақсаты

Оқушыларға еліміздің экономикасы, ұлттық валютасы және оның шығу тарихы туралы жүйелі мәлімет беру арқылы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық мақсаты

Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, ақпарат құралдарының деректерін пайдалану арқылы ой-өрісті дамыту және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты

Туған жерге, елге сүйіспеншілікті арттыру, еліміздің өркендеуіне үлес қосуға ынталандыру, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеу, патриоттық сезімді ояту.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Аралас
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, баяндау, талдау, жинақтау, иллюстрация, ойын

Көрнекілік және жабдық

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Компьютер

Пәнаралық байланыс

  • Қазақстан тарихы
  • Дүниежүзі тарихы
  • География

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сабаққа дайындықты тексеру, сыныптың назарын сабақ тақырыбы мен мақсаттарына бағыттау.

II. Үй тапсырмасын пысықтау: «Мемлекеттің экономикадағы рөлі»

Үй тапсырмасын пысықтау үшін 2 ақпанда әлем елдерінде қандай айтулы мерекелер өтетінін еске түсіріп, «Әлемдегі айтулы мерекелер» ойынын ұйымдастыру ұсынылады. Одан кейін үй тапсырмасына қатысты сұрақтарға жауап беріледі.

Сұрақтар

  • Мемлекет экономикада қандай қызметтер атқарады?
  • Дж. Мейнард Кейнс теориясының мәні неде?
  • Нарықтық экономиканы қорғау үшін мемлекет қандай заңдар қабылдайды?
  • Экономика саласындағы үкіметтің әрекеті қандай бағыттармен көрінеді?
  • Адам Смит теориясының мәні неде?
  • Үкіметтің бәсекені қолдау және қорғау жолдары қандай?

III. Жаңа сабақты меңгеру

Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялағаннан кейін экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени салаларды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстарды бастады. Экономикалық бағытта реформалар қабылданып, жоспарлы-әміршілдік жүйеден нарықтық экономикаға көшу үдерісі жүрді.

Тәуелсіз мемлекеттің маңызды рәміздерінің бірі — ұлттық валюта. Осыған байланысты 1992 жылғы 12 қаңтарда Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен ұлттық валютаны әзірлеу жұмыстары басталды.

Түсіндіру жұмыстарының негізгі бағыттары

Атау

Ұлттық валютаның «Теңге» деп аталу себептері.

Дизайн

Теңгенің сыртқы бейнесін әзірлеу және мазмұндық шешімдері.

Институт

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің рөлі мен қызметі.

1993 жылғы 15 қараша

Теңгенің айналымға енгізілуі және әрбір номиналдың ерекшеліктері.

2006 жылғы 15 қараша

Жаңартылған дизайндағы банкноттар және олардың ерекшелігі.

Мерейтойлық банкноттар

Ескерткіш және мерейтойлық шығарылымдар, олардың маңызы.

Теңге — тәуелсіз әрі егемен Қазақстанның айрықша рәмізі. Ол — өткеніміздің айғағы, бүгініміздің дәлелі және жарқын болашағымызға сенімнің кепілі.

Алдағы уақытта ұлттық валюта — теңгенің әлемдік нарықтағы құны артып, доллар, еуро, иена сияқты жетекші валюталар қатарынан көрінуіне сенім білдірейік.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Бекіту кезеңінде «Қазақстан аумағындағы ақшалар» ойыны ұйымдастырылады. Оқушылар жаңа тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы тақтадан теңге айналымға енгенге дейін Қазақстан аумағында қолданылған ақша түрлерінің суреттерін кезең-кезеңімен толық көре алады.

Сұрақтар

  • Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңге алғаш рет қашан айналымға енгізілді?
  • Ұлттық валюта теңгенің дизайнын кімдер жасады?
  • Неліктен «теңге» атауы таңдалды?
  • Теңгенің алғашқы айналымында қандай номиналдар шықты? Банкноттарда кімдер бейнеленді?
  • Қазіргі айналымдағы банкноттар қашан енгізілді? Олардың негізгі ерекшелігі неде?
  • Қандай мерейтойлық және ескерткіш банкноттар мен монеталарды білесіңдер?

V. Қорытындылау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың жетістіктері мен назар аударуды қажет ететін тұстарын талдау, бағалау жүргізу.

VI. Үй тапсырмасы

  • «Теңгенің шығу тарихы» тақырыбын конспект бойынша қайталау.
  • «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңге» тақырыбында мәнжазба жазу.