Терезешедегі сұрақтар
Сабақтың тақырыбы
Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары мен маңызы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға қазақ халқының Ресей империясы құрамына қосылуының салдары мен маңызын түсіндіру, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық
Оқулық мәтінімен өздігінен жұмыс істеу, салыстырмалы талдау жасау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі
- Карта
- Текше мен «терезеше»
- «Таза тақта» ойыны
- Жылдар кестесі
- Интерактивті тақта
- Оқулық
Әдісі мен түрі
- Әдісі
- Сұрақ-жауап
- Сабақтың түрі
- Зерттеу сабағы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру және зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Таза тақта» ойыны арқылы сұрау.
Негізгі деректер мен ұғымдар
П. П. Семенов-Тяньшанский
Верный бекінісін зерттеген.
Іле
1855 жылы салынған бекіністің атауы.
400
Қоныстанған отбасы саны.
470
Солдаттар саны.
Алматы
Верный бекінісінің қазіргі атауы.
Перемышельский
Ұлы жүз приставының майоры, Верный бекінісін салушы.
XIX ғасырдың 50-жылдары
Верный бекінісі Қазақстанның оңтүстік аудандарының Ресейге қосылуын жеделдетті.
XIX ғасырдың 60-жылдары
Ш. Уәлиханов Верныйда тұрған.
1857 жыл
Су диірмені салынды.
1855 жыл
Қырғыздың Бұғы руы Ресей билігін мойындады.
III. Жаңа сабақ
Жаңа тақырыпты зерттеу тәсілімен меңгереміз.
- 1 Сабақ жоспарын жазу: «Жылдар сөйлейді» тәсілі бойынша оқулықтағы жылдарды ретімен тізбектеу.
- 2 Материалды «тарихи сынақ хат» арқылы қорытындылау.
IV. Бекіту
Текше лақтыру әдісі арқылы «терезешедегі» сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасаймыз.
«Терезеше» сұрақтары
- Қазақтар неше жүзге бөлінді (көрсет)?
- Қазақстанның Ресейге қосылу себептері қандай?
- Бұқар хандығы мен Хиуа хандықтарының жерлері қай өңірлерді қамтыды?
- Қазақтар Ресей қол астында шамамен қанша жыл болды?
- Ресейдің қазақ жерін отарлаудағы негізгі себептері қандай?
- Қазақтарға қыспақ көрсеткен елдер мен хандықтарды ата.
Бағалау
Оқушылардың жинаған жұлдызшаларын санап, қорытынды баға қойылады.
VI. Үй тапсырмасы
- §20 оқу, мазмұндау.
- Жылдар мен оқиғаларды дәптерге конспектілеу.