Абайдың әкесінің аты кім

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Ыбырай Алтынсарин — ағартушы, педагог.

Сабақтың типі мен түрі

  • Типі: жаңа білім беру
  • Түрі: аралас
  • Әдістері: сұрақ-жауап, ойын, баяндау

Көрнекіліктер

Слайд Сурет Сызба Карточка

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға қазақтың ірі ағартушысы, педагог әрі ғалым Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы және ағартушылық қызметі жөнінде мәлімет беру; білім қалыптастыру.

Дамытушылық

Ыбырай еңбектері туралы білімді тереңдету, танымдық көзқарасты нығайту, шығармашылық ізденісті жетілдіру.

Тәрбиелік

Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Оқушыларды түгендеу

II. Үй тапсырмасын қайталау

1) «Кім жылдам?» ойыны

  • Абайдың шын есімі кім?
  • Абай — ол кім?
  • Абайдың парасатты азамат болып қалыптасуына зор еңбек сіңірген кім?
  • Абай алғашқы білімін қай мектептен алды?
  • Он жасынан кімнің медресесінен дәріс ала бастады?

2) «Сыр сандық» ойыны (карточкалар)

1-карточка

  • Абай басқа балалардан несімен ерекшеленеді?
  • Абай шығыстың қай ақындарының шығармаларын оқиды?

2-карточка

  • Абай орыс тілін қай қалада жүріп үйренді?
  • Абай орыстың қай ақын-жазушыларының шығармаларын ана тіліне аударды?

3-карточка

  • Абай өлең жазумен нешінші жасында айналыса бастады?
  • Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

3) «Жылдар жырлайды» ойыны

1845 ж. 1883 ж. 1904 ж.

Бекіту сұрақтары

  1. Абай қандай таудың баурайында дүниеге келген?
  2. Абайдың шын есімі қандай?
  3. Науаи, Фирдоуси, Низами қай елдің ақын-жазушылары?
  4. Абайдың бір қырын атаңдар.
  5. Абайдың табиғат туралы бір өлеңін атаңдар.
  6. Абайдың әкесінің аты кім?

III. Жаңа білім: Ыбырай Алтынсарин

Сабақ жоспары

  • Ыбырай Алтынсарин
  • Хронологиялық кесте

Негізгі ұғымдар

Ағартушы Педагог Жазушы Ғалым Балалар әдебиетінің атасы

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай өңірінде дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылған Ыбырайды атасы Балғожа би тәрбиеледі.

1857 жылы ол Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. Осы оқу орнында орыс, араб, татар және парсы тілдерін жақсы меңгерді. Кейін атасы Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды.

1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етті. Сол кезеңдегі білім мен мәдениет орталықтары саналатын Петербург пен Қазан қалаларына барып, орыс ағартушыларының еңбектерімен және халыққа білім беру жүйесімен танысты. Осы тәжірибе негізінде қазақ балаларына арналған оқулықтар құрастыру ісіне белсене кірісті.

1879 жылы Ыбырай Алтынсарин Торғай облысындағы мектептердің инспекторы болып тағайындалды. Дәл осы жылы Орынбор қаласында оның тұңғыш қазақ тіліндегі оқулығы — «Қазақ хрестоматиясы» жарық көрді. Оқулыққа енгізілген өлеңдер мен әңгімелердің тәрбиелік және білімдік маңызы айрықша болды.

Ыбырай қазақ даласында алғашқылардың бірі болып қыз балаларды білімге тарту ісін көтерді.

1887 жылы Ырғызда жанында интернаты бар қыздарға арналған мектеп ашылды.

Ол 48 жасында өмірден ерте өтсе де, болашақ ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Ыбырай Алтынсариннің еңбегі қазақ халқының мәдени және рухани дамуына, озық өркениетке ұмтылуына зор ықпал етті.

IV. Бекіту: хронологиялық кесте

Жыл Оқиға
1841 Торғай өңірінде дүниеге келді.
1857 Орынбордағы мектепті алтын медальмен бітірді.
1864 Торғайда ашылған мектепте ұстаздық етті.
1879 Мектептер инспекторы болды; «Қазақ хрестоматиясы» жарық көрді.
1887 Ырғызда интернаты бар қыздар мектебі ашылды.

V. Қорытындылау және бағалау

Оқушылардың түсіну деңгейі сұрақ-жауап арқылы анықталып, жұмыс нәтижелері бағаланады.

Венн диаграммасы (ұсыныс)

Ерекшелігі

Абайға тән қырлар

Ұқсастығы

Ортақ құндылықтар мен идеялар

Ерекшелігі

Ыбырайға тән қырлар

VI. Үй тапсырмасы

  • Оқу: 37, 121–123-беттер
  • Реферат жазу