Өтілген тақырыпты қайталау
Рационал сандарды көбейту және бөлу
Бұл сабақта рационал сандарды көбейту және бөлу ережелері ұлттық ойындармен байланыстырылып, тапсырмалар арқылы бекітіледі. Негізгі мақсат — оқушылардың есеп шығару дағдыларын жүйелеу, дәл жауап беруге үйрету және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың мақсаттары
- Білімділік: рационал сандарды көбейту және бөлу ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдануға дағдыландыру.
- Тәрбиелік: қайталау барысында есепті дұрыс орындауға және нақты жауап беруге тәрбиелеу.
- Дамытушылық: ұлттық ойын элементтері арқылы білім мен дағдыларды жетілдіру.
Ұйымдастыру және әдістемелік бөлім
Сабақтың түрі
Ойын-сабақ
Сабақтың типі
Өткен тақырыпты қайталау
Сабақтың әдістері
Сұрақ–жауап, түсіндіру, іздендіру.
Көрнекіліктер
Ұлттық ойындар: Қыз қуу, Теңге алу, Көкпар, Бәйге, Алтын сақа; формулалар; кеспе қағаздар (жігіт, қыз, тұлпар, теңге бейнесінде).
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қайталау • ЖинақтауСабақ ұлттық ойындар логикасымен кезең-кезеңімен ұйымдастырылады: әр ойын — жеке тапсырма блогы.
а) «Қыз қуу»
Үй тапсырмасы дәптер бойынша жеке-жеке жауап арқылы тексеріледі. Жауаптар слайд арқылы салыстырылады. №576
ә) «Алтыбақан»
Өтілген тақырыпты қайталау: бір ұл, бір қыз шығып, үлестірме қағаздар бойынша жауап береді.
Қайталау сұрақтары
- Таңбалары бірдей сандар көбейтілсе, көбейтінді қандай сан болады?
- Таңбалары әр түрлі сандар көбейтілсе, көбейтінді қандай сан болады?
- Төрт теріс санды көбейтсе, көбейтінді қандай сан болады?
- Бес теріс санды көбейтсе, көбейтінді қандай сан болады?
б) «Бәйге»
Оқушылар тақтаға шығып, жарыса есеп шығарады (3 оқушы). №584 — көбейтінді мен бөліндіні табыңдар.
в) «Көкпар»
Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін қолданып есептеңдер: (a + b) · c = ac + bc. №586
г) «Теңге алу»
Қорапшада қағаздан қиылған дөңгелек «тиындар» болады. Әр тиынның сыртында сұрақ жазылған. Әр топтан кезекпен оқушылар шығып, формулаларды түсіндіреді.
Таңбалар ережесі (көбейту)
Тапсырма
№587 — өрнектерді ықшамдаңдар.
ғ) «Аударыспақ»
Оқулықтағы B тобы бойынша есеп орындау: №590.
д) «Мергендер» (өздік жұмыс)
1-нұсқа
№593 (тақ), №572
2-нұсқа
№593 (жұп), №588
е) «Асық ойыны»
Дорбадан асық алу арқылы деңгейлік тапсырмалар орындалады. №600 — есептерді тақтаға шығарып жарысу. №523 — теңдеуді шешу (түсіндіру арқылы).
IV. Бекіту кезеңі
Қорытынды сұрақтар
- Рационал сандарды көбейту ережесін тұжырымдаңдар.
- Рационал сандарды бөлу ережесін тұжырымдаңдар.
«Кім жылдам?» сөзжұмбақ-тапсырмасы
Көбейту және бөлу тақырыбы бойынша таңбалар ережесін қайталап, қорытынды жасаймыз. Енді тақтадағы мысалдарды шығарып, жауаптарына сәйкес әріптерді ретімен оқыңдар. Сонда бір сөз шығады. Кім жылдам табады?
Мысалдар
Жауаптар қатары
−10; 5; −42; 6; 99; 200; −13; −0,4; −0,2; −7; 10; 2
Шыққан сөз: АЛДАМҰРАТОВА
VI. Бағалау
Оқушылардың жұмысы ойын кезеңдеріндегі белсенділігіне, есептердің дұрыс орындалуына және түсіндіру сапасына қарай бағаланады.
VII. Үй тапсырмасы
Қайталау
3-тарау ережелерін қайталау.
Есептер
№585, №599
Автор туралы
- Мұғалім
- Арғынбекова Жамал Мешитбаевна
- Мектеп
- Балқаш қаласы, Абай атындағы №2 лицей КММ