Ата Заңым мемлекет айбыны Ата Заңым асыл ойдың айдыны Туған жердің - Қазақстан елінің Ата Заңмен қорғалады байлығы
Қазақстанды әлем таныған күн
«Менің Қазақстанымды әлем таниды!» — бұл сөз елге деген сүйіспеншілікті оятатын, тәуелсіздіктің қадірін терең түсіндіретін ұстаным. Тәрбие сағаты Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуден басталады: Әнұран орындалады.
Мұғалімнің сөзінен
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен —
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Отан — кең мағыналы, қасиетті ұғым
Қазақстан — табиғаты бай, көркі көз тоймайтын өлке: асқар таулар, айдын көлдер, жайыла аққан өзендер мен қалың ормандар Алтайдан Атырауға, Ақжайықтан Алатауға дейін созылып жатыр. Халқымыз «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған: әр адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы — оның өміріндегі ең ыстық ұғым, рухани тірегі.
Отанды сүйіп, аялау үшін туған жерімізді, мемлекетімізді, тарихымызды — өткені мен бүгінін жақсы білуіміз қажет.
Сұрақ-жауап
- 30 тамыз:
- 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған күн.
- Ата Заң:
- 98 баптан тұрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды.
Конституция туралы шумақ
Ата Заңым — бабалардың лебізі,
Ата Заңым — барлық заңның негізі.
Арқа сүйер Ата заңда адамды,
Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.
Ата Заңым — мемлекет айбыны,
Ата Заңым — асыл ойдың айдыны.
Туған жердің — Қазақстан елінің
Ата Заңмен қорғалады байлығы.
Балалардың ойы: Отан деген не?
Отан — өз үйің, ата-анаң, достарың, бауырың; туған өлкеңнің тау-тасы, өзені мен көлі. Қазақ елінде тұратын әр адамның Отаны — Қазақстан Республикасы.
Оқушылардың шумақтары
1-оқушы
Туған жер — алтын таң,
Кең далам, таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз,
Бақытты ұлы Отан.
2-оқушы
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен —
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
3-оқушы
Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Ән: «Менің Қазақстаным»
Тәуелсіздік: тарих пен тағылым
Бүгінгі Қазақстан — қашанда мақтанышымыз. Жылдар өте еліміз көркейіп, гүлденіп, өзге мемлекеттермен терезесі тең болып, болашаққа нық қадам басты.
Маңызды даталар мен рәміздер
- 1991 жылғы 16 желтоқсан — Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
- Мемлекеттік рәміздер қабылданды: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Тәуелсіздік туралы оқушылар жырынан
4-оқушы
Қазақстан Республикасының болашағы — елім, жерім,
Ата-бабам күрескен, кіндік қаным тамған туған жерім.
5-оқушы
Жарқырап нұрын төгіп көгінде күн,
Жұлдызың жарқырайды бүгін сенің.
Тәуелсіздік мерекең құтты болсын,
Қазақстан Республикам — елім менің!
6-оқушы
Егеменді, ерікті ел екенбіз,
Жылдан-жылға дамыған берекеміз.
Бостандықтың таңы атқалы талай жыл өтті,
Халайық, құтты болсын мерекеміз.
7-оқушы
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың
Тәуелсіздігіміздің келешегі жолында жүзеге асырып жатқан
игі бастамаларын қолдаймыз.
8-оқушы
Жарқырап нұрын төгіп көгінде күн,
Жұлдызың жарқырайды бүгін сенің.
Тәуелсіздік мерекең құтты болсын,
Қазақстан Республикам — менің елім!
Елорда және ел тарихындағы сабақтастық
Сұрақ-жауап: Елдің аты, жердің байлығы, астана
- Республикамыз:
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақ жері:
- Өте бай әрі кең.
- Астанасы:
- Астана қаласы.
- Бұрынғы астаналар:
- Орынбор, Қызылорда, Алматы.
Елорда күннен-күнге жаңарып, көркейіп келеді: жаңа тұрғын үйлер, зәулім ғимараттар, гүлзарлар мен фонтандар, әсем ескерткіштер бой көтерді.
Қорытынды
«Менің Қазақстанымды әлем таниды!» деген ойдың мәнін терең түсіну — әрқайсымыз үшін маңызды. Ел алдындағы және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Ерінбей, жалықпай білім алыңдар: ел болашағы — сендердің қолдарыңда.
Ән: «Атамекен»